Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері



бет25/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47
дәріс кешені (2)

е) Әкімшілік қамау.
Ерекше жағдайда ғана жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 15 тәулікке, ал төтенше жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда 30 тәулікке дейін Қазақстан Республикасы заңына сәйкес аудандық (қалалық) сот тағайындайды. Әкімшілік қамауға алу қатал жаза болып табылады және өзінің қоғамдық қауіптілігі бойынша қылмыспен шектесетін құқық бұзушылық үшін, қайталап жасалған не қасақана жасалған құқық бұзушылық үшін қолданылады.Бұл кінәліні қоғамнан оқшаулау, бас бостандығынан йыру болып табылады. Бұл жазаны өтеудің шарты өте қатал, қамауға алынған адамдар ішкі істер органдарының уақытша ұстайтын арнайы қабылдағыш бөлмелерінде немесе қамайтын үйлерде ұсталады. Қамауға алу мынадай құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған: бөтеннің мүлкін ұсақ түйектеп ұрлау, елді мекенде атыс қаруын ату, пиротехникалық қондырғыларды жару, қоғамдық орындарда мас күйінле келу, прокуратура, полиция, ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің нұсқауларын орындамау, т.б. Әкімшілік қамауға алу сотталғандық болып табылмайды және жұмыстан шығаруға негіз болмайды.
Кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, 12 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер, 1,2 топ мүгедектері әкімшілік қамауға тартылмайды. Әкімшілік қамау туралы қаулыны сот шығарады, және ішкі істер органы дереу орындауы тиіс. Әкімшілік қамау әкімшілік құқық бұзушылық қайталап жасалса және қылмысқа жақын әкімшілік құқықбұзушылық жасалса тағайындалады.
ж) Кәсіпкерлік қызметке қадағалау жасау.
Қосымша жаза ретінде бір жылға дейінге мерзімге тағайындалады. Азаматтардың, шаруашылық субъектісінің кәсіпкерлік қызметіне қадағалау жасау - өз өкілеттігі шеңберінде мұндай қызметті бақылауды жүзеге асыратын органның арызы бойынша тағайындалады.
Мұның мақсаты – азаматтарға, шаруашылық субъектісіне әр ай сайын өзінің қаржылық, шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруін қадағалау.
Бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасы заңдары негізінде өкілеттігі бойынша жұмыс атқарады, олар: мемлекеттік салық, санитарлық, ревизиялық инспекциялар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет