Дәріс конспектісі пән атауы: Банк ісі



бет8/43
Дата29.09.2023
өлшемі1.03 Mb.
#479212
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43
Конспект лекций дисциплины Банк ісі каз

Бақылау сұрақтар:

    1. Коммерциялық банктердің өзіндік қаражаттары

    2. Коммерциялық банктің процент саясаты және ресурстарды тартудағы оның рөлі

    3. Депозит дегеніміз не?

    4. Депозит коммерциялық банктің қандай операцияға жатады?

    5. Депозиттің қандай түрлері бар?

    6. ҚР депозиттерге кепілдік бар ма?



Әдебиеттер: Н:1-5 .Қ: 1-6


Тақырып 4: Қазақстан Республикасында салымдарға кепілдік беру жүйесі,оның қалыптасуы мен дамуы
Сабақтың мақсаты: ҚР-да салымдарға кепілдік беру жүйесі, оның қалыптасуы және даму тәжірибесі мен таныстыру.
Госсарий
Кепілдік беру жүйесі- міндеті оның халықтың салымдарын өтеу бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында депозиттерге кепілдік беру (сақтандыру) Қорының төлем қабілетін сақтай білүі табылады.
Негізгі сұрақтары:
1. Салымдарды сақтандыру жүйелерінің мәні және түрлері.
2. Салымдарды сақтандырудың шетелдік тәжірибесі.
3. Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру қорының ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 1999 жылы құрылған депозиттерді сақтандыру (кепілдік беру) жүйесі Қазақстан Республикасы банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығының құрамдасы бөлігі болып табылады. Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) кепілдік беру (сақтандыру) қорының құрылтайшысы ҚР Ұлттық Банкі болды, ол Қордың жарғылық капиталына 1 млрд. теңге салды. Депозиттерді сақтандыру жүйесінің негізгі міндеті банкті мәжбүрлеп таратқан жағдайда екінші деңгейдегі банктер салымшыларының (жеке тұлғалардың) мүдделерін қорғау болып табылады.


Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыс істейтін екінші деңгейдегі 35 банктің 33 банкі депозиттерді сақтандыру жүйесіне кіреді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру жүйесінің одан арғы дамуы өтеу нысанын жеңілдету, өтемақы мөлшерін ұлғайту, сақтандырылатын депозиттер түрлерін кеңейту, жүйенің қызмет ету тәуекелін төмендету бағытында ең үздік халықаралық тәжірибені пайдалануға негізделеді.
Қолданылып жүрген жүйе “Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесінің қызмет ету және оған Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің қатысу ережесімен” және “Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) ережесімен” реттеледі. Осы нормативтік құжаттарға сәйкес салымдардың мынадай түрлерінекепілдік берілді:
1. жүйеге қатысушы банктердегі теңгемен және шетел валютасымен мерзімді салымдар, шартты салымдар, талап ету бойынша салымдар;
2. жеке тұлғалардың қатысушы банктерде ашылған ағымдағы есеп шоттардағы теңгемен және шетел валютасымен ақша қалдығы;
3. жеке тұлғалардың қатысушы банктерде ашылған карт – есеп шоттарындағы теңгемен және шетел валютасымен ақша қалдығы болып табылады.
Дауыс беру құқығы бар акциялардың бес және одан астам процентіне ие қатысушы банктің басшы қызметкерлері мен акционерлерінің, олардың жақын туысқандарының (ата-анасы, ағасы, әпкесі, ұлы, қызы) мерзімді салымдары, шартты салымдары, талап ету бойынша салымдары, ағымдағы шоттардағы және карт-шоттардағы ақша қалдығы Қордың кепілдік беру объектісі болып табылмайды. Сонымен қатар, әрбір салым бойынша мөлшері ақшаны салу, толықтыру немесе алу күніне нарықтық бағамы бойынша есептелген баламасы 50 (елу) мың АҚШ доллары сомасына тең немесе одан көп мерзімді және шартты салымдар Қордың кепілдік беру объектісі болып табылмайды.
Кепілдік беру жүйесінің маңызды міндеті оның халықтың салымдарын өтеу бойынша міндеттемелерін орындау мақсатында депозиттерге кепілдік беру (сақтандыру) Қорының төлем қабілетін сақтай білүі табылады. 2004 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша. Қор активтерінің мөлшері 7 млрд. теңгеден асады. Инвестициялық тәуекелді хеджерлеу мақсатында Қор активтерінің 90%-ті Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына орналастырылды.
2003 жылғы сәуірде Қазақстанның салымдарға кепілдік беру Қоры Канаданың депозиттерді сақтандыру корпорациясының бастамасы бойынша 2002 жылдың қазанында құрылған және шамамен 30 мүше елдерді біріктіретін Депозиттерге Кепілдік беру жөніндегі Халықаралық Қауымдастықтың (International Association for Deposit Insurers - IADI) мүшесі болды. Қауымдастыққа мүшелік Қазақстанның Депозиттерді сақтандыру жүйесінің одан әрі дамуына және жетілдірілуіне тың серпін береді.
Осы Ереже «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) тәртібін реттейді.
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі (бұдан әрі - банктер) жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беруді (сақтандыруды) жүзеге асыратын ұйым, міндеттемелеріне сәйкес салымдарды (депозиттерді) қайтару бойынша кепілдік берілетін банктер және олардың салымшылары (депозиторлары) құрайды. Депозиттерге кепілдік беру жүйесі Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысатын банктерді мәжбүрлеп таратқан жағдайда жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерін) қайтаруды қамтамасыз етуге негізделген.
Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне белгіленген талаптарға жауап беретін кез келген банк қатысушы бола алады. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер осы Ережеде белгіленген мөлшерде және тәртіппен Қорға жарналар төлейді:
қосымша жарналар - салымдар (депозиттер) бойынша өтемақы төлеу үшін өтемақы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банктердің Қорға біржолғы төлемдері;
міндетті күнтізбелік жарналар - қатысушы банктердің Қорға тоқсан сайынғы төлемдері;
төтенше жарналар - Қорға қатысушы банктер Қордың қарыз сомасын және олар бойынша есептелген сыйақыны төлеу үшін Қорға жасалған төлемдері.
Қор активтерінің 80 (сексен) процентінен кем емес мөлшері - Қордың Директорлар кеңесі бекіткен тізбеге сәйкес бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі (бұдан әрі - Ұлттық Банк) салымдарға (депозиттерге) орналастырылады.
Қор мынадай негізгі функцияларды орындайды:
1) өтемақы резервін қалыптастырады;
2) қатысушы банк мәжбүрлеп таратылған жағдайда оның салымшыларына (депозиторларына) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған мөлшерде және тәртіппен салымдар (депозиттер) бойынша өтем төлейді;
3) активтерді басқарады;
4) қатысушылар куәліктерінің есебін жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   43




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет