Дәріс кешені Пән Клиникалык фармакология Код- кf 3219 Мамандығы- 051101 «Мейірбике ісі» Сағат саны- 45 (1 кредит)



бет19/36
Дата05.03.2024
өлшемі427 Kb.
#494437
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36
лекц.комп.клин.фарм.СД-2-кур.каз

Қайтымды және қайтымсыз әсер
Қайтымды әсер- циторецепторлар мен дәрілік заттардың берік емес физико- химиялық байланыс құруына негізделген. Қайтымсыз әсер циторецепторлар мен ковалентті байланыс түзу нәтижесінде түзіледі, бұл әсер аздаған және жергілікті қолданатын өте улы дәрілік заттарға тән.
Негізгі және кері әсері
Негізгі әсер- дәрілік заттардың терапевтік әсерлері. Кеір әсерлері- қосымша, кері әсерлері. 1 дәрінің фармакологиялық әсерлері әр түрлі ауруларда негізгі және кері болуы мүмкін. Мысалы, бронхтың астманы емдегенеде адреналиннің негізгі әсері- бронхтарды кеңіту, гипогликемиялық комада – гликогенолизды күшейту және қандағы глюкозаны жоғарылату. Көптеген дәрілерді қабылдағанда оның кері әсерлері байқалды.
Таңдамалы (селективті) әсері
Бұл дәрілік заттардың белгілі мүшелер мен жүйелердің қызметіне әсері.


Дәрілік заттарды қайталап қабылдаған кездегі олардың әсерлері
Кумуляция (латынша cumulatio- көбею, жиналу) - ағзада дәрілік заттардың молекулаларының жиналуы (материалды кумуляция) және олардың әсерлері (функционалды кумуляция). Материалды кумуляция төмен бауырлық немесе бүйректік клиренсі бар және ұзақ жартылай элиминация кезеңі бар липофильді дәрілік заттарды қабылдағанда пайда болады. Клиникасында фенобарбиталдың, бромидтердің, жүрек гликозидтерінің (дигитоксин, целанид, дигоксин), тікелей әсері бар антикоагулянттардың реакциясын есепке алу қажет. Кумуляция оң және теріс мәнді болуы мүмкін. Кумуляцияның оң мәні дәрілік заттың ұзартылған әсерімен, оларды сирек қабылдау мүмкіндігімен байланысты болуы мүмкін, мысалы ауыр жүрек жетімсіздігімен ауыратын науқастар түнде жүрек гликозидтерін қабылдамаса да болады. Теріс мәні кумуляция қайталап енгізген препараттың және алғашқы енгізген препараттың дозаларының қосылуы нәтижесінде улану қаупінің болуына негізделген. Интоксикацияны болдырмау үшін, кумуляцияланатын дәріні бір қалыпты дозада қабылдау қажет. Бұл доза бір тәулікте шығарылатын препараттың мөлшеріне тең болады.
Бір қалыпты доза =
КЭ- элиминация коэффиценті (бір тәулікте шығарылатын процентпен берілген дозаның бөлігі).
Шамалы материалды кумуляция бауыр мен бүйрек ауруларында, балалар мен қарт адамдарда кездеседі. Бауырдың патологиясында дәрілік заттардың белсенді метаболиттерінің кумуляциясы болуы мүмкін. Функционалды кумуляцияның мысалдары- созылмалы алкоголизм, қорғасынмен уланған кездегі сопақша ми орталықтарының параличі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет