Дәріс мәтіндері 1- тақырып. Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістемесі: әдіснамалық негіздері Жоспары: Типтік оқу бағдарламасынан көшірме



бет23/34
Дата28.09.2023
өлшемі167.11 Kb.
#479081
түріБағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34
1 lektsiya kazak tilin ok tu adistemesi kurmanova a.k-1

Бақылау сұрақтары:
1. Қазақ тілінің қандай әдістерін білдіңіз?
2. Қазақ тілін оқытудың қандай жаңа әдістерін атар едіңіз?
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер

  1. Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. – Алматы 2009

  2. Бейсенбаева З.Б. жоғары оқу орындарына қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы 2009

  3. Сатбекова А.А. қазақ тілін оқыту әдістемесі және жобалау технологиясы. Оқу құралы. – Алматы, 2011

  4. Құрманбаев Г. Дамыту интеграциясы.-А,1998

  5. Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары.-А,2001

Интернет көздері:

  1. Kollegi.kz

  2. http://collegy.ucoz.ru

  3. www.kitaphana.kz

  4. www.kaznpu.kz

  5. www.nachalka.Seminfo.ru

  6. http://nachalka.semonfo.ru

9- тақырып. Қазақ тілін оқытудың формалары
Жоспары:
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Қазақ тілі сабақтары, оның түрлері және ішкі құрылымы мен жүйесі. Қазақ тілін оқытудың басқа түрлері және оларды жүргізу ерекшеліктері факультативтік сабақ және сабақтан тыс жұмыстар.
Өзге тілді мектептерде қазақ тілін тереңдете оқыту. Қазақ тілін тереңдете оқытудың мақсаты мен міндеттері. Тереңдете оқылатын қазақ тілі бағдарламасын жасаудағы оқушының даму ерекшеліктерін негізге алу. Тереңдете оқытудағы фонетикалық, лексикалық, грамматикалық білім мазмұны. Орта мектепте оқылатын қазақ тілі бағдарламасымен байланыстылығы.
Лекция мәтіні (қысқаша):
Сабақ-оқытудың сыныптық жүйесіне жататын, оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады.
Қазақ тілінен сабақ беру психологиялық және дидактикалық жағынан күрделі мәселелер қатарына жатады. Бұл бастапқы кезде мұғалімнен көп еңбек етуді, сабақтың сапалы өтумен "байланысты өзіне ерекше талап қоюды қажет” етеді. Мұғалім өз саласында үздік жетістіктерді, озық тәжірибелерді меңгерген, теориялық және практикалық біліммен жеткілікті деңгейде қарулануы қажет. Ол шәкіртіне білім беруші ғана емес, ол-солардың адал тәрбиешісі, моральдық демеушісі.
Сабақтық сапасын арттыру оқушылардың танымдық әрекетінің белсенді түрде қызмет етуімен тікелей байланысты. Оқытудың жағымды мотивін тудыру, оқыту әдістерін тиімді қолданып, түрлендіріп жүргізе білу, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын қамтамасыз ету- оқытуда нәтижеге жетудің алғы шарттары болып табылады.
Оқушының оқу белсенділігін тудыру сабақта шығармашылық (аналитикалық) жаттығулардың басым жүргізілуіне де байланысты. Сондықтан жаңа алынған білім үнемі практикалық жұмыстармен бекітіліп отыруы керек.
Сабақ сапалы өту үшін оған қойылатын жалпы дидактикалық талаптардың орындалуы шарт. Олар:
өрбір сабақтың білімдік, төрбиелік, дамытушылық мақсатының айқындылығы;
өткен оқу материалы мен жаңа оқу материалының өзара байланыстылығы;
оқу материалының оқушы өмірімен тығыз байланыстылығы;
оқу мазмұнының оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыта алуы;
іскерлік, дағдыларын қалыптастыратын практикалық жаттығу жұмыстарының басым болуы; әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуы; пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуы; оқушы білімінің үнемі бақылауда болуы; жағымды мотив тудыра білу;
оқушылардың жас, дара, психикалық білім деңгейі ерекшеліктерінің ескерілуі; педагогикалық әдеп талаптарының сақталуы. Сондай-ақ сабақ барысында оқушылардың оқу белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін оқытудың "интерактив" деп аталып жүрген оқыту әдістерін де тиімді қолдануға болады. Дидактика ілімінде оларға мыналарды жатқызып жүр: -пікірсайыс (дискуссия, дебат, ой толғақ) әдісі; -ми шабуылы ("мозговой штурм"); -эвристикалық немесе "Сократ" әдісі; -"дөңгелек үстел" әдісі; -іскерлік, рөлдік ойындар (симуляция);
-дыбыстық-бейнежазба материалдарын қолдану (дыбыстық-бейне, лингафон кабинеттерінде); -мультимедия (электронды оқулықтар);
Аталған оқыту әдістері оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттырумен бірге, оқу материалының түсінікті де жеңіл берілуіне мүмкіндік береді.
Сабақтьң дидактикалық еңбектерде, негізінен, мына типтері көрсетіліп жүр:
І. аралас(біріккен) сабақ
2. жаңа білім беру сабағы;
3. білімді бекіту немесе білім, іскерлік, дағды қалыптастыру сабағы;
4. қайталау сабағы;
5.бақылау, тексеру, бағалау сабағы.
Бұлар, әдетте, дәстүрлі немесе стандарт сабақтар деп аталады. Педагогикалық әдебиеттерде бүдан басқа дөстүрден тыс (стандарттан, әдеттегіден тыс) мына сабақтың түрлері де аталып жүр:
ойын сабағы пікірталас (диспут)
жарыс сабағы концерт сабағ
ертегі-сабақ пресс-конференция
КВН (КТК) сабағы рөлдік ойындар сабағы
компьютерлік сабақ интегралды сабақ т.б.
шығармашылық сабақ конкурс сабағы.
Сабақтардың құрылымы. Аралас сабақ. Бұл қазақ тілі сабағының негізгі құрылымдық бөлігі болып табылады.
Аталған сабақ құрылымына барлық сабақ типтерінің элементтері кіреді. Құрыламдық бөліктері - ұйымдастыру, өткен материалды тексеру, оны бекіту, жаңа материалды түсіндіру, оны бекіту, қорыту, үйге тапсырма беру, оқушы білімін бағалау.
Аралас немесе біріккен сабақ - қазақ тілін оқытумен байланысты оның кең тараған түрі болып саналады.
Мұндай сабақтың құрылымдық элементтерінің орнын ауыстыруға болады, бұл оқу үрдісінде формализмнің болмауына жағдай жасайды.
Жаңа білім беру сабағы. Мұндай сабақтың негізгі көздейтін мақсаты- оқушыларға жаңа материалды игерту. Бұл дәріс оқу, баяндау түсіндіру, эвристикалық әңгіме, иллюстрация, дсмонстрация т.б. оқыту әдістері арқылы жүзеге асады.
Жаңа оқу материалы өткен оқу материалымен логикалық жағынан байланысты өтуі қажет. Жаңаны түсіну оқушыға бұрын белгілі болған мәселелермен байланысты болғанда ғана түсінікті болады.
Жаңа материалды түсіндіргенде, оқушының білетін мәліметтері мен білмейтіндерін бір-біріне қарама қарсы қойып, проблемалык, ситуация туғыза отырып оқыту тиімді.
Жаңа білімді оқушының қабылдауы, түсінуі, есте сақтауы-күрделі процесс. Сондықтан оқу материалының қысқа, тартымды, дәл, нақты болуымен қатар, онда қызықты фактілердің болуы оқушылардың қабылдау белсенділігін арттыратыны белгілі.
Білімді бекіту немесе білім, іскерлік, дағдыны калыптастыру сабағы. Бұл сабақтың типі, негізінен, оқу материалы бойынша үлкен тарау, бөлім немесе күрделі тақырыпты аяқтаған кезде жүргізіледі. Дидактикалық мақсаты - оқу бағдарламасы бойынша оқушының маңызды өзекті мәселелерді игеріп, білімін бскіту.
Жүйелі түрде жүргізілген жағдайда оқушының үлкен тарау немесе оқу материалының үлкен бөлігі бойынша өзекті,ең маңызды, қажетті білімді өте сапалы игеруіне мүмкіндік береді. Бұндай сабақтың негізгі элементі- ауызша, жазбаша практикалық жаттығулар орындау. Осы арқылы оқушы алған білімін тәжірибеде қолдануға дағдыланады, өз бетінше жұмыс істеуге үйренеді.Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологиясы ретінде деңгейлік тапсырмаларды орындау өдісін қолдану да өз нәтижесін береді.
Қайталау сабағының көздейтін дидактикалық мақсаты- білімді жүйелеу, өткенді қайталау, бекіту, алған білімін іс жүзінде қолдана білу, оқушы білімін жетілдіру. Мұндай типті сабақта оқушы өз бетінше жұмыс жасайды, ауызша, жазбаша жаттығу жұмыстарын орындайды. Қайталау сабағы оқушы білімін бақылауға, жүйелеуге мүмкіндік береді.
Қайталау ауызша да, жазбаша да жүргізіледі. Көрнекті әдіскер Ш.Х.Сарыбаев кайталаудың мәні туралы: «Сабақ барысындағы қайталау оқушылардың шала ұғымдарын түсіндіру үшін де, үйретілгендерін ұмыттырмау үшін де, үйретілген қағиданың дұрыстығына оқушылардың көздерін жеткізу үшін де, үйретіліп жатқан ережеге ұқсас басқа объектіден ажырату үшін де, түсіндірілгенді қорыту үшін де қолданыладың,-деген еді.
Қайталау сабақтарын ұйымдастыру- өте қиын жұмыс, себебі оны жоспарлау, тапсырма, жаттығуларды іріктеу, уақытын белгілеу мұғалімнен көп еңбек етуді талап етеді. Қайталау оқушылардың ойлау өрекеті мен оқу белсенділігін арттыратындай болу керек. Ол үш бағытта жүреді:
өткен материалды еске түсіру, оқушы білімін жүйелеу;
оқушы біліміндегі кемшіліктерді анықтау;
өткен материал негізінде жаңа біліммен қаруландыру. Ұлттық мектептегі қазақ тілі сабағының Бұл түрі алған білімін бекіте түсуге, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың тілдің грамматикалық құрылысы, сөздік құрамы жөніндегі білімнің жүйелене түсуінде орны ерекше.
Күнделікті қайталау әр сабақ сайын өткізіліп түрады. Ол, негізінен, мұғалімнің алдын ала даярлаған сұрақ-жауабы, бақылауы, оқулықтағы жаттығулар арқылы жүзеге асып отырады. Ал тақырыптық қайталау белгілі бір күрделі тақырыпты немесе тарауды аяқтаған кезде жүргізіледі.
Өткен материалдың ішінен сөйлеуге қажетті деген өзекті элементтерді тандап алудағы қиыншылықтар және соларға лайық практикалық тапсырмалар мен жаттығуларды ұйымдастырудың күрделілігіне байланысты қайталау жаттығуларының кешенін (комплекс) мұғалім оқу жылының басында күнтізбелік, тақырыптық жоспарда көрсетуі қажет.
5.Бақылау,тексеру, бағалау сабағы.
Бақылау сабағы көлемі үлкен тақырыптардан соң жүргізіледі. Мұндай типті сабақты оқушының білімді қаншалықты меңгергенін, оның практикада қалай қолданылатындығын тексеру мақсатында жүргізуге болады.
Оқушы білімін тексерудің ең жоғары түрлері- сынақ, емтихан. Тексерудің 2 түрі бар: 1) күнделікті тексеру; 2) тоқсан немесе жыл аяғындағы қорытынды тексеру.
Күнделікті тексеруге оқушылардың ауызша, жазбаша жауабы, үй жұмысы, мұғалімнің оқушы білімін сырттай күнделікті байқауы ,ал қорытынды тексеруге тоқсандық немесе жыл аяғындағы жылдық тексеру жатады.
Тексеру барысында ауызша сұрау- кең тараған тәсіл. Ауызша сұрау оқушылардың білімін жаппай, құрама, жеке сұрау арқылы жүзеге асады.
Қазақ тілін оқытудың қиын да күрделі міндеттерін шешу мына сияқты шарттарға байланысты: бір жағынан мұғалімнің теориялық және практикалық даярлығы дәрежесіне, тәжірибесіне, екінші жағынан мұғалімнің қолында қазақ тілін оқытуды жақсы жолға қою үшін қажетті құралдардың болуына байланысты.

Бақылау сұрақтары:



  1. Қазақ тілі сабақтарының түрлері

  2. Қазақ тілі сабақтарының ішкі құрылымы мен жүйесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет