Негізгі әдебиеттер:
Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жолы. Алматы,2003.
Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Астана, 2001.
Эпистолярное наследие казахской правящей элиты. Сборник исторических документов в 2-х томах. Алматы. 2014.
Ертысбаев Е.К. Казахстан и Назарбаев: логика перемен. – Асатана: Елорда, 2001.
Современный Казахстан: стратегия успеха/ под ред. М.Е.Шайхутдинова . – Алматы, 2008.
Қосымша әдебиеттер:
Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Қазақстан Республикасы Президентінің баяндамаларынан, сөйлеген сөздері мен мақалаларынан. А., 1996.
Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын // «Егемен Қазақстан», 1998. 16-қаңтар.
Первый президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев: хроника деятельности. А., 1993.
Тақырып 14. «Мәңгілік ел» - ХХІ ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы
Дәріс жоспары:
1. «Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы.
2.«Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; ұлы болашақ.
3. Ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы; ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер; халықты қорғаушылардың қасіреті
4. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің тарихи маңызы.
5. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының мақсаты мен міндеттері. (12 сәуір, 2017 ж.)
Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050» Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.
«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі.Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз - Ел бірлігі болуы керек. 2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өту Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияланды. ЭКСПO-2017 көрмесін табысты өткізу барша халықтық іс. Төртінші. Бұған дейін бөлінген 25 миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын жалғастыруды несиелеу үшін 2015 жылы қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсырды.
«Мәңгілік ел» патриоттық актісі - Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған буынның кейінгі ұрпаққа аманаты. Әр адамның жүрегінен орын алатын құбылыс. Ондағы құндылықтарды мәңгі қастерлеп, дамыта білсек - «Мәңгілік Ел» болу деген сол, деді Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.
«Патриоттық акт - Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаған буынның кейінгі ұрпаққа аманаты. Әр адамның жүрегінен орын алатын нәрсе. Ондағы құндылықтарды мәңгі қастерлеп, дамыта білсек - «Мәңгілік Ел» болу деген осы. Әрбір қазақстандықтың санасына осыны сіңдіру - біздің парызымыз. «Мәңгілік Елдің» мызғымас құндылықтарын бірлікті бәрінен биік қоятын біртұтас ел ғана жүзеге асыра алады. Біз осындай болашағы біртұтас елді жасайық деп отырмыз», - деді Елбасы.
Көшбасшымыздың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты халықтан қызу қолдау тапқан кешегі тұғырнамасын ширек ғасырды артқа тастаған Тәуелсіз Қазақстанның жаһандану дәуіріндегі рухани кеңістігіміздің жаңа бастауы деп бағалауымыз керек. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат.Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп,Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Мемлекет басшысы аталмыш жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, бұл жаңғырудың маңыздылығына тоқталады: «Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды». Саяси,экономикалық реформаларда егеменді еліміз бірқатар жақсы нәтижелерге қол жеткізгені баршаға мәлім. Ол адами құндылықтар,рухани қазына, жастарды тәрбиелеу, олардың бойына патриоттық рухты сіңіре білу жұмысында рухани салаға басымдық берудің қажеттілігін алға қойып отыр. Бұл дегеніміз – ұлтымыздың барлық ұлттық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді,мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту деген асыл ұғымға келіп саяды. Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі – үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл – тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені,рухани байлықтың кемел болғаны бұл жеке азаматтарымыз үшін де,әрбір жеке тұлғадан құралған қоғам, туған еліміз үшін де өте маңызды үдеріс.
.
Достарыңызбен бөлісу: |