Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі


Қарыз алушының сыныбын анықтауға мүмкіндік беретін коэффициенттердің салалық деңгейі



бет15/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

Қарыз алушының сыныбын анықтауға мүмкіндік беретін коэффициенттердің салалық деңгейі

2 кесте




Салалар-дың атауы

Баланс өтімідігінің коэффициенті

Балансты өтеу (жабу) коэффициенті

Меншікті айналым қаржыларымен қамтамасыз етушілік көрсеткіші

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




1 сынып

2
сынып

3 сынып

4 сынып

5 сынып

6 сынып

7
сынып

8 сынып

9 сынып

Өнер-
кәсіп

1,5-тен жоғары

1,0-1,5

1,0-ден төмен

2,0-ден жоға-ры

1,5-2,0

1,5-тен төмен

0,7-ден төмен

0,5-0,7

0,5-тен төмен

Ауыл шаруашылығы

1,2-ден жоғары

1,0-1,2

1,0-ден төмен

2,0-ден жоға-ры

1,5-2,0

1,5-тен төмен

0,3-тен жоғары

0,2-0,3

0,2-ден төмен

Сауда

1,2-ден жоғары

1,0-1,2

1,0-ден төмен

2,0-ден жоғары

1,0-1,2

1,0-ден төмен

0,5-тен жоғары

0,2-0,5

0,2-ден төмен

Көлік және жол шаруашылығы

1,5-тен жоғары

1,0-1,5

1,0-ден төмен

2,0-ден жоғары

1,5-2,0

1,0-ден төмен

0,7-ден жоғары

0,5-0,7

0,5-тен төмен

Құрылыс

1,5-тен жоғары

1,0-1,5

1,0-ден төмен

2,5-тен жо-ғары

1,5-2,0

1,5-тен төмен

0,7-ден жоғары

0,5-0,7

0,5-тен төмен

Байланыс

1,5-тен жоғары

1,0-1,5

1,0-ден төмен

2,0-ден жо-ғары

1,5-2,0

1,5-тен төмен

0,7-ден жоғары

0,5-0,7

0,5-тен төмен

Материал-дық-техникалық жабдықтау

1,2-ден жоғары

1,0-1,2

1,0-ден төмен

1,2-ден жо-ғары

1,0-1,2

1,0-ден төмен

0,4-тен жоғары

0,2-0,4

0,2-ден төмен



Бақылау сұрақтары:
1) Несие жүйесінің құрылымы қандай?
2) Корпоративтік клиенттерге берілетін несиелерді ата.
3) Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар қандай?
4) Қарыз алушының қаржылық жағдайы қалай анықталады?
5) Қарыз алушы компаниялардың несиелік қабілеті қалай бағаланады?


Әдебиеттер: Н:1-5 .Қ: 1-6

Тақырып 8.Несие беруді ұйымдастыру


Мақсаты: Коммерциялық банктердің несие қызметінің тәжірибесінде бекіген несие беруді ұйымдастырудың негізгі ережелерін анықтау.
Жоспар:

  1. Несие операцияларының сипаты

  2. Банктің қарыз алушылармен несиелік қатынасы және несие шартының рөлі

  3. Несие құжаттамасы және несие беру процедурасы.

  4. Несиені қайтару тәртібі және оған бақылау жасау.

  5. Несиенің жекелеген түрлерін ұйымдастыру

  6. Несиенің қайтымдығын қамтамасыз ету формалары.

1. Несие операцияларының сипаты


Несие операциялары коммерциялық банктердің активті қызметінің негізін құрайды, өйткені оны табысты түрде жүзеге асыру кіріс әкеледі, банктердің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға әсерін тигізеді, ал олардың кедейленуі мен банкроттыққа ұшырауы несие берудегі сәтсіздіктерге әкеліп соғады;


Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуға бағытталған инвестицияларға несие беру үшін меншікті және тартылған ресурстарды шоғырландыруға шақырылған;
Үшіншіден, бұл қызметті табысты жүзеге асырған кезде оның барлық қатысушыларына – несие ұйымдарына, қарыз алушыларға және тұтастай түрде қоғамға пайда әкеледі.
Несие операциялары – бұл несие берушінің қарыз алушыға ақылы, жеделдік, қайтарушылық, қамтамасыз етушілік жағдайларында ақша қаражаттарының белгілі бір сомасын беру бойынша қатынасы.
Қайтарушылық түрінде қарыз алушының несие берушіге келісімде көрсетілген негізгі қарыз сомасын міндетті түрде төлеуі түсіндіріледі. Бұл ерекшелік несиені тауар-ақша қатынастарының басқа экономикалық категорияларынан өзгешелеп тұрады. Қайтарушылық – несиенің негізгі белгісі болып саналады.
Банк несиесінің ақылы болуы несие беру кезінде банктің көрсететін қызметінің өтелетін сипатына негізделеді. Банк ссуда бергені үшін, негізінен, сыйақы түрінде белгілі бір ақы алады. Оның мөлшерін несие шарты бойынша тараптар белгілейді.
Несие берушіден жедел несие беру жағдайында алынған қаржыларды қайтарудың алдын ала көрсетілген мерзімдері түсіндіріледі. Яғни жеделдік – оны бұзу белгілі бір санкциялар қолдануға әкелетін несиені қайтарудың уақытша айқындығы. Несие беру мерзімі ссудалық қаржылардың қарыз алушының иелігінде болуының шекті мерзімі болып саналады.
Банк несиесін берудің жоғарыда атап өткен қағидаларына (жағдайларына) тағы несиенің қайтарушылығын қамтамасыз етуді қосуға болады.
Қамтамасыз ету – бұл кепілге беру, банк кепілдері, сақтандыру және заңдылықтармен, сондай-ақ әріптестер арасындағы шартпенен қаралған өзге де тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін банк несиесін қайтарудың тәсілі.
Банк несиелері келесі белгілер бойынша жіктеледі:
мақсатты белгіленуі бойынша (тұтыну, сауда, ауылшаруашылық, инвестициялық және т.б.);
қайтару мерзімдері бойынша (қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді);
қамтамасыз етушілік дәрежесі бойынша (қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген);
пайыздық ставкалар түрлері бойынша (пайыздық ставкасы белгіленген және пайыздық ставкасы өзгеріп отыратын несиелер).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет