Адам ағзасындағы ең үлкен без. Ұзындығы 26-30см, ені 20-25см, қалыңдығы6-9см. Салмағы 1500г. Бауыр тағамды ыдыратады, оның қорытылуын қамтамасыздандырады, кейбір зиянды заттарды майсыздандырады.
бауыр
Өт қапшығы (visica fellea) Өт қапшығы алмұрт тәрізді. Сыйымдылығы 60см3. Өт қапшығында бауырдан шыққан өт жиналады, майдың үлкен түйірлерін бөлшектеп, ыдыратып ферменттерге дайындап береді. Өт болмаса адам майлы тағамды сіңіре алмайды Өт– бауыр жасушаларында (гепатоциттерде) түзіліп, 12 елі ішекке құйылып тұратын сұйық зат. Ол ашқарында жалпы өт өзегі арқылы бауырдағы өт қабына, ал тамақ ішкен соң 12 елі ішекке келіп құйылады. Өт өзегінің 12 елі ішекке келіп ашылатын аузын - Одди сфинктері қоршаған. Өт 12 елі ішекке осы сфинктер босаңсығанда құйылады. Ашқарында сфинктер жиырылып, өт қабындағы өттің жиналуына себепкер болады. Өт қабының жалпы өт өзегімен жалғасқан жерінде де сфинктер бар. Одди сфинктері жиырылған сәтте өт қабы сфинктері жазылып босаңсиды. Сондықтан да үздіксіз бауырдан шыққан өт, өт қабына жинала береді. Өт– бауыр жасушаларында (гепатоциттерде) түзіліп, 12 елі ішекке құйылып тұратын сұйық зат. Ол ашқарында жалпы өт өзегі арқылы бауырдағы өт қабына, ал тамақ ішкен соң 12 елі ішекке келіп құйылады. Өт өзегінің 12 елі ішекке келіп ашылатын аузын - Одди сфинктері қоршаған. Өт 12 елі ішекке осы сфинктер босаңсығанда құйылады. Ашқарында сфинктер жиырылып, өт қабындағы өттің жиналуына себепкер болады. Өт қабының жалпы өт өзегімен жалғасқан жерінде де сфинктер бар. Одди сфинктері жиырылған сәтте өт қабы сфинктері жазылып босаңсиды. Сондықтан да үздіксіз бауырдан шыққан өт, өт қабына жинала береді. Өт өт қабында неғұрлым ұзақ сақталса, соғұрлым қойыла түседі. Өйткені өт суы өт қабы қабырғасындағы қан тамырларына сіңіп отырады. Енді ғана бауырдан шыққан өт өзегі өт қабында жиналып, ұзақ сақталған өттен 5 есе сұйық келеді. Бауыр өтіндегі құрғақ заттың мөлшері 4%болса, өт қабында 20%-ке жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |