а+0; а+1 а-0; 1+а а-а; а-1 0+а.
Көбейту мен бөлуге байланысты «ерекше» жағдайлардың бірнеше кезеңдері бар. Олар:
1. а)1*3; ә)0*3
2. а)3*1; ә)3*0
3. а)0:3; ә)3:3; б)3:1; в)3:0.
Аталған кезеңдер көбейту амалының ережесіне сүйеніп, бірден хабарлау нәтижесінде немесе көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысын басшылыққа ала түсіндіріледі.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. 1-4-сыныптарда қарастырылатын есептеу тәсілдері.
2. Әрбір сынып бойынша ауызша есептеулерге арналған тапсырмалар іріктеу және құрастыру.
Әрбір сыныптағы оқушылардың білім, білік және дағдыларын есепке алу, тексеруге арналған бақылау, тексеру жұмыстарын топпен іріктеп, құрастыру.
Начало формы
№ 7дәріс «Сандар және өлшемдер (сандармен амалдар қолдану)» мазмұндық-әдістемелік желі материалдарын оқыту технологиясы: ауызша және жазбаша жағдайлар
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1.Кестеден тыс жағдайлардағы ауызша есептеу тәсілдерін оқыту және есептеулер орындау пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
2.Қосу мен азайтудың алгоритмін оқыту және есептеулер орындау пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
3. Көбейту мен бөлудің алгоритмін оқыту және есептеулер орындау пәндік құзыреттіліктерін қалыптастыру технологиясы.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
3. Ауызша есептеу тәсілдері - арифметикалық амалдардың кестелік жағдайлары мен амал алгоритмдерін оқытуды байланыстырады және жалғастырады. Математика курсында ауызша есептеудің бірнеше тәсілдері қарастырылады. Мысалы:
1) Ондық санау жүйесіндегі сандардың құрамына негізделген ауызша қосу және азайту.
2) Екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу, екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту.
3) Нөлмен аяқталатын екі таңбалы санды қосу және азайту.
4) Екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ондықтан аттамайтын, ондыққа толатын, ондықтан аттайтын жағдайлары.
Достарыңызбен бөлісу: |