Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі


Банктердің ұйымдық-құқықтық негіздері



бет2/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

2. Банктердің ұйымдық-құқықтық негіздері

Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде ұйымдық негізге ие. Қызметтік қағидалар - оның негізгі белгілері болып саналады. Яғни, банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары оның құрылу ерекшеліктерін келістіреді және банктердің басқару жүйесін ұйымдастырады.


Әр елде банктерді ұйымдастыруда ақша эмиссиясы қызметін орындайтын, елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыратын, екінші деңгейдегі банктерді қадағалайтын, үкімет үшін операцияларды орындайтын, елдің алтын-валюта қорын сақтайтын ақша-несие институты – орталық банкіне айрықша мәртебе беріледі. Орталық банктердің ұйымдық құрылымы мен қызметінің сипаты және оны басқару жүйесі елдің заңдылықтары мен Орталық банкі туралы ережелермен айқындалады.
Көптеген елдердегі банктерді ұйымдастыру акционерлік компаниялар (корпорациялар) түрінде жүзеге асырылады. Банктің заңды тұлға ретінде танылуы, сатып алынған акциялар шегіндегі акционерлердің жауапкершілігі, акция пакеттерінің болуы және директорлар Кеңесін құру акционерлік компаниялар үшін міндетті талаптар болып саналады.
Банк ашу (жаңа заңды тұлғаның мекемесі) – бұл көптеген ресми процедураларды орындауды және рұқсат алуды талап ететін күрделі процесс.
Тұтастай алғанда банк құру үшін, әр елдің әртүрлі ерешеліктері бола тұра мынадай жағдайлар мен іс-әрекеттерді орындауы қажет болады: банк ашуға құрылтайшылардың рұқсат алу өтініші; банк ашу мүмкіндгіне өкілетті органдардың арнайы рұқсаты; орталық банктің рұқсаты; құрылтайшылық құжаттарды тіркеуден өткізу және банктің операциялар жүргізуіне орталық банктің лицензиясы. Операциялар туралы міндетті жағдайлар, капиталдың мөлшері, тұрғын халықтың саны, өзіндік орны бар тұлғалардың мақұлдаған қарарлары, экономикалық негіздеулер, іскерлік жоспар, банк жарғысы, банк құрылымы, капиталдың жеткіліктілігі және пайда алудың болашағы, басшылық құрамның құзыры мен олардың кәсіптік жарамдылықтары туралы мәліметтер құжаттамалар түрінде тапсырылады.
Мемлекеттік тіркеу Кітабында тіркеуден өткеннен кейін банк операцияларын жүргізуге лицензия алуы екінші деңгейдегі банк қызметін бастау үшін негіз болып саналады. Заңды тұлға мәртебесін алған жаңа банк лицензия шеңберіндегі өзінің операциялары туралы мәлімдейді.
Банктің ұйымдық құрылымы екі әдіспен анықталады:

  1. Басқару органдары, олардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктері кіретін банктің басқару құрылымы.

  2. Қызмет (функционалдық) бөлімдерінің құрылымы; бөлімдердің қызметін жүзеге асыру және қызмет буынының міндеттері. Мысалы, несие беру бөлімі, инвестициялық операциялар, сенім операциялары, банк клиенттеріне қызмет көрсету және т.б. бөлімдер.

Банкті ұйымдастыру мына қағидаларға негізделеді:

    • қызмет құрылымы;

    • банк мақсаттарына сәйкестігі;

    • билік өкілеттіктері иерархиясы және ұйымдардың деңгейлері;

    • бірлескен және үйлестіру іс-әрекеті;

    • басқаруды рационалдандыру және бақылауды қамтамасыз ету;

    • персонал қызметінің жұмыс тәртібін белгілеу;

    • толық ақпараттармен қамтамасыз ету.

Банк құрылымы түрін өзгертеді және болашақ кезеңдерге бейімделеді, олар банктің стратегиясына қатысты болады. Банктің құрылымына мынадай бірқатар факторлар әсерін тигізеді:

  • банктің көлемі, операциялардың саны;

  • қызметкерлердің саны;

  • кәсіби кадрлардың болуы;

  • басаспаптық пен мамандану деңгейі,

  • пайда алу мүддесі үшін шығындарды үнемдеу міндеттері.

Нарықтық экономикалы елдер үшін үлгілері бойынша ерекшеленетін акционерлік – коммерциялық банктер неғұрлым бірүлгілі болып саналады.
Акционерлердің жалпы жиналысы акционерлік – коммерциялық банктің жоғары органы болып табылады, оның өкілеттігіне Жарғыны, капиталды бекіту, Басқарманы, банк Кеңесін сайлау, жылдық есепті бекіту, банктің табыстарын бөлу сияқты міндеттер кіреді.
Банк Басқармасы (Кеңесі) жылдық есепті бекітеді, құрылтайшылардың жыл сайынғы жиналысын ұйымдастырады, банктің стратегиялық міндеттерін шешеді.
Кеңес Төрағасы банкті жедел басқаруды жүзеге асырады. Ол сондай-ақ банк Президенті болуы мүмкін.
Одан әрі қарай: вице-президент, басқарма, департаменттер, бөлімдер болып жалғасады.
Орындайтын операцияларға, олардың қызметін ұйымдастырудың құқықтық формаларына қарамастан әрбір банк өзіне тән өнімдер шығарады және барлық банктер үшін міндетті болып саналатын мынадай белгілі басқару блоктарының жиынынан тұрады: банк Кеңесі, басқарма; басқарудың жалпы мәселелері, коммерциялық қызмет, қаржылар; автоматтандыру; әкімшілік.
Орындайтын операцияларының көлеміне, көрсетілетін қызметтерінің дамығандығына қатысты банктердің ірі, орта, шағын (жеке), жергілікті филиалдары болуы мүмкін. Мысал үшін, орта коммерциялық банктің құрылымын мынадай түрге бөлуге болады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет