Дәріс кешені павлодар Дәріс тақырыптарының мазмұны 1-тақырып


-тақырып. Сұрау белгісі және қойылатын орындары 1. Сұрау белгісінің сұраулы сөйлемдерден кейін қойылуы 1



бет12/22
Дата24.12.2023
өлшемі312.5 Kb.
#487825
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22
лекции по практикуму орфогр и пункт

9-тақырып. Сұрау белгісі және қойылатын орындары
1. Сұрау белгісінің сұраулы сөйлемдерден кейін қойылуы


1. Сұраулы сөйлемдерден кейін сұрау белгісі қойылады. Олар төмендегіше жасалады:
а) Ма, ме, ба, бе, па, пе сұраулық шылауларының қатысуы арқылы: Балалар пойыз осы ма?
ә) Сұрау есімдіктерінің қатысуы арқылы: – Күйігің не? О не деген сөзің? Сенде қандай күйік болушы еді?– деп, Мәкіш Абайға кінәлай да, сынай да қарады (М.Әуезов).
б) Ғой, ше шылауларының, шығар, болар, ә деген сөздердің және сұраулық интонацияның қатысуы арқылы: Балалар пойызы осы ғой, ә? Балалар пойызы осы шығар? Ғой, шығар, болар сөздері арқылы жасалған сөйлемдер сұраулы да, хабарлы да болуы мүмкін: Қарағым Қамқа, бүгін жұма ғой? – Қарағым Қамқа, бүгін жұма ғой.
- Кейде, көбінесе диалогтерде, сұраулы сөйлем контекске қарай таза интонациямен жасалады, бірақ бұл өте сирек кездеседі: – Бер деймін саған! – деді урядник, оппа қарға сүріне-қабына Амантайға жақындап.
Себеп? – деді Амантай, урядникке тізгінді бермей (С.Мұқанов).
- Құрмаласқан жай сөйлемдердің соңғысы сұраулы болса, сөйлем соңына сұрау белгісі қойылады: Біреу есік қаққандай болды, естисіз бе?
- Бірыңғай жеке сөздер не сөз тіркестері ерекше сұрау интонациясымен баса айтылса, олардың әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылады, сұрау белгісінен кейінгі сөз бас әріппен жазылады: Жел ме? Аттың жал-құйрығы ма? Жылан ба? Әйтеуір бірдемелер айнала ысылдайды. (С.Мұқанов).
- Жауап қайыруды тілейтін, таза сұраулық мәні бар, бірақ амандасқанда айтылатын толық сөйлемдерден кейін сұрау белгісі қойылады: – Е, Жұмеке, мал-жан, бала-шағаңыз түгел аман ба?

  • Шүкір аллаға, аман. Өз үй ішіңіз де есен бе түгел?

  • Тегіс есен.

Автор мәселенің талас я күдікті екендігін көрсетіп, оқушының назарын аударғысы келгенде, немесе бір пікірге келісе алмайтындығын білдіргенде, дәйексөздің ішінде белгілі бір сөзден не сөйлемнен кейін жақша ішіне алып не сұрау белгісін, не леп белгісін, не екеуін қатар қояды, кейде бір белгінің өзін екі-үш қайталап қояды. Бұл көбінесе, сын-библиографиялық шығармаларда кездеседі: Поэмадағы кейбір олақ құрылған сөз тізбектері мен әсерсіз шумақтарды да айтпай кетуге болмайды:
Еңбек – кеме, матрос – мен кемеде,
Оны сүймек сыбаға пешенеме (?!) (Қ.Шаңғытбаев «Ақын және өмір шындығы»).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет