дәріс. «Математиканы оқыту әдістемесі» бастауыш мектептегі математика әдістемесінің негіздері жайлы ғылым Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары): «Жаңартылған мазмұндағы «Математика»


) Қосындыны санға көбейту және бөлумен байланысты есептеу тәсілдері. 6)



бет5/14
Дата19.10.2022
өлшемі97.26 Kb.
#462940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
МОӘ дәріс-1

5) Қосындыны санға көбейту және бөлумен байланысты есептеу тәсілдері.
6) Санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға көбейту және бөлу жағдайы.
7) Екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлгенде нәтижені «сынап беру» тәсілі арқылы табу.
8) Мың көлеміндегі сандармен орындалатын қосу мен азайту, көбейту мен бөлу жағдайлары.
4. Жазбаша есептеулер дегеніміз амал алгоритмдерінің, яғни қандайда бір амалды орындау процесіндегі саналы іс-әрекеттің әрбір қадамын бағыттап отыратын ережелердің жүйесінің мән-мазмұны болып табылады.
Қосу мен азайтуға байланысты жазбаша есептеулер қазіргі бағдарлама бойынша 2-сыныпта, ол үш таңбалы сандарды қосу мен азайту, сонымен бірге, үш таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды көбейту мен бөлудегі жазбаша тәсілдері 3-сыныпта қарастырылады. 4-сыныпта амалды орындаудың жазбаша тәсілдері көп таңбалы сандарға қолданылады.
Жазбаша қосу мен азайту мынандай ретпен қарастырылады:
1) Бірліктердің қосындысы (айырмасы) мен ондықтарының қосындысы (айырмасы) оннан кіші болатын жағдайлар.
2) Бірліктерінің қосындысы мен ондықтарының қосындысы (немесе екі қосынды да) 10-ға тең болатын жағдайлар.
3) Бірліктерінің қосындысы мен ондықтарының қосындысы (немесе екі қосынды да) 10-нан артық болатын жағдайлар.
Жазбаша бөлу алгоритмі:
160288-ді 32-ге бөлу қажет.
1) Бөлінгіш пен бөлгішті «бұрыштап» жазып аламыз.
2) Бірінші толымсыз бөлінгіш мына мысалда – 160 мыңдық. Төрт толымсыз бөлінгіш құрастыруға болады, демек, бөліндінің мәнінде төрт таңбалы сан шығады. Байқау цифрын табамыз.
Бөлгіш 32-ні ойша 30 санымен алмастырамыз. 30=10*3.
Сонда 160-ты 10-ға бөлеміз, 16 шығады, 0 қалдық қалады. 16-ны 3-ке бөлеміз, 5 шығады, 1 қалдық қалады.
Бірінші байқау цифры 5. Тексереміз: 32-ні 5-ке көбейтеміз, 160 шығады. – келеді. Сонда 160-ты 32-ге бөлгенде, 5 шығады.
3) Екінші толымсыз бөлінгіш – 2 жүздік. 2-ні 32-ге бөлеміз, 0 шығады және 2 қалдық қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет