Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны Тақырып Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



бет15/16
Дата07.01.2023
өлшемі110.62 Kb.
#468189
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс 2017-2018

Негізгі әдебиеттер:

  1. «Қазақстан-2030» Статегиялық бағдарламасы. Алматы, 1997 ж.

  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». ҚР Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Егемен Қазақстан, 15 желтоқсан 2012 ж.

  3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі – Мәңгілік Елдің Ұлы тарихы. Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шарада сөйлеген сөзі. - Егемен Қазақстан, 16 желтоқсан 2014 ж.

  4. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму. Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2015 жылғы 30 қараша. – Егемен Қазақстан, 1 желтоқсан 2015 ж.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. Қазақстан Республикасы Президентінің баяндамаларынан, сөйлеген сөздері мен мақалаларынан. А., 1996.

  2. Назарбаев Н.Ә. Жадымызда жатталсын, татулық дәйім сақталсын // «Егемен Қазақстан», 1998. 16-қаңтар.

  1. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Астана, 2001.

  1. Эпистолярное наследие казахской правящей элиты. Сборник исторических документов в 2-х томах. Алматы. 2014.

  2. Первый президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев: хроника деятельности. А., 1993.



Тақырып 15. Қазақстан - әлемдік қауымдастықтағы
Дәріс жоспары:
1.Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы, оны БҰҰ - на қабылдауы.
2.Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатының көпбағыттылығы.
3. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы және оның нәтижелері.
4. Біртұтас экономикалық кеңістік құру идеясы: жүзеге асырылуы мен перспективалары
5.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығының атап өтілуі. Н.Назарбаевтың «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі қағидалары.
Қазақстанның Батыс Еуропа мемлекеттерімен, соның ішінде Англиямен қатынасы егемендік жарияланбай тұрған кезде басталған болатын. Содан бергі уақыт ішінде бұл елмен байланыс қанағаттанарлық деңгейде дамып келеді. 1992 жылдың күзінде президент Н.Ә.Назарбаев Германияда болып, канцлер Г.Кольмен кездесті. Кездесу нәтижесінде екі мемлекет арасындағы қатынастардың негіздері туралы бірлескен мәлімдеме жарияланды. Сол жолы Қазақстанның Елбасын Елисей сарайында Франция президенті Ф.Миттеран қарсы алды. Бұл елмен достық, ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы шарт жасалынды. Н.Ә. Назарбаев жаңа Еуропаға арналған Париж хартиясына қол қойды.
Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ, ЭКОСОС, УВКБ сияқты ұйымдардың қызметіне белсене қатысады. Сонымен бірге халықаралық беделді ұйымдармен – Халықаралық валюта қоры, Қазақстан Халықаралық қайта құру және өркендеу банкіне, Еуропалық қайта құру және өркендеу банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне, Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы және т.б. қатынас жасайды. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Тәуелсіздік алған уақыттан бастап 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
Әлемдік деңгейдегі оқиғалардың бірі 2003 ж. ақпанда Алматыда өткен бірінші Бейбітшілік және келісім жөніндегі халықаралық конференция болды. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен шақырылды. Өркениеттер мен халықтар арасындағы әлемдік диалогтың алға басуы туралы оның бастамасының шынайы іске асуының көрінісі еді. Онда Елбасы төрағалық етуге сайланды. Бұл форумның жұмысына Қырғызстан мен Тәжікстанның президенттері, Түркия, Әзірбайжан, Ауғанстанның жоғары лауазымды өкілдері, дипломаттар, діни ұйым басшылары, көрнекті саяси қайраткерлер қатысты.
2002 жылғы 3-5 маусымда Алматы қаласында АӨСШК-нің тұңғыш саммиті өткізілді, оған Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан,Түркия, Монғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан президенттері, Әзірбайжан мен Үндістанның премьер-мииистрлері, Иранның, Египеттің, Палестина мен Израильдің уәккілетті ресми тұлғалары, АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина жене Корея Республикасы бақылаушы-мемлекеттерінің өкілдері, сондай-ақ EҚЫҰ, БҰҰ және АМЛ-ның (Араб мемлекеттері лигасы) бақылаушы-ұйымдарының басшылығы қатысты. Саммит барысында Алматы актісіне, Лаңкестікті жою жене өркениеттер арасындағы пікіp алысуға жәрдемдесу туралы Декларацияға қол қой­ылды.
Еліміздің халықаралық деңгейдегі дәрежесі бұдан кейін де өсіп, 2011 жылы Ислам Ынтымақтастық Ұйымының (ИКҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесіне (СІМК) төрағалық ету мәртебесіне ие болды. Бұл – біз үшін үлкен мәртебе. Өйткені, Ислам Ынтымақтастық Ұйымы ислам әлемінің басты үкіметаралық органы ретінде әлемдік қоғамдастықта ерекше орын алып отыр. ИЫҰ бүгінгі күні Азия, Африка, Еуропа және Оңтүстік Америка континенттерінен 1,5 миллиардтан астам тұрғыны бар 57 мемлекетті біріктіре отырып, БҰҰ-дан кейінгі ең ірі халықаралық ұйым болып табылады. Бұл ұйым 1969 жылы құрылған уақытынан бастап барлық мүше мемлекеттердің саяси мәселелерімен қатар, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени сипаттағы түрлі мәселелерді шешумен айналысып келеді. Ұйымның ұстанған негізгі мақсаты – мұсылман елдерінің өзара қарым-қатынастарын тереңдете түсіп, нәсілдік кемсітушілікті және отарлаудың барлық түрлерін жою, әділдікке негізделген халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін қажет шараларды қолдану, қасиетті жерлерді қорғау және мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты қолдау, саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және ғылыми салаларда ынтымақтастықты бекіту.
2010 жылы 1-2 желтоқсан күндері Қазақстан Республикасының елордасы - Астанада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Саммиті саяси мүмкіндіктің ауқымды оқиғасына айналды. Астана Саммиті ұйым тарихындағы жетінші саммит болып табылады. Тәуелсіздігіміздің туын әлем аспанында желбіреткен 19-ақ жыл болғанына қарамастан, Еуропа мен Азияның, Солтүстік Американың 56 мемлекеті мүше Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Саммиті Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ ТМД мемлекеттерінің ішінен бірінші болып Қазақстанда, Астанада өтті. Әлемдегі ең беделді ұйымдардың бірі - ЕҚЫҰ Саммитінің Астанада өтуі арқылы Қазақстан мемлекетінің, Қазақ елінің тәуелсіздігі төрткүл дүниеге түгел танылып қана қоймай, оның дүрбелеңге толы дүниежүзілік саясат сахнасының төрінен берік орын алғаны дәлелдеді. «Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті Ұйымның өзі үшін де, сонымен қатар Қазақстан үшін де сөзсіз маңызды оқиға болды. Астаналық кездесуде бірқатар қатысушылар арасындағы өткір пікірталас аясында Қазақстан өз төрағалығын жоғары позитивті нотада аяқтап, алға қойған мақсатын тиімді орындай алды. «Еліміздің еңсе көтеріп, әлемдегі беделді ұйымдардың бірі - ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық жасағанының жалғасындай болып өткен саммиттің үлкен нәтижесі Астана Декларациясының қабылдануы болды. Астана декларациясының өзегi - ЕҚЫҰ мүшелерi түгелдей осы ұйым жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру жолындағы жұмыстарды жалғастыруға уағдаласты. Сонымен, басты жеңіс - Декларацияның қабылдануы. Бұл - Қазақстан дипломатиясының жеңісі болып табылатыны даусыз.
2016 жылы наурыз айының аяғында АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді. БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығын, тұтастай Нью-Йорктегі дипломатиялық қауымдастықты осы кездесуде жоғары деңгейде ұсынылған ҚР Президентінің авторлығымен шыққан «Әлем. XXI ғасыр» Манифест атауымен мүлдем жаңа құжат-парадигманы таныстырды. БҰҰ бас Хатшысы Пан Ги Мунға, сондай-ақ әлемдік ұйым жанындағы барлық мүше мемлекеттердің Тұрақты Өкілдеріне тиісті хат жіберілді. ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.
Манифесте Н.Назарбаев Жер ғаламшарының басынан өткерген, айтуға ауыр қасіреттерін ойға салып өтті. Расында мұны естудің, сезінудің өзі ауыр тиді. Жер-Анамыз десек, оны жылатуға, жаралауға, тіпті, жойып жіберуге біздің құқымыз бар ма? Әрине, жоқ. Сол себепті, Президент адамзат үлкен үмітпен қадам басқан жаңа ғасырды жанжалсыз бастап, жаңа жетістіктермен өткізуге шақырды. Ол үшін «ХХІ ғасыр: соғыссыз әлем» атты бағдарлама құру қажеттігін ұсынды. Соғыстың зардабы мен қасіреті осы бағдарламаның мақсат-мазмұнын түсіндіру барысында айтылып, түсіндірілген. Сондай-ақ, бағдарламаны қандай бағыттарда жасақтау керек, оны жүзеге асыру үшін не істеп, жұ­мысты неден бастау керек және кең ауқымды бағдарламаны тиянақты жүзеге асыра отырып қандай жетістікке қол жеткізуге болады – осының бәрі манифесте толық баяндалған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет