Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет16/34
Дата28.09.2023
өлшемі167.11 Kb.
#479081
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Бақылау сұрақтары:
1. Әдіс, тәсіл ұғымы
2. Әдістің түрлері
Әдебиеттер:

  1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. – Алматы 2009

  2. Сатбекова А.А. қазақ тілін оқыту әдістемесі және жобалау технологиясы. Оқу құралы. – Алматы, 1983

  3. Қадашева Қ. Жаңаша жаңғыту.- Алматы, 2001

Интернет көздері:

  1. Kollegi.kz

  2. http://collegy.ucoz.ru

  3. www.kitaphana.kz

  4. www.kaznpu.kz

  5. www.nachalka.Seminfo.ru

7- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқытудағы инновациялық технологиялар: түрлері, ерекшеліктері, сипаты
Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Қазақ тілін деңгейлік оқытуда нәтижелі болуы инновациялық техххнологияларды саралап пайдалануға байланысты. Оқытудың әдістерін бір мақсатқа жұмылдыра ұйымдастыруда оқыту технологияларын талғап қолдану маңызды. Тілді оқытуда ең жиі қолданылатын технология – оқытудың коммуникативтік технологиясы. Сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) қатысымдық бағытта өзара сабақтастыра қолдану, білім алушының қазақша дұрыс сөйлеуі мен сауатты жазуына ықпал етеді. Бұл технологияның мақсаты – білім алушының тілдік қатынастағы тілдесім шеберлігін қалыптастыру. Аталған технология оқу үдерісінде монологтік, диалогтік, полилогтік тілдесімге қажетті жағдайларды туғызады.
Дамыта оқыту технологиясы жоғары деңгейдегі қиындықта оқыту; теориялық білімнің жетекші рөлі; оқу материалын жеделдете оқыту; оқу үрдісін студенттің сезінуі; барлық білім алушылардың дамуы үшін жүйелі жқмыс істеу тәрізді ұстанымдарды басшылыққа алады. Бұл технология біоім алушыны бағдарлама бойынша тапсырманы орындай білуге, берілген тапсырманы жаттап алуға емес, оның мазмұны мен мағынасына мән беруге үйретуді көздейді.
Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Бұл технологияның мақсаты – білім алушының теориялық және шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тұлғалық бағдарлы оқыту технологиясы. Ол оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде білім алушының жеке бас ерекшелігін ескереді және ол үшін оқу міндеттерін жүзеге асырудың қолайлы шарттарын туғызады. Осы оқыту технологиясы білім алушының психологиялық, физиологиялық күйіне негізделуі тиіс.
Оқытуды ізгілендіру технологиясы – қазақ тілін меңгертуде жиі қолданылатын технология. Ізгілендіру технологиясының түпкі мақсаты – білім алу барысында жеке тұлғаның ерік-жігерімен өмір сүруге бейімдеп, кез-келген жағдайлардан жол таба алатын, өз пікірін ұсына және қорғай алатын гуманист азамат қалыптастыру.
Проблемалық оқыту тіл үйренушінің репродуктивті, продуктивті және шығармашылық қызметін жетілдіруді көздейді. Проблемалық жағдаят тіл үйренушінің ойлау қабілетін жетілдіреді, өздігінен шешім қабылдауға жетелейді. Бұл технология тіл үйренушілердің өз бетінше іздену әрекеттерін дамытуға ықпал етеді.
Ақпараттық-компьютерлік технологиялар. Ақпараттық технологияларда бейнероликтерді, ғаламтор ресурстарын, мультимедиялық құралдарды, үн және бейнетаспаларды, ақпараттық технология құралдарын, электронды оқулықтарды, компьютерлерді, лингофондық аппараттар қолданылады.
Жобалау технологиясының мақсаты – білім алушының шығармашылық-зерттеушілік қабілетін дамыту. Сөйлеуге төселдіруде құзыреттілік қатынас аясында білім алушылардың өз бетімен іздену құзыреттілігін қалыптастыруға, әрекеттік, танымдық, креативтік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жобалық технологияларды орынды қолданудың маңызы.
Білім беру технологияларын қазақ тілін деңгейлік оқытуда ұтымды қолдану білім алушының практикалық дағдыларынан бөлек оқу, талдау және мәтін материалын жүйелеу барысында мәтінде берілген мәселелерді сыни тұрғыдан түсіну қабілеті мен интеллектуалдық дағдыларын жетілдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет