Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет72/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73
Дәріс

Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.


30. Дәріс тақырыбы: Шығыс халықтарының отбасындағы бала тәрбиелеу дәстүрлері
Дәріс жоспары:
1.Шығыс халықтарына тән отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері.
2.Шығыс халықтарының отбасында бала тәрбиелеу дәстүрлері, олардың өзіне тән ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
Дәрістің мазмұны:
1.Шығыс халықтарына тән отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері.
Еліміздегі басқа ұлт өкілдерінің отбасындағы бала тәрбиелеудегі дәстүрлік ерекшеліктерін меңгеру – бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Әсіресе, ұлттық педагогикада жас ұрпақ тәрбиесіне халқымыз бен көршілес шығыс халықтарының рухани, мәдени мұраларын тиімді пайдаланудың жолдарын жетілдіру талап етіліп отыр. Дәстүрлі дүниетаным бойынша күнделікті отбасылық тіршілік ырғағының қалпы қоршаған ортаның үйлесімділік немесе үйлесімсіздік жағдайларына, әдет-ғұрыптарына,салт-дәстүрлеріне, діни наным-сенімдеріне байланысты болды.
Қазақстан – көп ұлттық мемлекет. Оның өзге ұлттармен мәдени-тарихи мұралармен байланысы сонау көне дәурден басталатыны баршаға мәлім.Олай болса, осы байланыстың қазақ халқының өміріне, тұрмыс, қаракетіне, әдет-ғұрып, салт-дәстүріне, көзқарасына, тәрбие саласына өзгерістер енгізбеуі мүмкін емес.
Қазақстан көптеген диаспоралар, ұлттар бар екені белгілі, бірақ та президентіміз Н.Назарбаев айтып өткендей: «Қазақ халқы – сол ұлттық диаспоралардың, ұлтардың жарасымды өмірлеріне ұйытқы болатын, ұйытқы болуға тиіс бірден-бір тірек ұлт». Шығыс халықтары отбасындағы бала тәрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қарайды және өзінің мол тарихына, ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлеріне, тілі мен дініне сүйенеді. Шығыс отбасыларында негізгі туыстық қатынас ерлер жағымен есептелген және ата-ананың тәрбиесін көрмей өскен бала болмаған. Қариялар әрқашан жыр, дастан, ертегі айтып немере-шөберелерін рухани байытып тәрбиелеп отырған. ХІ ғасырда (1082-1083) жарық көрген «Кабуснама» атты еңбекте шығыс ғұламаларының бала тәрбиелеу дәстүрлері қарастырылған.
2.Шығыс халықтарының отбасында бала тәрбиелеу дәстүрлері, олардың өзіне тән ерекшеліктері мен ұқсастықтары.
«Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар», - деп Л.Н.Толстой айтқандай, ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағылымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай , жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Шығыс халықтарының ішінде бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетін халықтарының бірі – қазақ халқы. Қазақ халқында баланы дүниеге келуіне байланысты шілдехана, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізер, тоқым қағар, қыз ұзату, үйлену тойлары, ауыл азаматтарының бірлесіп еңбек етуі, адамның дүниеден қайтуына байланысты естірту, жоқтау, көрісу сияқты әдет-ғұрыптардың бәрі өлең-жырсыз, ән-күйсіз өткен емес. Қазақтың тұрмыс-салтымен байланысты айтылған «Жар-жар», «Сыңсу», «Беташар» жиын тойларда айтылатын қыз бен жігіт айтысы: жаңылтпаш, санамақ, жұмбақтауда «Естірту», «Жоқтау», «Қоштасу» әндерінде мақал-мәтелдер мен шешендік сөздерде айтысы мен олардың толғау, терме өлеңдерінде көзделетін мақсат –біріншіден , ас пен тойды қызықты ету, халықтың көңілін көтеру болса, екіншіден, адамның көңіл-күйіне сөз өнерінің құдіретті күшімен әсер етіп, жүрек тебіренісін туғызу, үшіншіден, жиынға қатысушы үлкені-күшінің бәріне ақыл-нақыл айту, ой салу, тәлім-тәрбие беру.
Этнопедагогикадағы салт-дәстүрлердің ұлттық санаға сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-сана деп аталады. Ұлттық санаға сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші – ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден аз көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор. Сондай салттардың бірі- баланың дүниеге келуімен байланысты салттар. Бесікке салу рәсімі көбінесе, баланы қырқынан шыққан соң кішігірім той ретінде өтеді. Ондағы мақсат-сол кездегі жас келіншектердің де сол әйелге ұқсап көп баланы дүниеге әкеліп, оларды тәрбиелеп құрметті ана мәртебесіне ие болу. Жарық дүниеге жаңа келген нәрестенің әсем әуен, күмбір күй, анасының үні қосылған дабыр арқылы сезім жүйесі ояна түседі. Шілдеханадағы шаттық, ойын – сауық нәрестені қоршаған балалар мен ересек адамдардың көңілін көтереді , бауырмашылдығын арттырады, өнерін өркендетіп, дарынын дамыта түседі.Соңғы кезде «Шілдехана» тойы бала туған соң жеті күннен кейін, немесе бала қырқынан шыққан соң өткізіліп жүр. Халық салтында шілдехана тойында ішімдікке жол беру- әрі обал, әрі күнә, әрі қылмыс болып табылады. Бала тәй-тәй басып жүре бастаған кезде, тұсау кесу рәсімі жасалып, тұсау кесу жыры айтылады. Тұсау кесу-әдет –ғұрыптық, ырым-рәсімдік қуаныш мәжілісінде айтылатын жыр. Бала 7 жасқа толған кезде әке-шешесі немесе атасы, әжесі қолынан жетектеп, мектепке оқуға апаратын болған. Баланың мектепке баруын ауыл-аймақ болып қуаныштап, әйелдер анасына қайырлы болсын айтып, «тілашар» тойына арнап шашу шашады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет