Дәріс сабағының тақырыбы: Организмде заттар мен энергияның алмасуы



бет7/12
Дата07.12.2023
өлшемі2 Mb.
#485726
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ФЧЖ №10 Асқорыту физиологиясы (копия)

Қарынның сөл шығару кезеңдері

Сөл шығару процесі жүйке мен қан арқылы реттеледі. Қарынның сөл шығаруын 3 кезеңге бөледі:

1.Мидың қатысуымен өтетін рефлекстік кезеңі. Шартты, шартсыз рефлекстік фзалары. Тағам алдындағы ас иісі, түрі, ыдыс сыбдыры адамға әсер ететін факторлар. Осы фактор әсерімен қарыннан шартты рефлекс жолымен сөл бөлінеді- тәбет сөлі дейді. Тәбет сөлі әсерінен қарын ас қорытуға даяр болады.

2.Қарын кезеңі- ас қарынға келіп түсісімен қарынан көп мөлшерде сөл бөліне бастайды. Бұл процесс астың қарында біраз кідіруіне байланысты ұзаққа созылады. Қарында сөл шығарудың кезеңі басталады. Сөл шығу механизмі рефлекстік-механикалық (қарындағы шырышты қабығындағы қабылдағыштар тітіркенеді, ол сопақша миға сөл шығару орталығына барып, сөл шығару процесі күшейе түседі) және гуморальдық-химиялық (қарын сөлінің үздіксіз ұзақ уақыт бөлінуі) деп бөлінеді

3.Ішек кезеңі- ас 12 ішекке келіп түскен сәттен басталады.

Қарын қабырғасындағы бірыңғай салалы еттер қарынға келіп түскен асты шырынмен араластырады. Қарын сөлі сіңген соң оның қарыннан ішекке көшіун қамтамасыз етеді. Асты жұтқан сәттен бастар қарын еттері біразға дейін босаңсиды- астың рефлекстік релаксациясы деп аталады. Одан әрі тағам түріне қарай қарын қимылы күшейе бастайды. Қарын еттерінің жиырылуы фазалық және тонустық жиырылу болып 2 бөлінеді. Фазалық жиырылу- перистальтикалық жиырылу, яғни толқын тәрізденіп бүлкілдеу. Минутына 3 толқын болады. Тонустық жиырылу- көпке созылады, жиірек. Минутына 6-7 рет. Қарын қимылы мен қусындағы қысымды манометрмен өлшеп, тіркейді. 3 түрлі қарынның қимыл толқынын жазып алуға болады. Толқын биіктігі жиырылу күші мен қарын қысымын көосетеді. 1. Толқындар онша биік емес 5-20 сек созылады. 2. Бір толқын бұдан ұзағырақ 12-60 сек, биіктеу. Бұлар перистальтикалық қимылдар, шырышты қабық бетіндегі асты жоғарыдан төмен қарай жылжытады, бірақ қарын қуысындағы асқа күші келмейді. 3. Түрі күрделі ұзақтығы 6-7 мин. Бұл толқын қарын қысымы күшейген кезде пайда болып, оның әсерінен қарын пилорусы әлсін-әлсін жиырылып, астың 12 ішекке өтуін қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет