Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып


-тақырып. Нүкте, оның қойылатын орындары 1. Нүктенің сөйлемнің соңына қойылуы 2. Нүктенің басқа орындарда қойылуы 1



бет11/22
Дата24.12.2023
өлшемі312.5 Kb.
#487825
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
лекции по практикуму орфогр и пункт

8-тақырып. Нүкте, оның қойылатын орындары
1. Нүктенің сөйлемнің соңына қойылуы
2. Нүктенің басқа орындарда қойылуы


1. - Хабарлы сөйлемдерден кейін нүкте қойылады. Хабарлы сөйлемдер толымды, толымсыз, атаулы, жай, құрмалас болып келе береді: Жалма-жан тұра сала далаға шықсам, түс болып, күн ыси бастаған екен (Б.Майлин).
- Әрі қарай кең түрде баяндауды ескертетін сөйлемдерден кейін қос нүкте қойылмай, нүкте қойылады. Бұл баяндаудың өзі бірнеше сөйлемдерден құралады, көбінесе жаңа жолдан басталып жазылады:
Мен іркіліп қалдым. Оның себебі төмендегі еді.
Адамқұлды мен бірінші рет... көтерілістің алғашқы күндерінде көрдім (С.Мұқанов).
- Цифр не әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін нүкте, нүктелі үтір, кейде үтір қойылады. Нүкте қойылған жағдайда әрқайсысы бас әріптен басталып жазылады: Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады:

  1. Олардың концентрациялы ерітіндісі жануарлар мен өсімдіктер тканін бұзады.

  2. Сілтілер майларды сабынға айналдырады.

- Құрмаласқан жай сөйлемдердің алғашқылары сұраулы сөйлем болса, олардан кейін де, сөйлемнің ең соңына да сұрау белгісі қойылмайды, тұтас сөйлемнің типіне қарай нүкте, не леп белгісі қойылады: Бүгін қойды кеш сауып болған ба, немене, ымырт жабылып қалыпты (М.Әуезов).
- Бір нәрсені істеуді біреуден сұрауды, өтінуді білдіретін сөйлемдер сұраулы сөйлем болмайды. Олардан кейін көбінесе нүкте, кейде леп белгісі қойылады: Есікті жауып жіберші. (Есікті жауып жібердің бе?)
- Сөйлем ішінде ма (ме, ба, бе, па, пе) және соған жалғас деп (деген) сөздерімен келген сұрау мағыналы тіркестерден кейін сұрау белгісі қойылмайды, сөйлемнің соңына тұтас сол сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады: Абай Оспанды мерт бола ма деп қорықты (М.Әуезов).
- Бұйрық, тілек мәнді сөйлем екпінсіз айтылса, нүкте қойылады: – Сендер үйге бара беріңдер. Ол да үйге тез келсін.
2. - Қыстырма сөйлемді алу үшін ашылған жақшаның алдындағы сөйлем аяқталып, оған тиісті тыныс белгілерінің бірі қойылған болса, қыстырма сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте қойылады: Ендеше, егер рұқсат етсе, сонда түсейік. Бүгін ас ішетін жеріміз де жоқ. Жататын қуысы болса болады. (Итбайдың бұлай деуіне себеп – қызын көрейін дегендік еді.) (С.Мұқанов).
- Драмалық шығармаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін нүкте қойылады. Кейіпкердің атынан кейін ремарка (автордың түсіндірме сөздері) келсе, ол кіші әріппен жақша ішіне алынады да, нүкте жабылған жақшадан кейін қойылады: Амангелді (атып тұрып). Кешігіп қалыпсыз, мырза! (Ғ.Мүсірепов).
Сәуле. Перизат, сен байқайсың ба? (Ә.Әбішев).
- Кейіпкердің айтқан сөзіне тікелей қатысы жоқ, автордың түсінігі ретінде айтылған ремаркадан кейін, көбінесе, жақша ішіне нүкте қойылады: Мырқал. Інісі бар болсын! Менде Абзалдан басқа іні бар ма? (Телефон шырылдайды.) (Ә.Әбішев). Мұндайда нүкте жақшаның сыртына қойылуы да мүмкін.
- Дәйексөздің, келтірілген мысалдың қайдан екенін, иесін көрсететін сөздер жақшаға алынады. Егер ашылған жақшаның алдында ешқандай тыныс белгісі болмаса, жақша жабылған жерге нүкте қойылады: Қансонарда бүркітші шығады аңға (Абай). Егер ашылған жақшаның алдында нүкте, сұрау, леп белгілері не көп нүкте тұрса, нүкте жақшаның ішіне қойылуы мүмкін: Бұлақты таудан арна ақса, Теңіз болар аяғы. (Жамбыл).
- Бас әріптерінен не басқы буынынан шартты түрде қысқартылып алынған адам, кітап, газет, журнал, шығарма т.б. аттарының сол қысқартылған әрпінен не буынынан соң нүкте қойылады: Ә.Әбішев, М.Әуезов т.б.
- Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер қысқартылып қолданылғанда, олардан кейін нүкте қойылады: т.б., т.с., т.т. Бұлардан басқа ж. – жыл, ғ. – ғасыр т.б. қысқартулардан кейін нүкте қойылады. Ал бас әріптерден және буындардан қысқарған сөздердің әріптерінің не буындарының арасына, сондай-ақ ұзындық, көлем өлшемдерінің және басқаларының қысқартылып қолданылатын шартты белгілерінен кейін нүкте қойылмайды: ПМПИ, ауатком, км, см, га, л т.б.
- Санамалы нөмірді белгілейтін айшықсыз қолданылған цифр не әріптен кейін нүкте қойылады: Ш.Уәлиханов өзінің «Қарқаралы округі болысының қыстаулары» атты мақаласында кісі аттарынан қойылған микротопонимдерінің әрбір руға тәндігін айтқан.
1. Надан Тобықтының қыстаулары: Қошқар, Қазанқап сай, Көрпетай т.б.
2. Төлеңгіттер қыстауы: Төлебике сайы ...
- Цифрдан не оның орнына алынған әріптен кейін жарты жақша қойылса, одан кейін нүкте қойылмайды: Теңеу сөзге белгілі бір жұрнақтар қосылу немесе кейбір сөздердің тіркесуі арқылы жасалынады.
а) сөзге –дай, -дей... жұрнақтары жалғануы арқылы...
ә) сөзге –ша, -ше жұрнағы жалғануы арқылы...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет