Дәріс Кіріспе. Физика пәнін мектепте оқытудың негізгі міндеттері. Физиканы оқытудың қазіргі заманғы тұжырымдамасы. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары. Физиканы оқыту әдістері. Оқу процесін басқару және ұйымдастыру



бет7/9
Дата22.02.2024
өлшемі35.98 Kb.
#492923
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
№ 1-Дәріс

Физикада үлгілеу әдісі де қолданылады. Үлгілеу әдісі –нысананың белгілі бір қасиетін көрсететін жүйені ойша немесе материалды түрде жасау. Жасалған жүйе үлгі деп аталады. Материалды үлгі формасы жағынан да, мазмұны жағынан да шындығында бар. Мысалы, іштен жану қозғалтқыштарының үлгісі, ал идеалды үлгілеуге Резерфорд пен Бор ұсынған атомның үлгісі.


5. Болжау. Ойша эксперимент. Болжау әдісі – белгілі фактіге сүйене отырып, бақыланған құбылысқа немесе заңдылыққа болжам жасау. Болжау ескі және жаңа фактіні жинақтап қоймай, оларға түсініктер беруге тырысады. Мысалы, Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесін жасағанда кейбір химиялық элементтердің атомдық массасы дұрыс есептелмегені айтылған еді. Кейіннен экспериментте бұл болжамның дұрыс екендігі анықталды.
Ойша эксперимент әдісі – шындығында жасалмайтын, эксперименттік жағдайға теориялық талдау жасау. Ойша эксперимент әдісі физиканың бүкіл даму тарихында жаңа физикалық құбылыстарды түсіндіруге, жаңа заңдарды ашуға, ғылыми теориялар жасауға арқау болады. Мысалы Ньютонның бірінші заңын қарастырғанда ойша экспериментке жүгіндік (мұз алаңындағы шайба қозғалысы). Галилей әртүрлі арбашалар мен шарлардың горизонталь көлбеу жазықтарда (үйкеліс күші жоқ деп қарастырып) қозғалысын қарастырып инерция заңын ашты.
Белгілі бір әдісті таңдап алу оқытудың мақсаттарына, оқу материалының мазмұнына, оның физика курсының жүйесіндегі орнына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, олардың дайындық деңгейіне және өмірден алынған тәжірибелеріне байланысты жүргізіледі. Сондықтан да барлық мектептер үшін, сыныптар үшін жарайтын оқытудың жан-жақты тек бір әдісін таңдап алуға болмайды. Әдістердің әр түрлілігі ғана оқушылардың сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.
Физиканы оқыту практикасында оқылатын матераялды оқушылардың қосымша әдебиеттерді оқу арқылы өздерінің білімдерін толықтырып, түрлі әдістерді біліп, оларды өздігінен қолдануға дағдыланса, физика пәнінен алатын білімдері толығады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет