Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны Тақырып Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



бет8/16
Дата07.01.2023
өлшемі110.62 Kb.
#468189
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Дәріс 2017-2018

Негізгі әдебиеттер:

  1. Алдажуманов К.С., Козыбаев М.К. Тоталитарный социализм: реальность и последствия. А., 1997.

  2. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. А., 1994.

  3. Народное хозяйство Казахстана за 70 лет: статистический сборник. А., 1990.

Қосымша әдебиеттер:

        1. Балмуханов С. Атомный полигон моими глазами // Простор. 1990. № 11.

        2. Мамыров Н.К. Проблемы развития и экономики и образования в Казахстане. – Алматы, “Дәуір” 1998.

        3. Экономика Казахстана за 60 лет (1917-1977). А., 19



Тақырып 8. Кеңестік Қазақстанды қайта құру әрекеттері
Дәріс жоспары:
1.КСРО-ның әкімшіл-әміршіл жүйесін демократиялық жолмен қайта құруға талпыныстар, басшылықтың реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық
2. Алматыдағы және республиканың басқа қалаларындағы Желтоқсан көтерілісі: себептері, барысы, салдары
3. Д.А.Қонаевтың қоғамдық-саяси қызметі
4. Қазақстан тәуелсіздік жолында: Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы, жаңа қоғамдық ұйымдар мен партиялардың пайда болуы, Президенттік институттың енгізілуі және тұңғыш президенттің сайлануы. Тіл туралы заңның қабылдануы, Егемендік туралы Декларация
5.1991ж тамыз бүлігі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. Кеңестер Одағының ыдырауы және ТМД құрылуы.
1980 жылдардың ортасындағы шешуші оқиға – КОКП-ның басшылығына М.С.Горбачев бастаған, қалыптағыдан өзгеше ойлап, жаңаша әрекет ететін топтың келуі болды. Белгілі дәрежеде бұл жағдай сол уақыттағы партия өміріндегі ескі дәстүр мен жаңа көзқарастардың күресін көрсететін еді.
1985 жылғы сәуірде КОКП ОК-нің бас хатшысына сайланған М.С.Горбачев бастапқыда қалыптасқан дағдарысты жағдайды экономикалық тұралау мен саяси тоқыраудың жалпы шеңберінде қарады. Ол өзінің «ұлықтау рәсімінде» сөйлеген сөзінде, адам факторын жандандыруға, өсу қарқынын жеделдетуге, шаруашылық тетікті қайта құруға ... социализмге екінші тыныс ашуға» шақырды. Қоғамдық кұрылысты ырықтандыру жағдайында мұның өзі бейне бір таза шаруашылық мәселелерді шектен тыс саясаттандыруға әкеліп соқтырды.
1985 жылдың сәуірінде партия Орталық Комитетінің Пленумы өтіп, онда әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелерін жаңаша қарауға әрекет жасалды. Кеңес Одағында 1985-1991 ж.ж. қайта құру кезеңі деп тарихқа енді және оның негізгі бағыттары:
1. Әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету. Бұл секірісті экономиканың құлдырау қарқынын тоқтату және жеделдету бағытына басты күшті жұмылдыру есебінен жасау тұжырымдалды;
2. Қоғамды демократияландыру. Бүкілхалықтық басшылықты жүзеге асыратын төменгі баспалдақтан бастап жоғарғы сатысына дейінгі Кеңестердің қызметін қалпына келтіру;
3. Елде жариялылықты қамтамасыз ету. Келеңсіз құбылыстар айналасындағы халықтың ой-бүкпелерін, пікір-тұжырымдарын, ұсыныстарын іркілмей, ашық айтуына мүмкіндіктер беру.
Көтерілген мәселелер орынды, қажетті де заңды болды, бірақ оны іске асыруда сөз бен істің алшақтығы тап бұрынғыдай тағы белең алды.
«Қайта құру» саясатының алғашқы кезеңінде өнеркәсіптің өндірістік аппаратын түбегейлі жаңарту ұйғарылғаны соншалық, 1990 жылы оның 90 пайызы әлемдік сапа стандарттарына сай келе алатындай дәрежеде болуға тиіс делінді. Аталған мәселе партияның ХХVІІ-съезінде қолдау тапқанымен, өз нәтижесін бермеді. Себебі, мемлекеттің өнеркәсіпке монополиялығы жағдайында зауыттар мен фабрикалар жоғарыдан таңған импорттық қайта жабдықтаудан бас тартты. Расында, монопольді өндіруші болып табылатын зауытқа орын алған тауар тапшылығы жағдайында тіпті оның ескірген және сапасыз өнімін тұтынушылар талап алып кетсе қажеті қанша. Олай болса, жаңа технологияларда, станоктарда т.с.с. қандай мәні бар?
Қайта құру жылдарындағы Қазақстандағы елеулі оқиғаның бірі Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі болды.Колбин бастаған топ өздерінің арсыз қылықтарын жабу үшін демонстрацияға қатысқандарға жалған ақпарат таратып, жала жапты.
1986 ж. желтоқсанның үш күні Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, «Қазақстанның тәуелсіздік пен егемендік алуына жол ашып берді. 1986 ж. желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің едәуір өскендігін байқатты. Олар бірінші болып ғасырға жуық уақыт бойы халықтарды казармалық режимде өмір суруге мәжбүрлеп келген тоталитарлық жүйе алдындағы қорқынышты жеңіп шықты ... ». 1991 жылдың 12 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 1986 жылы 17-18 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау туралы Жарлыққа қол қойды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне Алматы қаласындағы 1986-жылғы желтоқсан оқиғаларына байланысты ішкі әскерлердің әскери қызметшілері мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерін мемлекеттік марапаттау туралы Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі Президиумының жарлықгары қате қабылданған жарлықтар ретінде танылсын деп бекітілген. 17 желтоқсан Қазақстан Республикасының Демократиялық жаңару күні деп жарияланды.
1988 жылы Қазақ КСР Компартиясының ОК 1920-1950 жылдарда қуғын-сүргінге ұшырап, жазықсыз атылып кеткен қайраткерлерді ақтау туралы қаулы қабылдады. Соған сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов, Ш. Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Х. Досмұхамедов, М. Тынышпаев сынды көптеген Алаш қайраткерлері мен ғылыми-шығармашылық зиялы қауым өкілдерін ақтауға және олардың мұраларын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берілді.
1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданған «Тіл туралы Заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп бекітілді..
Республикада Президенттік қызмет орнын құру. Қазақ ССР-нің егемендігі туралы Декларация (1990 ж.). 1990 жылы 24 сәуірде Республикада президенттік басқару институты енгізілді. Жоғарғы Кеңестің сессиясында Н.Ә.Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды.
1990 жылы 25 қазанда Қазақстан Жоғарғы Кеңесі «Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылдады..
Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы. Даму жолын анықтау. Н.Ә.Назарбаевтың «ХХ ғасыр табалдырығында» атты еңбегі.
Қазақстан 1992 жылы 2 наурызда Біріккен ұлттар ұйымына мүше болып қабылданды.
Сөйтіп, 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматы қаласында бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы 11 тәуелсіз мемлкете арасында Тәуелсіз мемлекеттер Достастығын құру туралы келісім хаттамасына қол қойды.
Сол күні ТМД-нің құрылуы жөніндегі «Алматы Декларациясына» қол қойылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет