Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме


Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет27/34
Дата28.09.2023
өлшемі167.11 Kb.
#479081
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Оқылым бойынша білім алушы берілген тапсырмаға қатысты мәліметтерді алуға болатын әдебиеттерді, материалдарды, және ұсынылған тапсырмаларды оқып, оның мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуге дағдыланады.
Лекция мақсаты:
Лекция мәтіні (қысқаша):
Оқылым – графикалық таңбалар арқылы қағаз бетіне түскен сөздер мен тіркестердің мағынасы мен мазмұнын ой мен сананың нәтижесінде қабылдап, сауатты, дұрыс, мәнерлеп, ұғыныңқы оқу және одан қажетті деректі түсініп, сұрыптап алу.
Оқылым, біріншіден, ой мен мидың бірлескен жұмысына байланысты болады, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін дұрыс танып білу. Үшіншіден, осы таңбалардың ішкі мән-мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор. Сонда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып, оқушының қажетіне жарайды.
Тіл үйрету сапалы болу үшін, оқылым процесі мен дауыстап оқуды ажырата білген жөн. Оқылым-берілген материалды түсініп, ұғу ғана емес, ондағы әрбір тілдік-қатысымдық тұлғалардың мағынасын білу, қалпын тану және оны тілдік қарым-қатынаста кеңінен пайдалана білу.
Ал дауыстап оқу-ішкі мазмұнды толық ескере бермей, графикалық таңбаларды тануда оны дыбыстау аппаратының қимыл-қозғалысына салу, сөйцтіп, сөйлеу мүшелерінің көмегімен оқып шығу. Мұндай даустап оқу кезінде кейде мәтіннің мазмұны түсініксіз болып қала береді.
Сөйлеуге үйретуде, тілді меңгеруде дауыстап оқу бірінші кезең деп есептелсе, іштей оқып, түсіну одан кейінгі кезең деп танылды. Сөйлесім әрекетінің ерекше бір түрі ретінде оқылымның маңызыы мынада:

  1. тіл үйренуші оқылым арқыл бүкіл қатынасқа қажетті ақпараттан хабардар болады және оны тілдік қарым-қатынаста керегіне жаратады.

  2. Оқылымның нәтижесінде әдеби, мәдени, әлеуметтік салардағы жылдар бойы жиналған адамзаттық тәжірибелер бір кезеңнен екінші кезеңге өтіп, адамдардың қарым-қатынасын жетілдіреді, білімін арттырады, ішкі ой-санасын байытады.

  3. Оқылым әрекеті арқылы көңілге түйгенін тіл үйренуші жинақтайды, сұрыптайды, тұжырымдайды.

Оқылым процесінде төрт негізгі компонент үздіксіз қатысып отырады.

  1. Көру мүшелері.

  2. Ойлау мүшелері.

  3. Тілдік тұлғалардың таңбалық тізбегі.

  4. Қатысымдық тұлғалардың мағыналық тізбегі. Сонымен қатар бірнеше қосымша компоненттер қатар жұмыс істейді:

  1. Дыбыстау мүшелерінің қимыл-қозғалысы.

  2. Дауыстап оқу.

  3. Есту мүшелерінің жұмысы.

  4. Тілдік материалдар жиынтығы.

Тілді үйрену кезінде оқылым процесі жете меңгерілу үшін төмендегідей дағдыларды игеру керек.

  1. Адамның көру қабілетін жетілдіру. Сол үшін көздің жазба единицалармен тікелей байланысын қамтамасыз ету.

  2. Оқылған материалды кедергісіз есту, тыңдау қабылетін жетілдіру.

  3. Оқудық техникасын жан-жақты меңгерту мен қызметін дәл тынып білу және жете меңгеру.

Тілді үйренуде жүргізілетін оқу бірнеше түрге бөлінеді: аналитикалық оқу, синтетикалық оқу, дайындықты оқу, дайындықсыз оқу, аударма арқылы оқк, аудармасыз оқу, негізгі оқу, қосымша оқу.
Бұлардан басқа тіл үйретуге байланысты жиі айтылып жүрген оқылымның түрлері:

  1. танымдық

  2. зерделік

  3. ізденімдік

  4. көрсетімдік

Оқылымның бұл түрлері көбінесе қолданылу мақсаты мен тапсырмаға
қарай бөлінген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет