Ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу тәртібі
Ғылыми, жаңашылдық және тағы басқа жобалар бойынша ҒЗЖ нәтижелері енеді.
ҒЗЖ нәтижелерін енгізуді кафедралар жүзеге асырады.
ҒЗЖ нәтижелерін енгізу деңгейлік түрде жүреді:
1) Нәтижелердің сапасын анықтау - жасап шығарушы енгізу нысаны туралы және болашақ мүмкіндіктері мен оны белгілі бір мамандық үшін, пән үшін оқу үрдісі барысында пайдалану нәтижелеріне байланысты оқу пәндері бекітіледі, бұларға білім беру үрдісі барысында әрдайым жаңартулар енгізіліп отыруы керек, кафедра отырысында баяндайды. - кафедра отырысындағы талқылаудан кейін оқу үрдісіне енгізу мүмкіндігі туралы шешім қабылданады. Жобаны енгізуге қатысатын авторлар мен оқытушылар негізгі пәннің оқу-әдістемелік кешендерін, дәріс курстарын, семинар материалдарын, тәжірибелік және зертханалық сабақтарды пәннің оқу бағдарламасына сәйкес реттеп отырады; ғылыми және оқу-әдістемелік материалдарының ақпараттық қорын құрады, соның ішінде Университет оқытушылары пайдалануына арналған электронды жинақтарды да жасайды. Жобаның сапасын анықтау оқу үрдісі барысында жүзеге асады.
2) Пайдалану тиімділігін бағалау және ҒЗЖ нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу туралы актыны алу (ары қарай – Акт):
3) Сапа анықтауға бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін кафедра жиналысы жасалады, бұл кезде жобаны қолданған оқытушылар тыңдалады, және факультеттің әдістемелік бюросына ҒЗЖ нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу туралы Актіге келісім беру туралы өтініш білдіруге шешім қабылданады.
4) Енгізу тиімділігі мен жүргізу барысында жоба пайдаланылатын дәрістік, тәжірибелік, семинарлық, зертханалық сабақтарының сағаттар саны көрсетілетін кафедра жиналысы протоколынан алынған хаттама, ҒЗЖ нәтижелерін енгізу көрініс табатын силлабус факультеттің әдістемелік бюросына қарауға беріледі, ол ары қарай университет комисссиясына қарауға беріледі.
5) Актіні қабылдауға берілген өтінішті қарастыруға арналған университет Комиссиясы жиналысы қажет болған кезде ғана жасалады. Комиссия құрамына оқу жұмысы бойынша проректор (төраға), академиялық сұрақтар бойынша департамент директоры, ғылым және инновациялық қызмет бойынша департамент директоры, оқу-әдістемелік басқарма бастығы (бакалавриат) немесе ЖОО кейінгі білім беру институтының директоры (магистратура, докторантура), сәйкес факультет әдістемелік бюросының төрағасы мен деканы кіреді.
6) Келіп түсетін құжаттарды талдау негізінде, Комиссия Актіні мақұлдау немесе мақұлдамау туралы шешім қабылдайды.
7) Оң шешім шығарылған жағдайда Акт ғылыми-жаңартушылық қызмет бойынша проректормен келісіліп, оқу жұмысы бойынша проректормен бекітіледі, комиссия мүшелері куә болады.
4. Акт ЖОО кейінгі білім беру институты (магистратура, докторантура) немесе оқу бөлімінде (бакалавриат) тіркеледі.
5. Акт негізінде, комиссия шешімі бойынша, авторларға оқу үрдісінің жоғары тиімділігін және 1.3 пен 1.4 көрсетілген тапсырмалар мен мақсаттарға жетуді қамтамасыз еткен ҒЗЖ нәтижелерінің университеттің білім беру үрдісіне енгізілгенін растайтын сертификат берілуі мүмкін.
6. Акт алынған енгізу нысанын алып жүру: - жоба енгізілген кафедралар, және жобаны жасаушылар енгізу нысанын қадағалауды жүзеге асырады (жұмыстастарына кеңес беру); жоба құрамын алдағы енгізу мен жақсарту барысын қадағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |