Дәріс сабақтарының конспектілері 1,2 ДӘріс негізгі жағдайлар. Таным мен шығармашылықтың методологиялық ғылыми негіздері



бет32/58
Дата19.05.2022
өлшемі0.7 Mb.
#457259
түріСабақ
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58
Бақылау сұрақтары:

  1. Мақала жазу барысында тақырыптың қамтуы

  2. Ғылыми мақаланы жазу дағдылары

  3. Ғылыми мақаланы жазу құрылымы

  4. Ғылыми мақаланы жазу талаптары



Лекция 22
Жаңалықтар мен өнертабыстар. Оларды сақтау түрлері.
Жаңалық деген бүкіл дүниеге әйгілі ғылыми жетістік, оның авторы деп материалдық дүниенің заңын, қасиетін немесе құбылысын аштым деп барлығынан бұрын жариланған адамды айтады.
Жаңалықтарда заңның, қасиеті мен құбылыстың теориялық дәлелдеуі болуы керек. Кейде байқалған заңдарды, қасиеттер мен құбылыстарды теориялық дәлелдеу міндеті емес, эксперимент бойынша дәлелдесе де жеткілікті. Бұрыннан белгілі құбылыстар немес олардың қасиеттерінің арасындағы байланысты ғылыми тұрғыдан дәлелдеу де жаңалық ашу болады. Табиғатта кездесетін құбылыстар емес жасанды құбылыстар да (табиғатта кездеспеген элементтерді Менделеев сипаттамасы бойынша ашу) жаңалық ашу болуы мүмкін.
Ашылған жаңалықтар Қазақстан респубикасының стратегиялық жоспарлау және реформалау Агенттігі патен және товар белгілері жөніндегі Респубикалық Мемлекеттік кәсіпорнында есепке алынып, авторлық диплом беріледі. Автордың аты жазылып берілген және материалды дүиенің жаңадан белгілі болған заңдарын, құбылыстарын, қасиеттерін ғылыми жаңалық деп куәландыратын құжат – диплом авторға заң бойынша бекітілгн құқық пен жеңілдіктер береді. Диплом авторлық құқықты қорғайтын құжат болып саналады.
Қазақстан республикасының Патент заңының 5-бабының 3-тармағы бойынша мына төмендегілер өнертабысы деп аталмайды:

  1. Ғылыми теориялар мен математика әдістері.

  2. Шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдістері.

  3. Шартты белгілер, кестелер, ережелер.

  4. Ой операциясын орындаудың әдістері мен ережелері.

  5. Есеп машиналарыныңы бағдарламалары, алгоритмдер.

  6. Құрылымдарды, ғимараттарды, территорияларды жобалау және жоспарлап жүйелеу схемасы.

  7. Бұйымдардың сырт көрінісін, эстетикалық талаптарға лайық, өзгертуге арналған ұсыныстар.

  8. Қоғам мүддесіне, адамгершілік пен мораль принциптеріне қайшы келетін ұсыныстар.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   58




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет