Дәріс сабақтарының қысқаша мазмұны Тақырып Кіріспе. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы»



бет12/16
Дата07.01.2023
өлшемі110.62 Kb.
#468189
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Дәріс 2017-2018

Негізгі әдебиеттер:

  1. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. А., 1996.

  2. Назарбаев Н.А. Пять лет независимости Казахстана. А., 1996.

  3. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан жолы. Астана, 2006

  4. Сәбден О., Қошанов А.К., Құсайынов Б.Д. және т.б. Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі, бағалау критерийлері мен арттыру жолдары. Монография. А., 2008.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Абылхожин Ж.Б., Бурханов К.Н., Кадырбаев А.Ш. Страна в сердце Евразии. Сюжеты по истории Казахстана. А., 1998.

  2. Кшибеков Д.К. Национальная идея. А., 2007.

  3. Назарбаев Н.А. Эпицентр мира. Астана, 2001.

  4. Назарбаев Н.А. Критическое десятилетие. Алматы, 2003.



Тақырып 12. ҚР жастар саясаты және рухани жаңару бағыты
Дәріс жоспары:
1. Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары. «Нұр Отанның» жастар қанатының қызметі.
2. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы. ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан – 2020» даму бағдарламасы.
3. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасыз етілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісім.
4. Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі (2003 ж., 2006 ж., 2009 ж.).
Жастардың әр деңгейлі топтарының әлеуметтік мүдделерін қорғайтын жастар бірлестіктері мен ұйымдары бар. Жастар ұйымдары мен қозғалыстарының ішінде «Нұр-Отан» партиясының жастар қанаты үлкен беделге ие. Бүгінгі күні оның мүшелері қоғамның жан-жақты дамуына қатысты ұсыныстар айтып, еліміздің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз етуге белсенді қатысып келеді. Жастарға қатысты кешенді мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыруға байланысты 2008 жылы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды. Кеңес мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігіне талдау жасап отырады. Дегенмен жастар мәселесі біржола шешіліп, дұрыс жолға қойылды деуге әлі де ерте.
Жастар – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш-жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның - дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға арналған тұжырымдамасы қабылданды.
Тұжырымдама Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясының, Қазақстан Республикасы дамытудың 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспарының, үдемелі индустриялық инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелеріне жауап береді және Мемлекет басшысының Қазақстан халқы ассамблеясының ХІХ сессиясында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында берген тапсырмаларға сәйкес әзірленген.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың рөлі жоғары. 1996 жылы сәуірде өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының (ҚХА) ІІІ сессиясында Елбасы республикада азаматтық қоғам құру мәселесін көтерген болатын. Ал, 1997 жылы маусымдағы ҚХА ІV сессиясында жаңа қазақстандық азаматтықты қалыптастыру ең маңызды саяси мәселелердің бірі ретінде көрсетілді. Конституцияның 19-бабында жазылғандай: «Қазақстан – зайырлы мемлекет». Сондықтан әрбір Қазақстан азаматы «қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы».
Қазақстанда Әлемдік дәстүрлі діндер басшыларының 2003 жылы және 2006 жылы қыркүйек айында және 2008 ж. 17 қазанда үш съезі өткізіліп, еліміз «өркениеттер диалогын», Батыс пен Шығыстың үнқатысуын өрістетуге үн қосты. Бұл халықаралық деңгейдегі аса ірі форумдар еді. Мұсылман әлемі мен Батыс елдерінің саяси көшбасшылары арасындағы диалогты ұйымдастыру туралы Қазақстанның бастамасы да халықаралық қауымдастықта жоғары бағаланды және біздің шетелдік әріптестеріміздің толық қолдауына ие болды. Оның жұмысына Азия, Америка, Таяу Шығыс және Европадағы барлық әлемдік діндердің өкілдері қатысты. Съездің Декларациясы мен шешімдерінде форумға қатысушылардың барлығы да толеранттық шындық, әділеттілік пен сүйіспеншілік сияқты мәңгілік құндылықтарды қолдайтыны айтылды. Форумды алдағы уақытта әлемдік және дәстүрлі діндердің жетекшілерінің съезі деп атап, үш жылда бір рет шақыруға және келесі съезді тағы да Астана қаласында өткізуге келісті. Астанада 2008 жылғы қазанның 17-сінде өткізілген «Ортақ әлем: әралуандық арқылы прогреске» конференциясына қатысушылардың жоғары деңгейі осының нақты дәлелі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет