Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы



бет42/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73
Дәріс

2.Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы.
1998 жылы 17 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының ''Неке және отбасы туралы'' Заңының ''Баланың құқықтары'' атты ''Баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелеу құқығы'' атты 52- бабында.
1.Он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам бала деп танылады.
2.Әрбір баланың мүмкін болғанынша отбасында өмір сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзінің ата-анасын білуге құқығы, олардың қамқорлығына құқығы, өзінің мүдделеріне қайшы келетін жағдайларды қоспағанда, олармен бірге тұруға құқығы бар.
3.Баланың өз ата-анасы тәрбиеленуіне, оның мүдделерін қамтамасыз етуіне, жан-жақты өсіп жетілуіне, оның адамдық қадір-қасиетінің құрметтелуіне құқығы бар.
Ата-анасы бөлек тұрған жағдайда баланың олардың әрқайсысымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар. Ата-анасы әртүрлі мемлекеттерде тұрған жағдайда да баланың өз ата-анасымен қарым-қатынас жасауға құқығы бар.
Қазақстан Республикасының ''Неке және отбасы туралы'' Заңының 10- тарауының 62- бабында ата-аналардың балалардың тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі төмендегідей құқықтары мен міндеттері көрсетілген:
1.Ата-аналар өз балаларының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
2.Ата-аналардың өз балаларын тәрбиелеуге құқығы бар және оған міндетті. Ата-аналардың басқа да адамдарға қарағанда өз балаларын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
3.Ата-аналар балалардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
4.Балалардың тәрбиесі мен білім алуына қатысты барлық мәселелерді балалардың мүдделерін негізге алып және балалардың пікірін ескере отырып, өзара келісім бойынша ата-аналар шешеді.
3. Балалардың құқығын қорғау туралы конвенция.
Қоғамның бүгінгі жағдайдағы болашақ тәрбиесін отбасынан бастап қолға алуға мемлекеттік тіпті, әлемдік тұрғыда көңіл бөлінуде.Оған 1989 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы қабылдаған , кейіннен 1995 жылы 5 шілдеде Қазақстанда қабылдаған “Баланың құқығы туралы Конвекция” куә бола алады. Онда “ Қатысушы мемлекеттер өздерінің юрисдикциясы шектерінде тұратын әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр- түсіне, жынысына , тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім – нанымдарына, ұлттық , этникалық немесе әләуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылушының жай- күйіне немесе өзге де жаңдайларына қарамастан, барлық құқықтарын құрметтейді және қамтамасыз етеді” делінген.
Бала құқықтары туралы конвенция – Адамзат баласының туылған кезінен 18 жасқа толғанға дейінгі құқықтары мен бостандықтарын бекітетін халықаралық құқықтық акт. Балалардың құқықтарын қорғау туралы негізгі және рәсімдік ережелер енгізілген. Бұлар өмір сүруге , есімінің болуына, азаматтыққа және т.б ие болу құқықтары; аман –сау отбасылық өмір құқығы; сәбидің жеке басының еркін дамуын қамтамасыз ететін құқық; денсаулығын сақтау нығайту құқығы;білім алу мен мәдени даму құқығы; төтенше жағдайларда сәбиді қорғау құқықтары.
“Сондай-ақ Қазақстан Республикасы 2002 жылы 8 тамызда “Баланың құқықтары туралы ’’ Заң қабылдады. Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген негізгі құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет