Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.
18. Дәріс тақырыбы: Отбасының қызметтері мен ұстанымдары
Дәріс жоспары:
1.Отбасының қызметтері.
2.Отбасында тәрбиелеу ұстанымдары.
Дәрістің мазмұны:
1.Отбасының қызметтері.
Отбасы-қоғамдық және отбасы мүшелерінің мүделері бірге ұштасқан ерекше әлеуметтік институт. Қоғамның алғашқы формасы ретінде оның өзіндік атқаратын қызметтері бар. Отбаының қызметтері- әр бір отбасы мүшелерінің мақсаты іс- әрекеттерінің бағыттарын көрсетеді. Отбасының негізгі қызметтеріне қоғамның талаптары мен сұраныстары, отбасының құқықтары мен моральдық нормалары, мемлекеттің отбасына шынайы көмегі сияқты факторлар ықпал етеді.
Қазіргі кезге дейін отбасының қызметтері туралы жалпы қабылданған жіктеулердің жоқтығын айта кеткен жөн.
Отбасының қызметтерін топтастыруға тырысқан ғалымдардың бірі фин педагогы Ю.Хямяляйнен. Ол өзінің «Воспитание родителей: Концепции, направления и перспективы: Книга для воспитателей детского сада и родителей» атты еңбегінде отбасының қалыптасу кезеңдерін бөліп көрсете отырып, әр кезеңге сәйкес отбасы қатынасының өзіне тән қызметтері болатындығына сипаттама береді.
Ж. Б. Қоянбаев «Семья және балалар мен жеткіншектер тәрбиесі» атты еңбегінде отбасының өзіне тән ерекше қызметтері деп: халықтың өсуін, адамзат ұрпағын әрі қарай жалғастыруын, қажеттік шаруашылық функциясын , отбасының тәрбиелік функциясын отбасы мүшелерінің өзара және туған –туыстарымен қарым- қатынас жасау функциясын есептейді.
Отбасының ұрпақ жалғастырушылық функциясы омірге ұрпақтың келуімен байланыстырылады. Бала туу, өмірге адам әкелу-отбасының негізгі қызметі. Оны ешқандай мемлекеттік мекеме немесе басқа әлеуметтік инстетуттар атқара алмайды. Адамның биологиялық мүмкіндіктерін іске асыру ерлі- зайыптыларға телінген басты міндет болмақ.Ол неке арқылы бекіп, отбасы жағдайында жүзеге асқанда ғана қалыпты жағдай болып саналмақ. Бұл үлкен жауапкершілікті, рухани қарым- қатынасты қажет етеді. Ерлі- зайыптылардың махабатының жеміс беруі, өсіп-өркендеуі, өмірдің ата-ананың орнын басатын ұрпақпен жалғасуы және олардың саны-әке мен шешенің қалауы мен болатын іс. Бұл бір жағынан, саяси-демографиялық мәселе болғандықтан да ұлтжандылық пен адамгершілікті талап етеді.
Отбасындағы қарым –қатынастық және психологиялық реттеушілік
Қызмет- ата ананың рухани адамгершілігі арқылы өзара сыйластықты басшылыққа ала отырып іске асырылады. Отбасы мүшелерінің жас ерекшелігіне сай, үйде және кез келген ортада тілтабысушылығы мен қарым-қатынас мәселесі рухани үйлесім өмірлік жағдаяттардан тиімді шығудың жолдарын қарастыру мүмкіндігі мен қабілет қарымының ескерілуі, көңіл- күйдің қажеттілігі мен отбасы мүшесінің бақытты болуына жағдай жасау да отбасы жағдайында қарым- қатынастық және психологиялық тұрғыдан реттеуді қажет етеді. Отбасын психологиялық ахуал
Отбасындағы балалардың болуы ата- аналардың жеке басына әсер етеді. Олар бір- біріне әсер ете отырып бірін- бірі тәрбиелейді. Отбасының тәрбие берушілік қызметі үш аспектіде жүзеге асады.
1.Баланың жеке басын қалыптастыру, оның қызығуы мен қабілетін дамыту отбасындағы ересектердің өмірлік тәжрибелері арқылы жүзеге асырылады.
2.Үйдегі әрбір адамның жеке басына ұжымы үнемі жүйелі түрде тәрбиелік ықпал етіп отырады.
3.Отбасындағы балалар үнемі ересектердің өздерін белсенді түрде тәрбиелеп отыруына мәжбүр ететіндей әсер етеді.
Адам өмірге келгенен бастап, өмірінің соңына дейін отбасының ықпалын сезінеді. Бұнымен еш қандай тәрбиелік қоғамдық институттар тең келуі мүмкін емес. Әр бір отбасында өзіне тән белгілі бір адамгершілік- рухани деңгей қалыптасқан . Осы деңгей қаншалықты жоғары болса да отбасындағы адамдардың мәдени қажетін қанағаттандыру, қызығуы мен қабілетін дамытуға үлкен мүмкіндік болады. Онда бала тәрбиесі дұрыс жалғасын тауып, адамгершілік және көңіл күйлік- эстетикалық байлық пен өмір сүреді.
Отбасының әлеуметтік қызметінің басты міндеті-өмірге адам даярлау, және бейімдеу.Бұл тек отбасындағы ата-ананың үлгі болуымен үйретуімен шектелмейді. Сонымен қатар білім алуға баулу арқылы жүзеге асады. Бұл отбасы жағдайында баланың өмірге жан жақты сапаларын қалыптастыру дамыту, даярлануы болып табылады. Отбасында тәрбиелеу және әлеуметтендірудің өзіндік принциптерімен шарттары, талап- тәртіптері, әдістері мен тәсілдері бар.
Отбасындағы әр-баланың дұрыс тәрбие, сапалы білім алуы шартты жағдайда отбасының әлеуметтікжағдайына да байланысты.Бұл күнде басты мәселеге айнлып келе жатқан –отбасының бос уақытты дұрыс ұйымдастыру.Бос уақыт-адамның күш қуаты мен рухани жан- дүниесін байытатын тұлғаның жан- жақты дамуына берілген мүмкіндік.Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру отбасы иелерінің тұлғалық сапасының көрінісі. Балаға бесік жырыннемесе ертегі айтып ұйықтатудан, таза ауада серуендету, теле- радио хабарларын тыңдату, театрлар мен концерттерге, кітапханаларға апару, мерекелерді өткізу,туған- туыстары мен араластыруға дейінгі көптеген мәдени-әлеуметтік шаралар рухани құндылықтар қатарын толықтырады.
2.Отбасында тәрбиелеу ұстанымдары.
Тәрбие ұстанымдары тәрбие мақсатынан туындайды.Соңғы жылдары қоғамдағы демократиялық өзгерістерге қарай тәрбие ұстанымдары да өзгеріп отырады. Отбасы тәрбиесінің төмендегідей ұстанымдары бар: мақсаттылық ұстаным, ғылымилық, тәрбиені ізгілендіру, тәрбиенің бірізділігі мен үздіксіздігі, тәрбиенің кешенділігі мен жүйелілігі, қойылатын талаптардың бірізділігі.
Мақсаттылық ұстаным- Қазіргі кезде отбасы бала тәрбиесінде қандайда бір дәрежеде қоғамның алдыға қойған мақсатына сүйенеді.Соңғы жылдары тәрбиенің негізгі мақсаты адам құқығы, балалар құқығы туралы декларацияларда, ҚР заңдарында көрсетілген адамға құндылық ретінде қарау болып табылады.
Әр бір отбасының бала тәрбиелеудегі мақсаты әр түрлі.Кей бір ата-ана өз біліміне өмірде көрген- түйгеніне , өзі алған тәрбиесіне сүйеніп өз балаларын тәрбиелейді. Ал кей ата- аналар өзіне жетіспеген, өзі алмаған кемшіліктерді жібермеуге тырысып тәрбие мақсатын анықтайды. Сондай-ақ әр отбасы бала тәрбиесінде қалыптасқан этникалық, мәдени діни дәстүрлерді де ескереді.
Ғылымилық ұстаным- әр бір ата-ана бала тәрбиесінің ғылымы негізін білу керек. Т. А. Марков, Л.В. Загик және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде отбасы тәрбиесіндегі олқылықтар ата- аналардың педагогика мен психология ғылымдарының білімдерінің төмендігінен екендігі анықталған. Мысалы ата-аналардың балаларының жас ерекшеліктерін білмеуі тәрбие барысында әр- түрлі кездейсоқ әдістері мен құралдарды пайдалануларына алып келеді.
Сондай- ақ отбасында жағымды психологиялық ахуал тудыра алмау – балалардың жүйке ауруларына шалдығуына, жасөспірімдердің девиантты жүріс- тұрысына ықпал етуде.
Ізгілендіру ұстанымы – Ізгілендіру ұстанымының негізгі баланың жеке басына құрмет пен қарау. Бұл ұстанымның мәні ата-аналар өз балаларын қаз қалпында өзіндік мінез қырлары мен талғамымен әдеттерімен қабылдауы керек. Бала өмір есігін өз еркімен және қалауы мен емес ата-ана қалауы мен ашты.
Тәрбиенің бірізділігі мен үздіксіздігі ұстанымы- бұл ұстанымға сәйкес тәрбие оның мақсатына сәйкес біртіндеп, баланың жасына, оның ерекшелігіне сай жүзеге асырылуы қажет.бірізділік тек тәрбие мазмұнына ғана емес, тәрбие құралдары мен әдістеріне қатысты. Мысалы ерте жастағы баланы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыстыру үшін оны қызықтыру тәсілі сәтті болса, 6-7 жастағы балаларға бұл жеткіліксіз. Оған түсіндіру, сендіру, үлгі- өнеге көрсету тиімді.
Тәрбие өте ұзақ үдеріс. Оның нәтижесі бірден байқалмайды.сондықтан тәрбиеде бірізді, үздіксіз жүргізілуі керек.
Егер баланың жақындарының бәрі белгілі бірдей жағдайда өздерін балаларға қатысты үлгі ретінде ұстай білсе онда бала өзінен не күтетінін бірден түсінеді.
Кешенділік пен жүйелілік ұстанымы-бұл ұстанымның мәні тұлғаға педагогикалық үдерістің әр- түрлі қырлары мен факторларын ескере отырып, тәрбие мақсаты құралдары, әдістері арқылы жан- жақты ықпал ету. Қазіргі бала тек отбасында ғана емес,әр- түрлі әлеуметтік тібиғи, мәдени ортада өсіп келеді. Бала ерте кезден бастап радио тыңдайды, теледидар, компьютер көреді, серуенге шығады. Онда әр түрлі адамдармен қарым- қатынасқа түседі. Бұл ортаның барлығы бала дамуына қандайда бір дәрежеде ықпал етеді. Мысалы балалар теледидар мен компьютер арқылы көп нәрсені көріп біледі, өз білімін, ақыл- ойын кеңейтеді, алайда солар арқылы адам өлтіру және басқа да жауыздықтарды көреді. Ал осыларды реттеу отбасының қолында.
Достарыңызбен бөлісу: |