Дәріс кешені Пән Клиникалык фармакология Код- кf 3219 Мамандығы- 051101 «Мейірбике ісі» Сағат саны- 45 (1 кредит)



бет18/36
Дата05.03.2024
өлшемі427 Kb.
#494437
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
лекц.комп.клин.фарм.СД-2-кур.каз

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы)

  1. Дәрілік заттардың қарт адамдардағы фармакодинамикалық ерекшеліктері?

  2. Дәрілік заттардың іштегі нәрестелер мен жаңа туған нәрестелерге фармакодинамикалық ерекшеліктері?

  3. Дәрілік заттардың жүкті әйелдердегі фармакодинамикалық ерекшеліктері?

  4. Дәрілік заттардың емізулі әйелдердегі фармакодинамикалық ерекшеліктері?



Дәріс - 3
1. Тақырыбы: Дәрілердің өзара әсері
2. Мақсаты: Студентті дәрілердің өзара әсерлесуінің түрлері мен түсініктерімен таныстыру
3. Дәріс тезистері:
Жергілікті әсері - қолданған жердегі дәрілік заттардың әсерлері (жергілікті анестетиктердің әсерімен ауру және температура сезімталдығын жоғалту; ауырсыну, гиперемия, тітіркендіруші препаратты қолданған аймақтағы жерінің ісінуі.
Резорбтивті әсері - (латынша resorbeo- жұту)- қанға сорылып болған соң және гистогематикалық қорғанысқа енгеннен соңғы дәрілік заттардың әсерлері (наркозды дәрілерді, наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктерді қолданғандағы анальгезия, кофеинді қабылдаған адамдардағы ой және физикалық жұмысқа қабілеттіліктің артуы.


Тіке және жанама әсері
Тікелей (біріншілік) әсері - дәрілік заттың мүшенің жасушасына тікелей әсері нәтижесінде мүшенің атқаратын жұмысының өзгеруі (жүрек гликозидтері жүрек жиырылуын күшейтеді, яғни миокардтың бұлшық ет жасушаларындағы Nа++,АТФ- азаны блоктауарқылы, зәр айдаушы дәрілер бүйрек өзекшелеріндегі су және иондар реабсорбциясын бұза отырып, диурезді көтереді.
Жанама әсері (екіншілік)- дәрілік заттардың алғашқы мүшелермен функциональды байланысты өзге мүшелердің жасушалары мен мүшелеріне әсер беруі (жүрек гликозидтері зәр айдаушы әсер көрсетеді, себебі жүрек жиырылысын күшейтеді→бүйректе қан ағысын жақсартады→зәрдің түзілуі мен фильтрацияны жоғарылатады. Жанама әсер етудің мысалы, рефлекторлы әсер- яғни мүшелердің қызметінің сезімтал нерв ұштарын стимуляциялау нәтижесінде өзгеруі. Нерв ұштарының деполяризациясы импульсты түзеді, ал импульс рефлекс доғасы бойынша нерв орталықтарының қатысуымен атқарушы мүшелерге беріледі. Экстрарецепторларың қозу нәтижесіндегі рефлекторлы әсер- тері тітіркендіргіштері, интеррецепторлар- қақырық түсіруші, құсу, өт айдаушы, тамырдың хеморецепторлары- аналептиктер, поприорецепторлар- қаңқа бұлшық еттерінде миорелаксанттар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет