Бақылау сұрақтары:
1) Несие жүйесінің құрылымы қандай?
2) Корпоративтік клиенттерге берілетін несиелерді ата.
3) Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар қандай?
4) Қарыз алушының қаржылық жағдайы қалай анықталады?
5) Қарыз алушы компаниялардың несиелік қабілеті қалай бағаланады?
Әдебиеттер: Н:1-5 .Қ: 1-6
Тақырып 7: Потенциалды қарыз алушылардың несиеге қабілеттілігін талдау
Сабақтың мақсаты: Қарыз алушылардың несиеге қабілеттелігін қалай анықталатындығын талқылау
Глоссарий
Мерзімділік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
Қарыз алушының несиеге қабілеттілігі – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айрысу қабілеті.
Негізгі сұрақтары:
1. Потенциалды қарыз алушылардың несиеге қабілеттілігін талдаудың мәні, мақсаты және міндеттері.
2. Несиеге қабілеттілікке әсер ететін факторлар.
3. Қарыз алушының қаржылық көрсеткіштерін талдау. Рейтингтік бағалау.
4. Несиеге қабілеттілікті бағалаудың статистикалық әдістері
Бұл қағидат несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі нұсқасымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
Мерзімділік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық қағидаты туындайды.
Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқада тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидатына ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл қағидатты сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаттары тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:
орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі
банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі
өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері
банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс)
несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады)
несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі
еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары болуға тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынанбанктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады).
Cонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресустар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:
і Pn
І ,
360 * 100
мұндағы:
і – сыйақы мөлшері;
P - қарыз қалдығы;
n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
І – ссуданың барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:
і n
І Р [ ( 1 + ) - 1 ] ,
1200
мұндағы:
і – сыйақы мөлшерлемесі;
P – несиенің бастапқы сомасы;
І - несиенің барлық мерзіміне есептетін сыйақы сомасы;
n – аймен берілген несиенің ұзақтығы.
Егерде несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:
іg t1 іg t2
Іg Q [( 1+ ) – (1+ ) ],
1200 1200
мұндағы:
Достарыңызбен бөлісу: |