Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет26/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58
Бақылау сұрақтары
1. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері қандай түрінде ұсынылады?
2. Шығармашылық еңбектің нәтижесін әдеби рәсімдеудің талаптары.
3. Тексттің құрамдық бөлімдері.
4. Зерттеу нәтижелерін баяндаудың жалпы жобасы.
5. Қорытынды мен тұжырымның негізгі айырмашылығы.
6. Андатпада (анотацияда), рефератта не айқындалады?
7. Ғылыми жұмыстардың нәтижелерін ауызша ұсынудың түрлері.


20 ДӘРІС.
Ғылымды ұйымдастыру мен басқару.


Ғылымды ұйымдастыру мен басқару. Ғылымды әлеуметтік институт ретінде танып, ұйымдастыру ісі 17 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Еуропада алғашқы ғылым қоғамдар мен академиялар пайда болып, ғылыми журналдар жарық көре бастауымен тікелей байланысты. Бұған дейін ғылымды дербес әлеуметтік құрылым ретінде сақтау және дамыту ісі, кітаптардың көмегімен, дәріс беру арқылы, ғылымдардың қарым-қатынасты, өзара сұхбаты, хат алысуы арқылы жүрді. 19 ғасырдың аяғына дейін ғылыммен айналасатын адамдар саны тым аз болатын. 19-20 ғасырларда ғылымды ұйымдастырудың жаңа тәсілдері қалыптасты. Қуатты техникалық базасы бар, ірі ғылыми институттар мен лабораториялар пайда болды. Олар ғылым қызметті қазіргі өнеркәсіптік еңбекке жақындатты. Қазіргі заманғы ғылым қоғамдағы барлық әлеуметтік институттар мен жан-жақты байланысып жатыр, бұл байланыс тек өнеркәсіп арқылы ғана емес, саясат, әкімшілік және әскери салаларда да көрініс тапты. Ғылым әлеуметтік институт ретінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық күш-қуатының маңызды факторына айналып, оның әлеуметтік-мәдени даму деңгейінің көрсеткіші болып отыр.
Қазақстанда ғылымды ұйымдастыру алғашқыда әр түрлі ғылыми-зерттеу мекемелерінде (Партия тарихы институты, Санитарлық-бактериологиялық институты, тыңайтқыштар мен агротопырақтану институты т.б.) және бірқатар жоғары оқу орындарында шашыраңқы күйде жүргізілді. 1945 жылы Қазақстан Ғылым Академиясы (ҒА) құрылғаннан кейін, ғылыми-зерттеу институтарының бірыңғай тұтас жүйесі қалыптасты. ҒА құрылғаннан бергі жарты ғасырдан астам онда үлкен зерттеу жұмыстары жүргізілді; өндіріске құнды жаңалықтар енгізілді; ұйымдастыру құрылымы қалыптасты. Елбасы Н.Назарбаевтың 1993 жылы 21 қаңтардағы Жарлығымен республика ҒА болып қайта құрылды. Ұлттық ҒА-ның аймақтық төрт бөлімшесі құрылған: оңтүстік бөлімше - Шымкентте, шығыс бөлімше - Өскеменде, батыс бөлімше - Атырауда және орташа бөлімше Қарағандыда. Қазақстанда ғылымның соңғы он жылда даму ерекшелігі қалыптасқан экономикалық құрылыммен байланысты болды. Ғылымды мемлекет тарапынан басқару жүйесін жетілдіру, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өзгерісткрі тұсында оның рөлін арттыру, ғалымдарға мемлекеттік қолдау көрсету шаралары жүзеге асырылды.
«Ғылым» - республикалық ғылыми әдебиеттер баспасы. Қазақстан ҒА Төралқасының шешімімен 1946 жылы Алматыда ұйымдастырылған. 1992 жылға дейін «Наука» баспасы аталған. Алғашқыда редакциялық-баспа кеңесін Қ.Сәтбаев басқарды. Тұңғыш редакторы - Б.Я. Нинбург. 1948 жылы 17 қарашада Қазақстан ҒА-ның дербес баспасы ретінде қайта құрылды. 1962 жылы Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөнінде әдебиеттер шығаратын баспаға айналды. 2001 жылы ҚР Білім және ғылым министрінің «Ғылым» баспасы болып қайта құрылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет