Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Әкімшілік құқық субъектілері



бет22/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
дәріс кешені (2)

Әкімшілік құқық субъектілері деп ҚР заңдарына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастарға қатысушы тұлғаларды айтамыз. Әкімшілік құқық субъектілері жеке және ұжымдық субъектілер болып екіге бөлінеді.
Әкімшілік құқықтың жеке субъектілеріне - ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар, лауазымды тұлғалар жатады.
Әкімшілік құқықтың ұжымдық субъектілеріне – ҚР Үкіметі, Министрліктер, агенттіктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, жергілікті өзін өзі басқару органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер кәсіпорындар және коммерциялық емес ұйымдар жатады.
Әкімшілік жауаптылық мемлекеттің құқық бұзушылыққа әсері болып табылады. Яғни мемлекет құқық бұзушыға белгілі бір мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауаптылықты Парламент, Президент, Үкімет тағайындауы мүмкін. Сонымен қатар өз аумағы шеңберінде жергілікті өкілді және атқарушы органдар да әкімшілік жауаптылық тағайындау туралы шешім шығара алады. Қазақстан Республикасының 1993 жылы 10-декабрьдегі «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» заңына сәйкес маслихат төмендегі мәселелер бойынша әкімшілік жауаптылық тағайындай алады:
- жер, су, тоғай, ресурстарын, табиғи құндылықтарды, тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау; қоғамдық орындарда сауда жасау, қоғамдық тәртіп, жол және өрт қауіпсіздігі, судағы қауіпсіздік, қоғамдық транспортты пайдалану тағы басқа.
Әкімшілік жаза дегеніміз - әкімшілік құқұқ бұзушылық жасаған адамға заңмен белгіленген тәртіппен мемлекеттің уәкілетті органы немесе лауазымды тұлға қолданатын мемлекеттік әсер ету шарасы. Әкімшілік жазалар құқық бұзушыға моральдық немесе материалдық әсер етуді көздейді.
Әкімшілік жазаның мақсаттары төмендегідей:
-әкімшілік заң нормасымен қарастырылған әрекеттер үшін тиісті жауаптылық шарасын тағайындау.
- әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамды заңды сақтау және құқық тәртібін құрметтеу рухында қайта тәрбиелеу.
-әкімшілік құқұқ бұзушылық жасаудан сақтандыру, алдын алу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет