Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03


Шетелдердің отбасының педагогикалық мəдениетін көтеру тəжірибесі



бет66/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73
Дәріс

3. Шетелдердің отбасының педагогикалық мəдениетін көтеру тəжірибесі
Отбасындағы бала тəрбиесі мəселесі қоғам мен көптеген елдердің ғалымдарын да ойландырып отыр. Осыған байланысты ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге бағытталған арнайы бағдарламалар: ата-аналарды тəрбиелеу бағдарламалары дайындалған.
«Ата-аналарды тəрбиелеу»туралы ұғымдар өткен ғасырдың соңында Америка мен Еуропада отбасы тəрбиесіне көмек көрсетуге бағытталған ассоциациялардың шығыумен байланысты болды. Қазіргі кезде бұл термин халыққаралық деңгейге таралып отыр.
Ата-аналарды тəрбиелеу ұғымының мəні-отбасының тəрбие беру қызметтерін атқаруға кəсіби тұрғыда көмек беру. Өткен ғасырда əр елдің ғалымдарының күшімен ата - аналарды тəрбиелеу теориясының негізін қалауға улкен қадамдар жасалынды. Бұл теорияның негізгі мəселелері, негізгі ұғымдары « отбасында өзара əрекет етүдің психологиялық-педагогикалық негіздері», «ата - аналарды тəрбиелеудің мазмұны мен формалары» болып табылады.
Алғашында ата-аналар тəрбиесі тек бала тəрбиесіне қатысты білімдерді формалтды түрде хабарлаумен шектелді. Қазіргі кезде оның мазмұны үлкен өзгерістерге ұшырады. Оның мазмұны отбасының өмір сурүіне қажетті білімдердің кең ауқымын (педагогикалық, психологиялық, экономикалық, медициналық,құқықтық,этнографиялық,этникалық жəне т.б.)қамтиды. Бағдарламаны жүзеге асыру əртүрлі формальды жəне формальды емес іс - шараларды қарастырады. Мысалы, кеңес беру, əңгіме, нұсқау, тренингтер, курстар мен семинарлар,видеотехника қызметі,шіркеүлік бірлестіктердің қызметі жəне басқа. Ата - аналарды тəрбиелеу ересектердің өз тұлғасын саналы түрде жетілдіруге бағытталған өзін-өзі тұрақты дамыту үдерісі ретінде қарастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Бизақова Ф., Мамашбаева Ш. Отбасылық дағдарыс психологиясы. -Астана: Фолиант, 2010ж.
2. М.В.Коляева. Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы.- Шымкент: 2007ж.
3. Отбасы педагогикасы. Т.Н.Жүндібаева. -Алматы: «Экономика»баспасы ЖШС, 2014ж.
4. А.А.Шарафадин. Отбасында ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары. -Алматы: 2004ж.
5. Капенов А.А. Қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.-Алматы, 2009ж.
6. Жұмаханов Ә. Семьяда балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің кейбір мәселелері.-Алматы, 1986ж.
7.. Атемова Қ.Т. Отбасында баланың іс-әрекетін ұйымдастыру жолдары.
-Алматы: 2002ж.
Қосымша:
1 С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар.-Тараз: Қорғау, 2006 ж.
2. С.М. Жақыпов, Ф.Ә.Бизақова. Білім беру жүйесінде қолданылатын психодиагностикалық жаттығулар.-Тараз: Сенім, 2006ж.
3. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық-педагогикалық диагностика. -Алматы: Атамұра-Қазақстан, 2012ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет