Дәріс кешені модуль. Азаматтық құқықтық міндеттемелер



Pdf көрінісі
бет3/28
Дата19.02.2022
өлшемі0.52 Mb.
#455563
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
дәріс АҚ ерекше бөлім

Әдебиеттер: Арнайы: 
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 30 тамыз 1995 жыл.өзгертулер мен 
толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 
1. 1994-ші жылғы 27 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Азаматтық 
кодексі. (Жалпы 
бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база 
«ЮРИСТ»,2020ж.. 
2. 1999 –ші жылғы 1-ші шілдедегі Қазақстан республикасының Азаматтық кодексі 
(Ерекше бөлім). өзгертулер мен толықтыруларымен бірге, эл.база «ЮРИСТ»,2020ж.. 
Қосымша: 
Сулейменов М.К. Басин Ю.Г. Гражданское право.,- Алматы 2011. 
3 Тақырып: Мердігерлік шартын құқықтық реттеу 
Түйінді сөздер: шарт, міндеттеме, борышқор, несие беруші, үшінші жақтар, 
мердігер, тапсырысшы т.б. 
Дәрістің мақсаты: Азаматтық құқықтағы мердігерлік шартының түрлері мен 
ерекшеліктерін анықтау, азаматтық құқықтығы мердігерлік шартының негізгі ережелерін 
саралау, шартындағы жалпы тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіру. 
Негізгі сұрақтар: 
Жұмысты орындауға бағытталған міндеттемелердің түсінігі және жүйесі. 
Мердігерлік шартының жалпы сипаттамасы. Мердігерлік шартын орындамаған және 
тиісінше орындамаған және орындамаған кездегі тараптардың жауапкершілігі. 
Мердігерлік шартының түрлік сипаттамасы. Күрделі құрылысқа мердігерлік шарты. 
Тұрмыстық мердігерлік шартының ерекшеліктері. 


Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері. Ғылыми 
зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің 
ерекшеліктері. 
Өтелмелі қызмет көрсету шарты,құқықтық ерекшеліктері, мердігерлік шартынан 
айырмашылығы. 
Тезис: 
Мердігерлік шарты бойынша бір тарап 
(
мердігер

екінші тараптың (тапсырыс берушінің) 
тапсырысы бойынша белгілі бір жұмысты орындауға және оның нәтижесін тапсырыс 
берушіге өткізуге, ал ол өз кезегінде жұмысты қабылдап алуға және ақысын төлеуге 
міндеттенеді. Мердігерлік шарты өнімді дайындауға не өңдеуден өткізуге (қайта өңдеуге) 
немесе жұмысты орындап, нәтижесін және осы нәтижені меншіктену құқығын тапсырыс 
берушіге табыстау үшін жасалады. Әдетте мердігерлік жұмыс мердігердің 
материалдарынан жасалады, соның күшімен және қаражатымен орындалады. 
Тапсырыс 
беруші мердігердің өз міндеттерін орындауға қосалқы мердігерлер деп аталатын басқа 
адамдарды тартуына рұқсат етуі мүмкін. Мұндайда мердігер бас мердігер рөлін атқарады. 
Мердігер 
қосалқы мердігердің міндеттемелерді орындамағаны не жеткіліксіз орындағаны 
үшін тапсырыс беруші алдында, ал тапсырыс берушінің міндеттемелерді орындамағаны не 
жеткіліксіз орындағаны үшін қосалқы мердігер алдында жауап береді.
Мердігерлік шартында мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы тәуекел былайша 
бөлінеді: Мердігерлік жұмысты орындаған кезде пайдаланылатын материалдардың, 
жабдықтардың және басқа да мүліктердің кездейсоқ зақымдануын оларды берген тараптар 
көтереді, ал жұмыс нәтижелерінің тапсырыс беруші қабылдап алғанға дейін кездейсоқ 
зақымдануын мердігер көтереді. Мердігерлік шартта жұмысты орындаудың басталуы мен 
аяқталу кезеңі міндетті түрде көрсетіледі, ал қажет болған жағдайда жұмыстың жекелеген 
кезеңдерінің аяқталу мерзімі (аралық мерзім) де көрсетіледі. Жұмыстың бағасы, әдетте 
Мердігерліктің сметасын жасау жолымен айқындалады, бұл орайда мердігердің үнемдеген 
қаржысы орындалған жұмыстың сапасына әсер етпейтін болса, оның өзінде қалады. 
Тапсырыс беруші Мердігерлік шартында көзделген мерзімде және тәртіппен мердігер 
орындаған жұмыстың нәтижесін қарап, қабылдауға, шарттан ауытқушылық байқалған 
жағдайда мұны мердігерге дереу хабарлауға міндетті. Жұмысты тексермей қабылдаған 
тапсырыс беруші жұмысты қабылдаған кезде бірден байқауға болатын кемістіктерді сылтау 
ету құқығынан айрылады. Егер Мердігерлік шартта басқаша көзделмеген болса, тапсырыс 
беруші жұмыс нәтижесін өткізгенге дейін шартты орындау-дан бас тартуына болады, 
мұндай жағдайда ол мердігерге жұмыстың орындалған бөлігінің ақысын Мердігерлік баға 
бойынша төлейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет