Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны Тақырып Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



бет13/16
Дата07.01.2023
өлшемі110.62 Kb.
#468189
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс 2017-2018

Негізгі әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.

  2. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости Казахстана. А., 1996.

  3. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан жолы. Астана, 2006

  4. Сәбден О., Қошанов А.К., Құсайынов Б.Д. және т.б. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, бағалау критерийлері мен арттыру жолдары. Монография. А., 2008.

  5. Дәулетов Т. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының шежіресі. – Алматы: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы. – 2002. – 104б.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. А., 1998.

  2. Кшибеков Д.К. Национальная идея. А., 2007.

  3. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Астана, 2001.

  4. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.



Тақырып 13. Ұлы Дала еліндегі тарихи сананы және дүниетанымды қалыптастыру саясаты
Дәріс жоспары:
1. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ұлт тарихындағы «ақтаңдақтарды» жоюға бағытталған шаралар.
2.Мәдени мұра» бағдарламасы, мақсаты және жүзеге асырудың негізгі бағыттары
3. Ұлытау ұлағаты. Қазақ мемлекеттілігі туралы тұжырым-Елбасының Ұлытау төрінде берген салиқалы сұхбатының басты мәселесі
4.«Халық тарих толқынында» атты Елбасы бағдарламасының жаңа тарихи сананы қалыптастырудағы маңызы.
5.Жаңа қоғамдық сананы қалыптастыруда «Қазақ хандығының 550 жылдығының» аталып өту маңызы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары кеңестік дәуірде жазықсыз жазаланып атылып кеткен А. Байтұрсыновтың, Ш. Құдайбердиевтің, М. Жұмабаевтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Дулатовтың, Ж. Аймауытовтың әдеби мұралары жарыққа шықты. 1995 жылы ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 150 жылдығы дүние жүзінде аталып өтілді, 1996 жылы ұлы жырау Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы республикамызда кеңінен аталып өтілді, ал 1997 жылы қазақтың классик жазушысы Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерейтойының аталып өтілуі және осы салада біршама істердің атқарылуы нәтижесінде, рухани құндылықтарымыз молая түсті.
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін қоғам өмірінің өзекті салаларының бірі ретінде мәдениет құрылысы саласына айрықша назар аударыла бастады. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, бұрын қағажу көрген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді, жалпы мәдениетіміздің даму деңгейін көтеріп, қолдау аясын кеңейтуге мүмкіндік туды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қолдауымен 2004-2006 ж.ж., 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылды. Оның мақсаты – рухани және білім салаларын дамыту, елдің мәдени мұрасын тиімді пайдалану мен сақтауды қамтамасыз ету. Онда археологиялық ескерткіштер мен тарихи маңызды жәдігерлерді қайта қалпына келтіру, мәдени мұраны, соның ішінде қазіргі ұлттық мәдениет, фольклор, дәстүрді зерттеудің бүтін жүйесін жасау, ұлттық әдебиет пен жазудың көп ғасырлық тәжірибесін жинақтау, көркем және ғылыми сериялар жасау, әлемдік ғылым, ой, мәдениет және әдебиет жетістіктері негізінде гуманитарлық білімнің құнды қорын мемлекеттік тілде жасау белгіленді.
Түптеп келгенде, «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын кеңестік тәрбие мен білім алған аға ұрпақ өкілдері кейінгі толқын жастар үшін жүзеге асырды. «Біз,-деді Н.Ә. Назарбаев»,- келер ұрпақтарымыз ұдайы жалғастыруға тиісті ұлы істі бастап бердік. Алыс жол алғашқы адымнан. Ол тоқтамайды да». Ұрпағының болашағына алаңдаған азаматтар Елбасы идеясын «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырды. Қазіргі заманғы Қазақстандағы мемлекет пен мәдениеттің жемісті байланысының мысалы деп «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын занды түрде есептеуге болады.
Елбасының Ұлытау төріндегі ұлағатты сұхбаты қазақ қоғамында серпіліс туғызды. Қазақтың арғы-бергі тарихы, тілі, әдебиеті, мәдениеті, экономикасы мен болашағы жайлы айтқан Нұрсұлтан Әбішұлының келелі пікірлеріне еліміздің әр тарапындағы зиялы қауым өкілдері үн қосып, өз пікірлерін білдірді.
Елбасы Ұлытау баурайындағы сұхбатында елдің тарихы мен бүгінгі, келер ұрпақтың болашағы, қазіргі даму бет алысымыз туралы салиқалы ой айтты.
Елбасының Ұлытау баурайындағы сұхбаты қазақстан қоғамына «Мәңгілік ел» идеясын терең түсіндіріп, оның бет алысы мен бүгінгі рухани жағдайына берілген заманның бағасы іспетті.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясында Елбасының кеңесшісі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен өткен басқосуда Ұлытау төрінде көтерілген басты мәселелер ғылыми тұрғыдан талданып, оның ел руханиятының дамуына қосатын айрықша үлесі туралы кеңінен сөз болды. Ұлттық ғылым академиясының жетекші академиктері мен корреспондент-мүшелерінің қатысуымен өтті.
Халқымыздың тəуелсіз Қазақстан Республикасы атты мемлекет құрып, ұлт тың азаттығын сақтай білуі бүгінде қаншалықты ма ңыз ды болса, сол мемлекеттің шынайы да танымды тарихын жазып, келер ұрпаққа жеткізе білуде соншалықты маңызды. Өйткені, тарих - ұлттың жады. Танымды тарихы жадында жатталған ұлт қана ұлт ретінде сақталып, басқалармен қатар терезесі тең өмір сүре алады. Тарихын қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым алып, келешегіне сеніммен қарайды. Демек, ғылыми негізде жазылған танымды тарих - ұлт тəуелсіздігінің, ұрпақ тəуелсіздігінің кепілі. Тəуелсіздік жылдары Қазақстан тарихы қайта жазылып, ұлт тық жəне мемлекеттік мүдде тұрғысынан қайта зерттелуде. Кеңестік кезең жылдарында солақай саясаттың негізінде бұрмаланып жазылған келеңсіз тарихи тұстары қай та қарастырылынып, ақиқат тұрғысынан жаңаша зерделенуде. Сонымен бірге, азаттық жылдарындағы еліміздің жеткен жетістіктері басты назарда болып отыр. Қазіргі уа қытта тарих ғылымы кеңестік дəуірдегі таптық методология ның шеңберінен шығып, зерттеудің жаңа бағыттары анықталып, тарихтың ақтаңдақтар беттері қайта ғылыми негізде зерделенуде. Қазақ тарихы Түркі өркениетінің ажырамас бөлігі ретінде зерттеліп, дала тарихындағы көшпелілердің орны айқындала түсуде. Қазақстан мемлекеті Еуразиялық идеяның жалғастырушысына айналды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамашылдығы мен Ел тарихын зерделеуге арналған жоға ры-деңгейдегі бас қосу жиыны тек тарихшылар үшін ғана емес мемлекет, бүкіл қазақстандық тар, əсіресе кемел ұрпақ үшін көкейкесті басқосу дер едім. Себебі ертеңін ой лаған мемлекет қана өз тарихына көз жүгіртіп қана қоймай, оған барынша мəн беріп, болашағын бағамдайтынын əлем елдерінің тəжірибесі дəлелдеп отыр. Сондықтан да төл тарихымызды терең білмей, ертеңіміз айқын болады деу қисынсыз. «Сөздің ең ұлысы, ең сипаттысы - тарих» - деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қай заманда болмасын, тарихшыларға артылар жүк ауыр болған. Оның себебі-де түсінікті. Қай заманды алсаңыз да, тарих - халықтың ұлттық санасын қалыптастыру, мемлекеттік идеологияны насихаттау, жас ұрпақты патриотизм рухында тəрбиелеу қызметін атқарған. «Тарих ғылымы - барлық ғылымдардың атасы» десек, артық айтпаған болармыз
Мемлекет басшысы Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында тарих мəселесін қайта жаңғыртып, «…Қазақтардың ұлттық тарихы, олардың этногенезі мыңдаған жылдарға созылған бірегей ажырамайтын үдеріс ретінде қарастырылуы тиіс. Осы тұрғыда қазіргі заманғы Қазақстан Ұлы Дала өркениетінің ежелден келе жатқан шешуші мұрагерлерінің бірі ретінде заңды түр-де көрініс табады» — деп қадап айтты
Елбасының «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасын даярлау тапсырмасына орай, Мемлекеттік хатшы Марат Тажиннің 2013 жылдың 5 маусымында Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері бойынша кеңейтілген мәжілістегі баяндамасында ауқымды міндеттер қойылғаны белгілі. Осыған орай, «Қазақстанның ұлттық тарихын зерделеу» жобасы аясында "Ұлттық сананы қалыптастырудағы Отан тарихының рөлі" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылған болатын.
Ұлт тарихына байланысты келелі әңгіменің басталғанына біршама уақыт өтті. Бұқаралықақпарат құралдарының белсенділігі арқасында қалың жұртшылық Қазақстан тарихынан біршама дерек пен дәйек алды, соңғы уақытта алған рет қытай мұрағаттарынан Қазақстан тарихына қатысты 72 мыңнан астам құжаттың 283 томы көшіріліп алынғандығынан, Иран мен Үндістаннан тарихи қолжазбалар жеткізілгендігінен хабардар. Әрине, насихаттау мәселенің бір қыры ғана, Ұлттық тарихымызды зерттеу мен білікті оқытудың арқалап тұрған жүгі өте ауыр. Демек, бүгінгі дөңгелек үстел басындағы салиқалы ой пікірлер Отан тарихын оқыту, зерттеу және насихаттау бағыттары негізінде үш арнада өрбиді.
Бүгінгі күнгі тәуелсіздік жағдайында Қазақстан тарихын оқытуда, ғылыми тұрғыда пайымдауда қандай ұстанымдар басшылыққа алыну керек?
Мемлекеттің дамуына тікелей әсер етуші факторлардың бірі салиқалы саясат, тұрақты экономикамен қатар, ұлттық идеология екені белгілі. Ұлттық идеология қоғамды бір мақсатқа жұмылдырып, сол мақсатқа жету де бірігіп әрекет етуге шақырады. Ұлттық идеологияны қалыптастырудың жолы көп. Соның бірі және бірегейі Отан тарихы болып табылатыны сөзсіз. Ал, оны қалыптастырудың жолдары мен кейбір мәселелерін талқылау қазір маңызды.
Астанада өткен алқалы жиында көтерілген мәселелер мен айтылған ойлар сан-алуын. Солардың ішінде айрықша айдарланғаны – тарихи зерттеулер методологиясын жаңа сапалық сатыға көтеру. Кез-келген ғылыми жұмыс белгілі методологияға бағынып, соның негізінде жазылатыны даусыз. Бұл мәселе, Отан тарихында аса өзекті болып табылады. Ал, оның этномәдени аспектісі белгілі бір ұлттық құндылықтар төңірегіне негізделеді.
«Тек өткен тарихымен ғана мақтанатын елдің болашағы бұлыңғыр. Әр буын өкілдері ата-баба даңқына даңқ қосып, абыройын арттырып, бүкіл дүние жүзі алдында беделін биіктете білген елдің ғана болашағы жарқын, мерейі үстем болады. Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі буыны бабалар аманатына адалдық танытып, еліміздің абырой-беделін бұрын-соңды болмаған биікке көтерді деп айта аламыз», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Мемлекет басшысы атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректеріне сүйене отырып, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде болған тарихи оқиғаға да тоқталды. «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айрылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұланғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады. Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді», - деді Н. Назарбаев.
«Тек өткен тарихымен ғана мақтанатын елдің болашағы бұлыңғыр. Әр буын өкілдері ата-баба даңқына даңқ қосып, абыройын арттырып, бүкіл дүние жүзі алдында беделін биіктете білген елдің ғана болашағы жарқын, мерейі үстем болады. Осы тұрғыдан келгенде тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі буыны бабалар аманатына адалдық танытып, еліміздің абырой-беделін бұрын-соңды болмаған биікке көтерді деп айта аламыз », - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.
Мемлекет басшысы атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидің деректеріне сүйене отырып, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде болған тарихи оқиғаға да тоқталды. «Керей мен Жәнібек хандар Әбілқайыр ұлысынан бөлініп, Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айрылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұланғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады. Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты. Еңсегей бойлы ер Есім елдің іргесін бекіту жолындағы күресте қолбасшылығымен танымал болды. Салқам Жәңгір хан Орбұлақ түбіндегі шайқаста жоңғарларға ойсырата соққы берсе, Әз Тәуке «Жеті Жарғыны» енгізді », - деді Н. Назарбаев.
Біздің егемен ел болғанымызға енді 25 жылға жуықтады. Яғни, бір ғасырдың ширегіндей ғана уақыт. Әрине, бұл тарих үшін өте аз уақыт. Әйтсе де, бүгінгі күні Тәуелсіз Қазақстан өзге де әлем елдерімен өз тере­зесін теңестіру жолында тер төгіп келеді. Мәселен, БҰҰ-на 190-ға жуық ел мүше болса, олардың ішінде 5-6 мемлекет қана әлем елдері­нің дамуына ықпал ете алатын негізгі ойыншылар болып табылады. Дамыған 30 елдің қатарына ену дегеніміздің өзі де, сол дамыған мемлекеттердің ізін басу екені белгілі. Бұл тұрғыда біз жерасты байлығымыздың молдығына масат­танып отыра бермей, жаңа бір тың идеялармен дамудың жолын қарастыруымыз керек. Бұл жолда біз ұшақ немесе компьютер ойлап табу арқылы ешкімді де таңғалдыра алмай­тынымыз анық. Сондықтан да Елбсымыздың өзі айтқандай, мемлекетіміз ең бірінші кезекте инновациялық дамуды бетке алуы қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет