Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі



бет11/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие.

  • Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.



    Негізгі сұрақтары:
    1. Несиелеу объектілері мен субъектілері.
    2. Банктік несиелерді жіктеу және банктік несиелеу қағидалары.
    3. Несие беру кезеңдері.
    4. Коммерциялық банктердің несиелік саясаты

    1. Несие жүйесi – жалпы банктердiң (ұлттық және коммерциялық) және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес мекемелердiң жиынтығы.


    Несие жүйесi ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда өзге де несиелiк мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгіне қарай несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасады.
    Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы бар. Егер несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтер сипатын жіктеменің негізі етіп алсақ, онда қазіргі кездегі несиелік жүйенің үш маңызды элементін бөліп көрсетуге болады:

    • Орталық (эмиссиялық) банк;

    • коммерциялық банктер;

    • мамандандырылған несие мекемелері (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік және т.б.)

    Шаруашылық буындардың ұсынатын несие-қаржы қызметтерінің функционалдық мамандануы, көлемі мен санына сәйкес несиелік жүйенің ядросын банктік жүйе құрайды, ал несие институттарының қызметін үйлестіруші ортақ орган болып – Орталық банк есептеледі.
    Орталық банк – бірінші деңгейдегі басты мемлекеттік банк, мемлекеттік, халықтық және ұлттық банк деп аталуына тәуелсіз кез келген елдің ақша-несие институты. Орталық банк – бұл «банктердің банкі». Ол заңды және жеке тұлғалармен операцияларды жүргізбейді. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа несиелік мекемелер, сонымен бірге үкіметтік ұйымдар, оларға әр алуан қызметтер ұсынады.
    Орталық банк тікелей ықпал ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін банктік мекемелерге ғана қатысты орындайды. Орталық банк несиелік жүйенің басқа буындарына негізінен тек жанама ықпал етеді, ол несиелік және ақшалай операциялардың, нарықтың әр алуан секторларының, қаржы-несие қызметтерінің өзара байланысынан көрініс табады.
    Коммерциялық банктер ссудалық капитал нарығының әр түрлі секторларында әрекет етуші көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар мен қызметтердің басым бөлігін орындайды. Коммерциялық банктер дәстүр бойынша кез келген елдің несие жүйесінің базалық жүйесі рөлін атқарады.
    Олар бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың және милиондаған жеке тұлғалардың салымдарын жинақтаушы қаржы орталығы болып табылады. Ссудалық және инвестициялық операциялар арқылы коммерциялық банктер әр түрлі қарыз алушылар үшін өз қорларына жол ашады. 2005 жылдың басына қарай қазақстанда 35 банк әрекет етті.
    Мамандандырылған қаржы-несие мекемелері (оларды басқаша парабанктер деп атайды) нарықтық экономикадағы несиелік жүйенің маңызды және объективті қажетті буыны болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі буындарында және халыққа көрсететін несие жүйесінің қызметтері толық болмай қалады.
    Парабанктік мекемелер не клиенттердің белгіленген типтеріне қызмет көрсетуге , не банктік қызметтің бір-екі түрін жүзеге асыруға бағытталады. Олардың қызметі көп жағдайда нарықтың шағын сегментіне қызмет көрсетуге, арнайы клиенттерге қызметтерді және де арнайы қызметтерді ұсынуға негізделеді.
    Бұл мекемелер үшін екі жақты тәуелділік тән болады: бір жағынан, несиелік-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырумен байланыса отырып, олар Орталық банктің сәйкес талаптарын негізгі алуы тиіс; екінші жағынан, белгілі бір қаржылық, сақтандыру, инвестициялық немесе басқа операцияларға мамандана отырып, олар сәйкес ведомстволардың реттеуші ықпалына түседі.
    Қазақстанның несие жүйесі 1999 жылдан бастап өз егемендігін алғаннан кейін қалыптасты.
    Қазақстанның несие жүйесі орталық банк – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен, екінші деңгейлі 35 банктен, олардың ішінде 2 мемлекеттік (Қазақстан Даму банкі, Қазақстан Құрылыс-жинақ банкі), 83 несиелік серіктестік (соның ішінде 50 ауылдық), 157 микронесиелік ұйымдар, 75 ломбард, «Қазпошта» акционерлік қоғамы бастаған пошталық-жинақ жүйесі, 36 сақтандыру компаниясы, 16 мемлекеттік емес жинақ ұлттық қоры, 6 жаңа инвестициялық қор, Қазақстанның мемлекеттік қоры және басқалардан тұрады.
    Несиелік саясат – банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді.
    Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер көрсетілуге тиіс:

    • несиелік қызметті ұйымдастыру;

    • несиелік портфелді басқару;

    • несиелеуге бақылау жасау;

    • құзіретті бөлу қағидаттары;

    • несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;

    • несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;

    • несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың қағидаттары;

    • несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

    Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай құрылымдық элементтері болады:

    • несиенің түрлері;

    • несиелеу объектілері;

    • несиелеу субъектілері;

    • несиелеу әдістері;

    • несиелеу процессі (несиелеу механизмі);

    • несиелеу қағидаттары;

    • несиелік тәуекелді басқару;

    Несиенің түрі – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісі.
    Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің түрі сол күйінде сақталады.
    Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді. Оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:

    1. Қарыз алушылар категорияларына қарай:

    1. Қаржылық институттарға берілетін несиелер:

    • мақсатты қорларға;

    • банктерге;

    • қаржы-несиелік мекемелеріне.

    1. Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:

    • өнеркәсіп салаларына;

    • ауыл шаруашылығына;

    • саудаға;

    • дайындау ұйымдарына;

    • жабдықтау-сату ұйымдарына;

    • кооперативтерге;

    • жеке кәсіпкерлерге.

    1. Тұтыну мақсатына берілетін несиелер.
    1. Мерзіміне қарай:

    • қысқа мерзімді (1 жылға дейін);


    • орта мерзімді (1 жылдан 3 –5 жылға дейін);

    • ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары).

    1. Тағайындалуы және пайдалану сипатына қарай:

    • негізгі қорларға жұмсалатын;

    • айналым қаражатына жұмсалатын.

    1. Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай:

    1. Қамтамасыз етілген:

    • кепіл-хатпен,

    • кепілдемемен;

    • кепілдікпен

    1. Сақтандырылған.

    2. Қамтамасыз етілмеген:

    • сенім (бланктік)несиесі.

    1. Қайтарылу дәрежесіне қарай:

    1) Стандартты несие - қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтуында ешқандай күмән жоқ несиелер;
    2) Күмәнді несиелер - қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, күмәнді несиелер ішінара бөлінеді: 1-санатты күмәнді, 2-санатты күмәнді, 3-санатты күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді.

    1. Үмітсіз несиелер - қайтару уақыты кешіктірілген, мерзімі өткен ссудалар шотына жазылған несиелер.

    1. Валютамен берілуіне қарай:

    • ұлттық валютамен;

    • шетел валютасында.

    1. Берілу шартына қарай:

    • Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие.
    • Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.


    • Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру арқылы ондағы дебеттік қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.

    • Овернайт несиесі – өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге берілетін банкаралық несиенің түрі.

    • Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие.

    • Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.

    • Ломбардтық несиесі – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.

    • Лизингтік несие - құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.

    • Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары клиенттерге берілетін несие.

    • Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға араналған несие.

    • Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері.

    Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптардың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал, қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке тұлғалар жатады.
    Несиелеу объектісі - бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
    Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несие материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк алдындағы шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде де болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, негізгі және көмекші матариалдарды, жанар-май, ыдыстар, сатып алынатын жартылай өнімдер, азықтар және басқада материалды құндылықтардың маусымдық жинағы және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады. Мұндай қорларды жасау, ең бастысы, өндіріспен және өнімдерді сату процесімен тығыз байланысты. Несиелеу объектісіне, экспортты және импортты тауарлар мен қызметтермен жабдықтау, экономикалық қызметке байланысты шығындар, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың сатып алынатын шикізаттары, материалдары, құралдары және басқада мүліктері, ломбардтық операциялар, шаруашылық субъектілердің кірістері мен шығыстары арасындағы алшақтық жатады.
    Ұзақ мерзімді несиелеу объектілеріне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:

    • өндіріс объектілерінің құрылысы;

    • өндіріс объектілерін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;

    • техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;

    • жаңа өнім шығаруды ұйымдастыру;

    • өндірістік емес маңызы бар объектілерді салу.Несиелеу қағидаттары (принциптері) несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

    • Несиелеу қағидаттарынегізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу қағидаттарына байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.

    Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру қағидаттары екі топқа бөлінеді:
    І топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі қағидаттар:

    • несиенің мақсаттылығы;

    • несиенің дифференциялдығы.

    ІІ топқа – несиенің мәнін бейнелейтін қағидаттар:

    • несиенің мерзімділігі;

    • несиенің қайтарымдылығы;

    • несиенің төлемділігі;

    • несиенің қамтамасыз етілуі.

    Қазіргі несиенің дифференциялдық қағидаттарының мазмұны өзгерген десе болады. Біріншіден, ол мерзімділік қағидаттарымен байланысады, яғни несие уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл қағидат несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және сұралып отырған ссуданың қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі нұсқасымен салыстырғанда қаталдау болып табылады.
    Мерзімділік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан келіп, несиенің қайтарымдылық қағидаты туындайды.
    Несиенің қайтарылымдылығы оның экономикалық категория ретінде басқада тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
    Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл қағидатына ерекше мән берілген. Біріншіден, оның сақталуына байланысты ұдайы өндірісте ақшалай қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі тәуелді. Екіншіден, бұл қағидатты сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидаттары тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына жол бермейді. Үшіншіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бұл принциптің сақталуы банктен жаңа несие алуға мүмкіндік береді.
    Несиенің төлемділігі – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылатындығын білдіреді. Іс жүзінде ақылылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі.
    Несиеге қойылатын сыйақы мөлшерлемесін несиенің бағасы деп те атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
    Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде ескеретін басты факторларына мыналар жатады:

    • орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары (мүдделендіру) бойынша белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі

    • банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі

    • өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа сыйақы мөлшері

    • банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған (қаражаттар үлесі қаншалықты жоғары болса, несие бағасы соғұрлым қымбат болуға тиіс)

    • несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы да арзан болады)

    • несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ, банк үшін оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі

    • еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (инфляция қарқыны қаншалықты жоғары болса, соған сәйкес несие үшін төленетін сыйақыда жоғары болуға тиіс, себебі, инфляция жағдайындағы ақшаның құнсыздануынанбанктің ресурсын жоғалту тәуекелі артады).

    Cонымен қатар, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Шын мәнісінде, заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресустар қаншалықты қымбатқа түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
    Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
    Жай сыйақыны есептеу формуласы келесідей түрде беріледі:

    і Pn
    І  ,


    360 * 100

    мұндағы:


    і – сыйақы мөлшері;
    P - қарыз қалдығы;
    n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны;
    І – ссуданың барлық мерзіміне есептелетін жай сыйақы сомасы.
    Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақыны есептеу формуласы төмендегідей:
    і n
    І  Р  [ ( 1 +  ) - 1 ] ,
    1200
    мұндағы:
    і – сыйақы мөлшерлемесі;
    P – несиенің бастапқы сомасы;
    І - несиенің барлық мерзіміне есептетін сыйақы сомасы;
    n – аймен берілген несиенің ұзақтығы.

    Егерде несиелеу мерзімі кезеңінде қарыз қалдығының бір бөлігі мерзімі өткен ссудалар шотына жатқызылса, онда мерзімі өткен ссудалық қарызға сыйақыны есептеу келесідей формулаға байланысты жүргізіледі:


    іg t1 іg t2


    Іg Q  [( 1+ ) – (1+ ) ],
    1200 1200

    мұндағы:
    Іg – мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;


    G - мерзімі өткен қарыз сомасы;
    іg - мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айыппұл);
    t1 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі;
    t2 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға дейінгі уақыт мезгілі.

    Несиелеудің келесі бір қағидаты - берілетін ссудалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл қағидаттығ пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте келе, бұл қағидаттыңң мазмұны толығымен өзгерген.


    Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.
    Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
    Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
    Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
    Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей сипатта болуын білу шарт:
    Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.
    Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.
    Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
    Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
    Кепіл-хат - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепіл-хаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепіл-хаттың ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепіл-хатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
    Кепіл-хат – күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді.
    Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген болып келеді.
    Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепіл-хат бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепіл-хат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме - бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепіл-хаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.
    Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепіл-хаттар. Жеке кепіл-хат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепіл-хаттары басқа бір корпорациялардың алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепіл-хаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепіл-хаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.
    Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы –несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.
    8.2. Банктердің несиелік қызметтерінің маңызды бағыттарының біріне корпоративтік клиенттерді несиелеу жатады.
    Корпоративтік клиент – қызмет көрсетуде ерекше басымдықтарды иеленетін және даму барысында ынтымақтасуға болатын банк клиенті.
    Корпоративтік клиент деп материалдық өндіріс саласының өнім шығаратын және қызмет көрсететін кез келген кәсіпорындарын түсінуге болады.
    Корпоративтік клиенттерге акционерлік қоғамдар, жеке компаниялар мен фирмалар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары, бірлескен кәсіпорындар жатады.
    Корпоративтік клиенттерді несиелеу – банктік мекемелерден өзге заңды тұлға болып табылатын банктің клиенттеріне несие беруді білдіреді.
    Корпоративтік клиенттерді несиелеу мынадай екі қызмет атқарады:

        1. макроэкономикалық – елдің экономикасын инвестициялауға арналған ақшалай ресурстарды жұмылдыру;

        2. микроэкономикалық – банктердің табыстылығы мен тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін негізгі табыстарды алу.

    Корпоративтік клиенттерге берілетін несиелерге мыналар жатады:
    Овердрафт (ағыл.overdraft - жоспардан жоғары) - клиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше формасы. Мұндай жағдайда клиенттің шотынан қаражатты толық көлемде шегеріп тастап, банк, шоттағы қалдықтан асатын сомада клиентке автоматты түрде несие береді.
    Овердрафт нәтижесінде, бухгалтерлік тілмен айтқанда банкте дебеттік қалдық түзіледі. Овердрафты келісімшарт бойынша банктің сенімді клиенттері ғана пайдалана алады, ол келісімшартта овердрафтың ең жоғарғы сомасы, овердрафт бойынша несие беру және оны қайтару шарты көрсетіледі. Овердрафтың басқа қарыздардан ерекшелігі, несиені қайтарудағы барлық сома клиенттің ағымдық шотында есепке алынады.
    Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие. Масымдық несие көбіне ауыл шаруашылығы өндірушілеріне егін салып одан табыс алғанға дейінгі шығынды жабу мақсатында беріледі.
    Лизингтік несие – банк клиенттерінің құрал-жабдықтарды және техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.
    Сенім несиесі – банктің сеніміне кірген, төлем қабілеті жоғары корпоравтиік клиенттерге берілетін несие. Мұндай несиелер қамтамасыз етусіз беріледі.
    Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жоабалрды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.
    Инвестициялық несиелер – жаңа өндіріс орнын ашуға, өндірісті қайта құруға және кеңейтуге арналған ұзақ мерзімді несие.
    Инновациялық несие – банк клиенттерінің өндіріске озық технологияларды немесе нау-хауды иегеруімен байланысты берілетін ұзақ мерзімді несие.
    Вексельдік несие – банктің сенімді клиентеріне вексель формасында берілетін қысқа мерзімді несиесі. Мұндай вексельдерді банктер шағарады және олардың номиналдық құны болады, сондай-ақ олардың бағасы жай банктік несиеге қарағанда біршама арзан.
    Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай фабрикат және дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие.
    Контокорренттік несие - клиенттің барлық түсімдері мен төлемдері есепке алынатын банктегі бірыңғай ағымдық (контокорренттік) шоты бар, өзінің тұрақты клиенттеріне банктің беретін несиесі.
    Ломбардтық несие - тауарлы-материалдық құныдылықтар мен мүліктік құқықтарды, бағалы металдарды, бағалы қағаздарды және т.б. кепілге ала отырып қысқа мерзімге несие берушінің қатаң тіркелген сомада беретін несиесі.
    Форфейтингтік несие - сыртқы сауда операцияларында қолданылатын коммерциялық вексельді сатып алу жолымен экспортерлерды немесе сатушыларды қысқа мерзімді (180 күнге дейінгі) несиелеу нысаны. Банк (форфейтор) экспортердан (сатушыдан) сатқан тауары үшін импортердің (сатып алушының) берген ақшалай міндеттемесін (векселін) сатып алуы арқылы экспортердің сатқан тауарының құнын толық немесе жартылай төлейді. Кейіннен импортер (сатып алушы) форфейтордың көрсеткен міндеттемесі бойынша ақшалай соманы оған төлейді. Тез арада төлегені үшін форфейтор-банк экспортерден пайыз ұстап қалады.
    Факторингтік несие – жабдықтаушының немесе банк клиентінің жабдықтаған тауары мен көрсеткен қызметтері үшін төленбеген төлем талабын (шот-фактурасын) банкке сатумен байланысты несиелік операция.
    Экспорттық несие - экспорты қолдау құралы ретінде өнімді сатуды қаржыландыру мақсатында сатып алушыға немесе оның банкіне берген несие. Фирмалық экспорттық несие экспортер тарапынан беріледі де банктен қаржыландырмайды. Банктік экспорттық несие банктен шетелдік сатып алушыларға тікелей беріледі.
    Несиелік желі – келісілген лимит шегіндегі белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушығы несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.
    Ашылған несиелік желі арқылы несиенің есебінен банк пен қарыз алушының арасында жасалынған несиелік келісім-шартқа сәйкес, кез келген есеп айырысу құжаттарын төлеуге болады. Несиелік желі көбіне бір жылға ғана ашылады, бірақ кейде одан да қысқа мерзімге ашылуы мүмкін. Клиент банктен несиелік желі мерзімінің кез келген уақытында қосымша келіссөздер жүргізбей-ақ және ешқандай бланк толтырусыз несие ала алады. Бірақ банк қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлағанын байқап қойса, бекітілген шек көлемінде несие беруге келіспеу құқығы сақталады. Белгіленген тәртіп бойынша, несиелік желітұрақты қаржылық жағдайы және жақсы ресурстары бар клиенттерге ашылады. Клиенттің өтініші бойынша несиелеу шегі қайта қаралуы да мүмкін.
    Несиелік желінің жаңартылатын және жаңартылмайтын түрлері болады. Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас аяқталады. Жаңартылатын несиелік желі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде қарыздың белгіленген лимит шегінде беріледі және өтеледі. Несиелік желі, сол сияқты, мақсатты да болуы мүмкін. Мұндай мақсатты несиелік желі клиенттің бір контракт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды төлеуі үшін ашылады.
    Жоғарыда аталған несиелерді банктер копоративтік несиелеу тәжірибиесінде кеңінен қолдануда.
    Корпоративтік клиенттерді несиелеуге қажетті құжаттар жинау несиелеу үрдісінің 1-кезеңінде жүзеге асады. Бұл кезеңде клиент банктің несие менеджерімен сұхбаттасып, кеңес алғаннан кейін және несиелеу шартымен толық келіскен жағдайда банктің жасаған формасында құжатты немесе құжатсыз (компьютердегі арнайы бағдарлама) түріндегі несие алу үшін өтінішін және сауалнаманы толтырады және несие алуға қажетті құжаттарды жинақтап банкке тапсырады. Қажет құжаттардың тізімін несие менеджері клиенке тапсырады. Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әртүрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін.
    Жалпы банкке тапсыратын клиенттің құжаттары екі топқа бөлінеді: несиелік сараптама және заңи сараптамаға арналған құжаттар.
    Клиенттердің әр түрлі топтары үшін әртүрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысал ретіндегі құжаттар пакетінің құрамына жататындар:

    1. құрылтайшылық құжаттардың, жарғының, жалға алу шарттарының, тіркелген куәліктерінің немесе патенттерінің, жерді пайдалану құқығын куәландыратын құжаттарының нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі;

    2. кәсіпорының басшысының немесе кәсіпорын атынан несие алуға сенім білдірген тұлғаның төл құжаты және клиенттің несие алуға құқығын растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері;

    3. қаржылық есебі, яғни соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы, қаржылық қызметінің есебі, ақша қаражаттарының қозғалысының есебі;

    4. несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық - экономикалық есебі;

    5. несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім шарттар көшірмелері (материалдық бағалылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық бағалылықтар шотының көшірмелері және т.с.с),

    6. алашақ және берешек қарыздары туралы құжат (қарыздарының пайда болу себебі мен мерзімі, және оны өтеу мерзімдері көрсетілуге тиіс);

    7. басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме);

    8. қаматамасыз ету мақсатында кепілге берілген мүлікке қарыз алушының меншік құқығын растайтын құжаттар;

    9. несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар;

    10. қызметін жаңадан бастаған, яғни қаржылық есептер және басқа да құжаттары жоқ кәсіпорынның бизнес жоспары.

    Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады. Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін.
    Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақытта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін сауалнама толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; ағымдық және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттері; негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.
    Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалауда мынадай ақпарат көздерінің маңызы зор:

    • өтініш жасаушымен тікелей сұхбаттасу, яғни банк қызметкері ссуда алуға өтініш жасау себептерін біле отырып, өтініштің банктің несиелік саясатынан туындайтын талаптарына жауап беретіндігіне мән береді. Қарыз алушының тарихы, өнімінің және көрсететін қызметінің сипаты, шикізат көздері, жұмыскерлерінің біліктілігі туралы ақпараттар жинайды. Бұл ақпараттар басқа жолдармен тексеріледі;

    • клиенттерінің несиелік қабілеті, олардың өткен уақыттардағы несиелерге қатынасы, шоттардағы қалдықтары және т.б. туралы ақпараттардан тұратын банк картотекасын жүргізу;

    • орнында инспекция жүргізу;

    • қаржылық есебін талдау;

    • басқа банктермен контракт арқылы, қарыз алушының жабдықтаушылары арқылы, салық инспекциялары арқылы сырттай ақпарат көздері.

    Шетелде клиенттердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және оны беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер бар. Қазіргі уақытта дамыған елдерде, банктерге келісім шарт негізінде қызмет көрсететін сондай бірнеше тәуелсіз ұйымдар жұмыс жасайды. Мысалға, фирма “Дан энд Брэд форд” 3 млн. жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларда жариялайды. Біздің елімізде 2003 жылдан бері Несиелік бюро қызмет ете бастағанымен әлі банктердің, онымен ақпараттар алмасуы дұрыс жолға қойылған жоқ. Банктер әлі де болса несиелік қабілетті талдауда тек қана клиенттердің берген құжаттарын пайдаланумен шектеледі.
    Қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау оның қаржылық жағдайына баға беруді сипатайды. Қаржылық жағдайына баға беруде клиенттің қаржылық құжаттары қолданылады.
    Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның мынадай төлем қабілетінен байланысты:

    1. шаруашылық шарттарына сәйкес төлем талаптарын уақтылы қанағаттандыру;

    2. несиені қайтару;

    3. жұмыскерлер мен қызметкерлерге жалақы төлеу;

    4. бюджетке төлемдерді және салықтарды төлеу.

    Қарыз алушының қаржылық жағдайы жақсы болса, ол барлық міндеттемелері бойынша есеп айырыса алады.
    Қарыз алушының несиелік қабілетін банктік талдау шектеулі және кең көлемде жасалады. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау үшін оның тиімділігін, төлем қабілеттілігін, шаруашылық-қаржылық қызметін жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін ұсынатын көптеген әдістемелер қолданылады.
    Кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын талдау үшін негізгі көздер ретінде қаржы Министрлігі бекіткен келесідей жылдық бухгалтерлік есеп формалары қызмет етеді: ”Кәсіпорын балансы” (№1 форма); ”Қаржы нәтижелері және оларды пайдалану туралы есебі” (№2 форма); Кәсіпорын балансына қосымша бет (№3 форма); сондай-ақ ҚР статистикалық есеп формасы ”Кәсіпорынның (ұйымның) қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері туралы есебі” (№1 – Ф – мерзімді – тоқсандық формалары) және Кәсіпорынның (ұйымның, мекеменің) өнімінің (жұмыстар, қызмет) кеткен шығындары туралы есебі” (№5-з – мерзімді – тоқсандық- жылдық формалары).
    Отандық банктік тәжірибеде қарыз алушының компаниялардың несиелік қабілетін бағалауда мынадай қаржылық коэффициенттердің төрт тобы пайдаланылады:

    • өтімділік коэффициенті;

    • қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуелділік коэффициенттер;

    • компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған айналымдылық коэффициенттер;

    • пайдалылық коэффициенттер.

    Осы көрсеткіштердің есептелу алгоритміне тоқталайық.
    1. Өтімділік коэффициенті.
    Өтімділік коэффициентінің өзі екі коэффициент көмегімен анықталады:

    • ағымдағы өтімділік коэффициенті;

    • тез өтімділік коэффициенті.




    Ағымдағы активтер
    Ағымдағы өтімділік коэффициенті 
    Ағымдағы міндеттеме



    Мұндағы ағымдағы активтерге кассадағы және банктік шоттағы қаражаттар, дебиторлық таза қарыз, тауарлы-материалды запастар, өзге ағымдағы активтер (алдағы уақыт шығыстары, өтімділігі жоғары бағалы қағаздарға жұмсалымдар және т.с.с.). Дебиторлық таза қарыз дебиторлық қарыз қалдығынан үмітсіз қарыздарды жабуға арналған резервті шегеру арқылы анықталады. Тауарлы-материалды запастардың да айналым мерзімі 1 жылдан аспауға тиіс.


    Ағымдағы пассивтерге қысқа мерзімді ссудалар, жабдықтаушылардың, бюджеттің, жұмыскерлерінің алдындағы төленбеген қарыздары, өзге ағымдағы міндеттемелер жатады.
    Ағымдағы өтімділік коэффициенті бұрынғы өтеу коэффициенті ретінде белгілі. Бұл коэффициент ағымдағы міндеттемелердің ағымдағы активтермен қаншалықты қамтамасыз етілетінін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің мәні 0,70-тен 1,20 ға дейінгі аралықта болуға тиіс. Егер оның мәні 1,20-дан артып кетсе, онда тауарлы-материалды запастарға (ТМЗ) салынғын қаражаттар айналысының бәсеңдеуін немесе дебиторлық қарыздың жоғары болуын көрсетеді. Ал оның мәнінің төмен болуы клиенттің төлем қабілетсіздігін баяндайды.
    Жалпы бұл көрсеткіштің мәнінің жоғары болуы, қарыз алушының қарыжылық тұрақтылығын білдіреді.
    Дүниежүізілік банктік тәжірибеде бұл көрсеткіштің нормативтік мәні клиенттердің классына қарай әр түрлі болып келуі мүмкін:
    І,ІІ,ІІІ класс үшін – 2,0;
    IV класс үшін –1,5;
    V-VI класс үшін – 1,25.

    Тез өтімділік Ағымдағы активтер - ТМЗ


    коэффициенті 
    Ағымдағы міндеттеме



    Бұл көрсеткіш тауарлы –материалды запастарды (ТМЗ) тез арада сату мүмкіндігі болмаған жағдайдағы қарыз алушының қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу мүмкіндігін бағалауға көмектеседі.


    Аталған коэффициенттің мәнінің 0,4-тен 0,6-ға дейінгі аралықта болғаны дұрыс. Бөлшек сауда компанияларында оның мәні 0,3-тен 0,4 аралығында болуы ықтимал. Оның мәнінің жоғары болуы дебиторлық қарыздардың өсуінен туындайды.

    2. Қаражат көздерін тиімді басқаруды талдауға арналған қаржылық тәуелділік коэффициенттер.


    Бұл топтың коэффициенттерін талдау қарыз алушының меншікті капиталының қамтамасыз ету дәрежесіне және оның тартылған қаражат көздеріне жалпы тәуелділігіне баға беруге мүмкіндік жасайды. Аталған көрсеткіш коэффициенттеріне мыналар жатады:

    • міндеттеменің активке қатынасы;

    • міндеттеменің капиталға қатынасы.




    Міндеттеменің Бір мерзімдегі орташа қарыз сомасы


    активке 
    қатынасы Бір мерзімдегі орташа активтер сомасы

    Осы және келесі коэффициенттерді есептеген кезде банктерге берешек (қысқа және ұзақ мерзімді), жабдықтаушыларға, бюджетке және т.с.с.берешек орташа қарыздары пайдаланылады.





    Міндеттеменің Бір мерзімдегі орташа қарыз сомасы


    капиталға 
    қатынасы Бір мерзімдегі орташа меншікті капитал сомасы

    Бұл коэффициент жалпы қарызбен меншікті капиталдың шекті қатынасын көрсетеді. Мысалға, коэффициент 2,0 тең болса, онда әрбір қарыздың 2 теңгесіне меншікті капиталдың 1 теңгесі келеді дегенді білдіреді немесе ол активтердің 67-ы қарыздың есебінен және 33-ы меншікті капиталдың есебінен қаржыландырылатын сипаттайды..
    Дүниежүізілік банктік тәжірибеде бұл көрсеткіштің нормативтік мәні клиенттердің классына қарай әр түрлі болып келуі мүмкін:
    І класс – 0,66
    ІІ класс –1,00
    ІІІ класс үшін – 1,10
    IV класс үшін –1,25
    V класс – 1,75
    VI класс үшін – 2,00.
    3) Компанияның ресурстарын пайдалану тиімділігін талдауға арналған айналымдылық коэффициенттер.
    Оларғы мыналар жатады:

    • дебиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен);

    • кредиторлық қарыздың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен);

    • ТМЗ-дың айналымдылық ұзақтылығы (күнмен).




    Дебиторлық Дебиторлық қарыздың орташа сомасы


    қарыздың  360
    айналымдылығы Сатудан түскен түсім



    Дебиторлық қарыздың айналымдылық мерзімі ұзақ болған сайын оны қайтармау тәуекелі туындайды. Сондықтан бұл көрсеткішті талдағанда әрбір заңды және жеке тұлғаға қатысты дебиторлық қарыздың құрылым мен сапасына, оның пайда болу себептері мен қайтарылу жағдайын басты назар аудару қажет. Сонымен қатар дебиторлық қарыздың айналым қаражаттарындағы үлесін бағалау қажет (қаншалықты оның үлесі жоғары болса соғұрлым компанияның активтері өтімсіз). Талдау барысында дебиторлық қарыздың құрамындағы күмәнді және үмітсіз қарыздардың үлесін анықтау арқылы, оның сапасын бағалауға болады (қаншалықты оларды үлесі жоғар болса, соншалықты компанияның өтімділігі төмендейді). Дебиторлық қарызды талдауда айналым-сальдолық ведмосты, ірі қарыздар бойынша төлем құжаттарын (төлем тапсырмасын, тауарлы көлік жүкқұжаттары және т.с.с) пайдалану қажет.

    Кредиторлық Кредиторлық қарыздың орташа сомасы


    қарыздың  360
    айналымдылығы Сатудан түскен түсім



    Кредиторлық қарыздың айналымдылық есептеу дебиторлық қарызды есептеумен ұқсас. Бұл жерде дебиторлық қарыздың ұзақтығы мен кредиторлық қарыздың ұзақтығын өзара салыстыру арқылы компанияның ақшалай қаражаттарының түсуі мен жұмсалуының орташа жылдамдығын бағалауға болады.



    ТМЗ ТМЗ орташа сомасы 360


    айналымдылығы 
    Өнімді өткізудің өзіндік құны



    Бұл көрсеткіштің мәні өскендігі ТМЗ-дың артқанын, яғни сұраныстың азайғандығынан қоймада тауарлардың жиналып қалғандығын және оны сақтау шығындарының артатынын сипаттайды. Кейде оның өсуі шикізат пен материалдарға алдағы уақыттары бағаның өсуімен де байланысты болуы мүмкін. Ал оның мәнінің төмендігі, ТМЗ-дың жеткіліксіздігін, оның бизнестің дамуын тежейтіндігін көрсетеді. Сондықтан талдау объективті болуы үшін компанияның орналасқан жеріне барып, оның қоймасындағы сақталған тауарлардың барлығына көз жеткізген дұрыс.
    4) Пайдалылық коэффициенттері.
    Бұл көрсеткіш компанияның пайдалылық және рентабельділік деңгейін көрсетеді және ол пайданың әр түрлі нұсқалары мен сатудан түскен түсімге қатынасы арқылы есептеледі.
    Мұндай коэффициенттерге мыналар жатады:

    • жалпы пайда нормасы;

    • таза пайда нормасы;




    Жалпы Жалпы пайда
    пайда 
    нормасы Сатудан түскен түсім


    Таза Таза пайда
    пайда 
    нормасы Сатудан түскен түсім

    Есептелінетін таза пайда нормасы немесе сату рентабельдігі өткен кезеңегі аталған көрсеткіштің мәнімен өзара салыстырылады. Бұл көрсеткіштің төмендеуі қарыз алушының бәсекелестік қабілетінің төмендеуін сипаттайды. Ол өз кезегінде оның өніміне деген сұраныстың азаюына әкеледі.
    Қарыз алушының несиелік қабілетіне жоғарғыдағы көрсеткіштерді пайдаланып баға бергенен кейін, егер клиенттің несиелік қабілетті болса, онда несиелік сарапшы Несиелік комитеттің қарауына қарыз алушының сипаты туралы сараптамалық қорытынды жасайды (14-қосымша).
    Несиелік сараптаманың қорытындысына қосымша бет ретінде кепіл мүлкін бағалау есебі жүреді. Кепіл затын банкте тәуелсіз бағалаушы іске асырады. Кепіл затын бағалау нарықтық және шығындық әдіспен жүзеге асуы мүмкін. Кепіл затын бағалау барысында кепілдік құны анықталады. Сол кепілдік құнынының 70% көлемінен аспайтын мөлшерде банк клиентке несие бере алады. Кей жағдайда клиенттің сұрайтын несиесінің сомасы кепіл құнының мөлшерінен асып кетсе, онда банк клиенттен қосымша кепіл затын кепілге қоюды талап етеді.
    Сонымен қатар, несиелік сараптама қорытындысы негізінде берілетін несиеге байланысты тәуекел деңгейі анықталады. Несиелік тәуекел несиелік рейтингін бағалау көмегімен есептеледі. Несиелік тәуекелді бағалауды Тәуекел басқармасының қызметкері жүргізеді. Егер несие бойынша тәуекел деңгейі жоғары болса, онда несиенің бағасы қымбаттауы, немесе несие алуда клиенттің бастапқы салымды көбірек төлеуі, кей жағдайларда банктің несие беруден бас тартуы орын алады.
    Егер несиелік тәуекел төмен болса және Несиелік комитет оң шешім қабылдауына байланысты несиелік келісімшарт пен кепіл туралы келісімшарт жасалады.




    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   43




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет