Іg – мерзімі өткен қарыз бойынша есептелген сыйақы сомасы;
G - мерзімі өткен қарыз сомасы;
іg - мерзімі өткен қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі (айыппұл);
t1 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарызға байланысты сыйақы есептелген күнге дейінгі уақыт мезгілі;
t2 - несие бергеннен бастап мерзімі өткен қарыз пайда болғанға дейінгі уақыт мезгілі.
Несиелеудің келесі бір қағидаты - берілетін ссудалардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл қағидаттығ пайда болуы негізінен несиенің экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте келе, бұл қағидаттыңң мазмұны толығымен өзгерген.
Ал, бүгінгі несиенің қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепіл-хат, кепілдеме, сақтандыру міндеттемелері қолданылуда.
Енді осы несиенің қамтамасыз етілу тәсілдеріне тоқталайық.
Кепілге берілетін ссуда – бұл қарыз алушының активтерімен қамтамасыз етілген несие. Кепілге берілетін активтер қарыз алушының иелігінде қалып, оның пайдалануында болады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Несие берушінің кейбір активтерді анықтаудағы нақты мәселелері кездеседі. Сондықтан кепілге берілетін кейбір активтердің төмендегідей сипатта болуын білу шарт:
Біріншіден, кепілге несие берілуі туралы шешім қабылдағанға дейін жеңіл бағаланатын болуға тиіс.
Екіншіден, кепілге алынатын мүліктің нарықтағы қозғалыс мүмкіндігін үнемі тексеріп отыру қажет.
Үшіншіден, кепілдің өтімділік дәрежесін есепке алу өте маңызды, басқаша айтсақ, кепілге алынатын зат көп уақыт өтпей нақты ақшаға айналуға тиісті.
Төртіншіден, кепіл туралы келісім жасасқанда, кепілдің амортизациясын немесе моральдық тозу жақтарын ескеру қажет. Өйткені, кейбір активтер басқаларына қарағанда өзінің бастапқы құнын тез жоғалтады.
Кепіл-хат - қарыз алушы төлеуден бас тартқан жағдайда, үшінші бір жақтың қарызды өтеймін деген жазбаша міндеттемесін береді. Бұл жағдайда кепіл-хаттың заңдылығы туралы несие берушіге қарыз алушыдан төлеуді кепілдеуге, кепіл берушінің құқығы туралы сұрақтың маңыздылығын ескеру қажет. Кепіл-хаттың ссуданың қамтамасыз ету құралы ретінде пайдалану, кепіл-хатты берушінің тұрақтылығын алдын ала бағалап білуді талап етеді.
Кепіл-хат – күрделі экономикалық құрал ретінде мынадай түрлерге бөлінеді.
Біріншіден, ол қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмегенболып келеді.
Екіншіден, ол шектеулі немесе шектеусіз болады. Шектеусіз кепіл-хат бойынша, оны беруші бір қарыз алушының барлық қарызын несие берушіге төлей алмайтындығы жағдайында төлеуге кепіл береді. Мұндағы кепіл-хат қамтамасыз етілмеген болып келеді. Шектеулі кепілдеме - бұл нақты бір қарыз алушының ссудаға байланысты болатын қарызын төлеуге кепілдік береді. Кепіл-хаттың бұл түрлері біздің елімізде дами алған жоқ.
Үшіншіден, жеке немесе корпоративтік кепіл-хаттар. Жеке кепіл-хат жеке тұлғаларды, серіктестіктерді несиелеу барысында қолданылады. Корпорациялардың кепіл-хаттары басқа бір корпорациялардың алған ссудаларын қамтамасыз етуде жиі пайдаланылады. Бұл аталған кепіл-хаттар дамыған елдер тәжірибесінде кең қолданылғанымен де, біздегі корпорациялардың беретін кепіл-хаттарына банктер әлі де болса, олардың түбінде өтей алатындығына сенімсіздік танытуда.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы –несиелерді сақтандыру. Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналасында көптеген мәселелер орын алуда.
Қарыз алушының несиеге қабілеттілігі – бұл қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелері бойынша толық және уақытылы есеп айрысу қабілеті. Әлемдік және шетелдік банктік тәжірибеде қарыз алушының несиелік қабілетінің мынадай критериерийлерін бөліп қарайды: қарыз алушының мінездмесі, қаражатты қарызға алу қабілеті, ағымдағы қызметі барысына қарызды өтеу үшін қажетті қаражатты табу қабілеті, капиталы, несиенің қамтамасыз етілуі, несиелік мәміле жасалатын жағдай, бақылау.
Осы аталған критерийлер несиелік қабілетті бағалау тәсілдерінің мазмұнын анықтайды. Оларға жататындар:
Іскерлік тәуекелді бағалау;
Менеджментті бағалау;
Қарыз алушының қаржылық тұрақтылығын бағалау;
Қаржылық коэффициенттерді талдау;
Қарыз алушы туралы ақпарат жинақтау;
Ақша тасқынын талдау;
Орналасқан жеріне бару арқылы, қарыз алушының жұмысы қадағалап тұру.
Шетелдік банктер тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетудегі басты шара болып табылады.
Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланылатын әдістерінің біріне PAPSER немесе CAMPARI әдістерін жатқызуға болады:
Р – потенциалды қарыз алушы туралы ақпарат, оның беделі;
А – сұрайтын несие сомасы;
R – несиені қайтару мүмкіндігі;
S – қамтамасыз ету құралы;
Е – несиенің мақсаттылығы;
R – несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі.
CAMPARI:
С – қарыз алушының беделі;
А – қарыз алушының бизнесін бағалау;
М – ссудаға деген ақжеттілікті талдау;
Р – несиенің мақсаты;
R – несие сомасының негізділігі;
І – несиелік тәуекелді сақтандыру әдісі.
Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде «алты си ережесі» қолданылады:
Character (қарыз алушының сипаты);
Capacity (қаржылық мүмкіндігі);
Collateral (қамтамасыз ету);
Cash (ақшалай қаражаттар);
Conditions (жалпы экономикалық жағдай);
Control (бақылау).
Әлемдік тәжірибеде несиелік тәуекелді бағалауда мынадай көрсеткіштер қолданылады:
Активтер сапасындағы коэффициенттер:
К1 = несие бойынша зияндар/несие бойынша қарыздың орташа сомасы;
К2 = несие бойынша зияндар/несиелердің жалпы сомасы
Тәуекелге шағылған маржа (RAM) = (таза пайыздық табыс – несие бойынша зиян)/активтер
Проблемалық несиелер/несиелердің жалпы сомасы.
Бір қарыз алушыға келетін несие/банктің менікті капиталы.
Банкпен тығыз байланысты қарыз алушыларға берілетін несие/банктің меншікті капиталы
Кәсіпорынның (фирманың) несие төлеу қабілеттілігін зерттеу кезінде баланстың әртүрлі баптары мен осы көрсеткіштер динамикасының ара қатынасын сипаттайтын коэффициенттерге талдау жасаудың маңызы зор. Әлемдік банк тәжірибесінде ссуда алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалау үшін көптеген қаржы коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттерді таңдау банк клиенттерінің ерекшеліктерімен, болуы мүмкін қиындық себептерімен, банктің несие саясатымен анықталады.
Экономикасы дамыған елдер үшін клиенттер мен банктер бойынша клиенттердің несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың күрделі және жеке ыңғайда қарастыру әдістері тән болып саналады.
Қазақстанның банк тәжірибесінде қазірдің өзінде қарыз алушының несие төлеу қабілеттілік дәрежесін анықтау оның негізі болып саналатын клиенттің несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың әлемдік тәжірибесі кең түрде қолданылады. ҚР Ұлттық банкі өзге елдердің тәжірибесін басшылыққа ала отырып, қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін талдау арқылы өзінің әдістемелік нұсқауларын әзірлеп-жасайды.
Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігінің дәрежесін анықтау негізінде көрсеткіштердің өлшемдік деңгейі мен олардың рейтингі табылады. Негізгі коэффициенттердің мөлшеріне қатысты қарыз алушылар несие алу қабілеттілігінің үш дәрежесіне (класына) бөлінеді.
Ал қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалау үшін келесідей үш негізгі көрсеткіш қолданылады:
өтімдік коэффициенті (бұдан әрі ӨК);
өтеу коэффициенті (Өтк);
меншікті қаржылармен қамтамасыз етушілік көрсеткіші (МҚҚК).
Өтімдік коэффициенті клиенттің қарызды қайтару үшін айналымнан ақша қаражатын жедел босату қабілеті. Ол мынадай түрде есептелінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |