2. Отбасы әлеуметтік институт ретінде.
Отбасы жеке адамның, топтың, қоғамның талаптарын қанағаттандырумен маңызды. Қоғамның іргетасы болғандығынан да, оның қоғам мүшелерімен үздіксіз толықтырып отыратын, адамзат ұрпағын өмірге әкелетін өнімпаздық қызметін басқа ешқандай орталық бөліп атқара алмайды. Сондықтан отбасы өзінің атқаратын ауқымды қызметі бар әлеуметтіқ институт. Қазақ отбасы қазақ халқының, Қазақстан Республикасының маңызды талаптарын орындауға, оның ішінде халықтың санын өсіруге тиісті қоғамның әлеуметтік ошағы бола тұра, жалпы отбасылық мүдде мен жеке мүшелерінің де талабын орындайды.
Қазақ халқының өміріндегі қай кезең болмасын негізгі тәрбие көзі - отбасы болған. Бұл туралы педагог ғалым Е. Сағындықұлы: "Отбасы адамның туған ошағы, кімге болса да қымбат ұғым. Отбасы ғасырлар бойы қалыптасқан адам баласының ең жақын топтарының бірлесіп өмір сүретін мекені". Онда адам алғашқы тәрбиені қабылдап, алғаш рет өмір туралы, ұжым туралы ұғым қалыптасады. Сондықтан отбасы адам үшін ең жақын "әлеуметтіқ орта" деп көрсеткен.
Отбасы - адам үшін ең жақын әлеуметтік. Отбасы әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралары мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірімен, қоршаған ортамен танысып мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасы тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуғады тірбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.
Отбасы тәрбиесінің мақсаты – баланың жасын, жеке ерекшелігін, психологиялық үдерістерін ескере отырып, жарасым жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
Отбасы тәрбиесінің басты міндеттері:
-Баланы үйлесімді дамыту;
-Бала денсаулығына қамқорлық жасау;
-Оқуына көмек көрсету;
-Еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету;
-Мамандық таңдауға көмектесу;
-Ізгі, эмоцианалды-адамгершіліктік қатынас тәжірибесін қалыптастыру;
-Жалпы мәдени және интеллектуалдық дамуына қамқорлық жасау;
-Өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі дамытуға дайындау;
-Жыныстық тәрбие, болашақ отбасылық өмірге даярлау;
Жоғарыда айтылғандармен қатар, біздің оймызша, қазіргі кездегі қазақстандық отбасы тәрбиесінің негізгі міндеттері біріншіден, балаларды оқуға үйрету; екіншіден, өмір сүруге үйрету, бейімдеу, үшіншіден, еңбек етуге және ақша табуға үйрету, төртіншіден, қоғамда басқа адамдармен бірге өмір сүруге үйрету, бесіншіден, заман талабына сай ұлттық дәстүрлерді сақтауға, жалғастыруға үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |