2.Ата-аналалардың педагогикалық мәдениетін көтерудегі білім беру ұйымдарының рөлі
Кез келген ата-ана өз балаларына дұрыс тәрбие бергісі келеді,алайда өзіндік тәжирибесі мен баланы тәрбиелеу әдістері мен тәсілдері,балаға ықпал ету амалдары туралы педагогикалық білімдері жеткіліксіз болып жатады.Сондықтан ата-аналардың педагогикалық комек ұйымдастыру қажеттілігі туындап отыр.ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру,оларға бала тәрбиесіне
қатысты көмек көрсету қажеттілігі туралы Е.П.Арнаутова, Л.В.Загик, О.Л.Зверева, Т.А.Маркова, Қ.Т.Атемова, К.Ж.Қожахметова және т.б.ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды.
Отбасындағы бала тәрбиесінің табысты болуына бірқатар жағдайлар әсер етеді.Олар:
-отбасының этникалық құрамы және құрылымы:толық емес отбасы,бір балалы,көп балалы отбасы,бір ұлттық,көп ұлттық отбасы;
-тіршілік әрекетінің жағдайлары:отбасы мүшелерінің білім дәрежесі,еңбектену,кәсіптік құрамы,бюджеті,жалпы материалдық әл-ауқаты,ауылдық және қалалық отбасы;
-отбасының мәдени потенциалы:күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті,күн ырғағы ,демалыс,оның формалары,кітапхананы,теледидарды,музыка аспаптарын пайдалана білүі,спортпен айналысу,отбасылық дәстүрлік мерекелер;
-ішкі отбасылық қатынастар микроклиматы отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы,отбасы мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы;
-қоғамға көзқарасы:еңбек пен қоғамдық міндеттерге,қоғамдық тәрбие институттарына қатысы;
-отбасының тәрбиелік мүмкіндігі:отбасылық тәрбие,әдістер,ата-аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі.
Қазіргі кезде орын алып отырған кемшіліктердің бірі - бала тəрбиесіне тек ата - ананың біреуінің ғана көніл бөлуі. Көбіне жиналыстар мен ынтымақтастыққа сирек түседі. Сондықтан соңғы жылдары баланың ата-анасының екеуінің, сондай - ақ бала тəрбиесімен айналысып отырған басқа отбасы мүшелерінің де педагогикалық мəдегиетін көтеру қажеттілігі туындауда.
Тəжірибеде ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің жоғарыда аталған турлерінен басқа да формулары кездеседі. Мысалы, ата - аналар, балалар жəне білім беру ұйымдарының қызметкерлері бірлесіп өткізетін мерекелер , спорттық шаралар ,концерттер, жарыстар жəне т.б. Бұл формалардың артықшылығы отбасының бос уақытын ұйымдастыру мазмұнына ықпал етеді. Ата - аналар балаларымен бірлесіп əрекет етеді. Өз балаларын басқа қырынан тануға мүмкіндік береді.
Ата-аналардың педагогикалық мəдениетін көтеруге бағытталған жұмыс түрлері мен формаларын тандып алумен қатар, оның мазмұнына, ондағы көтерілгелі отырған мəселелерге , оның отбасы үшін қаншалықты маңызды екендігіне де мəн берілуі керек.
Тақырыптар мен олардың мазмұны ата - аналардың тəжірибесіне, сұраныстары мен қажеттілігіне, балалардың жас ерекшеліктеріне сай тандалып алынуа қажет. Сондай -ақ ата - аналарды бала тəрбиесінеқатысты қандай мəселелер ойландырып жүргендігі туралы сұрап, бала тəрбиесіне, өзара қарым-қатынас жəне тағы басқа мəселелерге байланысты нақты тақырыптарды да ұсынуға болады.
Қазіргі кезде байқап жүргеніміздей , ата - аналар жиналысында тек балалардың үлгерімі, тәртібі, мектептің қойып отырған талаптары туралы сөз болады да, ата - аналарға қажетті ақпараттар айтыла бермейді. Отбасына қаж етті ақпараттарды, тақырыптарды іздестіріп жату мұғалімнен арнайы дайындықты талап етеді. Сондықтан біз ата - аналардың педагогикалық мəдениетін, жалпы сауаттылығын көтеруге, туындаған мəселені шешуге көмектесетіндей бірнеше тақырыптарды ұсынуды жөн көрдік. Олар:
1. Мектеп жасына дейінгі (бастауыш мектеп, жеткіншектердің) балалардың таным үдерісінің дамуы;
2. Кемтар баланың құқын біл,ата - ана;
3. Отбасылық кикілжіңнің баланың рухани жəне психикалық даму үдерістеріне кері əсері;
4. Балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалай ояту керек?;
5. Теледидардың , ақпарат құралдарының балаларға əсері;
6. Компютерлік ойындардың бала психикасына əсері;
7. Баланың бос уақытын қалай ұйымдастыруға болады?;
8. Ата - аналардың балаларды тəрбиелеу жəне оларға білім беру жөніңдегі құқықтары мен міндеттері;
9. Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі ата-аналардың құқықтары мен міндеттері;
10. Немере тəрбиесіндегі ата мен əженің рөлі;
11. Ата - аналар беделі жəне оның балаға əсері;
12. Қазақ отбасының бала тəрбиелеу дəстүрлері;
13. Қазақ отбасы тəрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктер қатарына жататын əдіс - тәсілдер;
14. Отбасындағы тəрбиелік ахуал жəне оның баланың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына əсері;
15. Отбасында баланы мектепке оқуға даярлау;
16. Жастар мен балаларды отбасылық өмірге даярлау;
17. Тұлғаны əлеуметтендірудегі отбасының рөлі;
18. Сооақай балалармен ата-аналардың жұмыс жасау ерекшеліктері;
19. Отбасында мектепке дейінгі балаларды тəрбиелеу ерекшеліктері;
20. Отбасында кіші мектеп жасындағы балаларды тəрбиелеу мəселесі;
21. Отбасында жеткіншектерді тəрбиелеу мәселесі;
22. Отбасында дарынды балаларды тəрбиелеу мəселесі;
23. Отбасында баланың жағымды көңіл-күйін дамыту.
Сондай-ақ оларды ата- аналарға жеткізу əдістеріне де жете мəн берген орынды. Ата - аналармен жүргізілетін жұмыстарға мұғалімдер алдына аладайындалуы қажет. Ол үшін сол мəселеге қатысты ғылыми əдебиеттерге , озат тəжірибелерге талдау жасап,негізгі жағдайларды бөліп алу, ата - аналарға қойылатын сұрақтарды іріктеу керек. Ата - аналар қойылған сұрақтарға көбірек жауап беріп, мəселені талқылауға белсенді қатысатын болса, өткізіліп оиырған шараның сапасы да соғұрлым нəтижелі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |