Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме


Педагогикалық технологияның мақсаттары



бет19/34
Дата28.09.2023
өлшемі167.11 Kb.
#479081
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Педагогикалық технологияның мақсаттары.
Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат адамды жан-жақты және үйлесімді дамыту. Жақсы ұсыныс, бірақ әлде де мағынасы дұрыс ашылмаған. Мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп «Мақсатқа жеттік пе?»- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада «диагностика арқылы анықталған мақсат» дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.
Технологияның кезеңдері:
• Оқытудың мақсатын диагностика арқылы қайта тұжырымдау;
• Жаңа мақсатқа жету кезеңдерін белгілеу;
• Диагностика негізінде оқытудың жаңа мақсатын қою .
Технологияда оқушыда қалыптасатын сапа, қасиет, іскерлік, анық суреттеледі.
Тексеру құралдары арқылы сапасы, қажеттіліктері,іскерліктері, даму, қалыптасу деңгейлері анықталады. Оқушының деңгейі бұрынғы деңгейімен салыстырады, жаңа мақсат қойылады.
Сонымен мақсат анық болмаса оқу процесінің жетілдіруіне кедергі жасалады.
Педагогикада «технология» ұғымының қолданылатын салалар.
Бүгінгі педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда.
• Қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
• Нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В.В.Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиясы т.б.)
• Қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технологияның бірінші анықтамасы педагогикаға ешқандай жаңалық енгізбейді. Екінші анықтамада бір сөздің орнына екінші сөзді қойған. Бұрын В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, Л,В.Занков т.б. әдістемесі десе, қазір технологиясы дейді.
Екінші анықтамада «технология» ұғымы өндіріс саласынан педагогикаға алғаш енген кездегі мағынасын жоғалтады.
Сондықтан үшінші анықтама дұрыс, себебі ол өндірістік технология ұғымына жақын. Технология дегеніміз өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу.
Тәрбиеде жағдай басқаша. Бұл салада технологиялық жоба арқылы керекті қасиеттерді алу мүмкін емес деген пікірлер бар. Себебі адамға неше түрлі жағдайлар әсер етеді. Сонымен тәрбие процесінде бір сапаны қалыптастыруды мақсат етіп , оның технологиясын жасау мүмкін емес. Ол технологияны тексеретін нақты құралдар жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет