Дәріс сұйықтықтарды жылжыту. Сорғылардың әр түрлі түрлері және олардың сипаттамалары Гидравликалық машиналар дегеніміз


Тiлiмшектi сорғы (Насос пластинчатый)



бет10/19
Дата04.12.2022
өлшемі0.51 Mb.
#466428
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19
Д ріс с йы ты тарды жылжыту. Сор ыларды р т рлі т рлері ж не о

Тiлiмшектi сорғы (Насос пластинчатый) — жұмысшы органдары ерсілі-қарсылы қозғалатын айналмалы роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының тілімшектері арқылы орындаушы механизмдерге сұйыктық беріліп отырады.

  • Радиал-поршеньдi сорғы (Насос радиально-поршневой) — ротордың айналмалы қозғалысы мен поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан механикалық энергия алатын роторлы сорғы; Радиал-поршеньдi сорғы қысымы жоғары гидрожүйелерде қолданады.

  • Тiстегергiштi сорғы (Насос шестеренный) — жұмыс органы екі тістегергіштен тұратын роторлы сорғы; Тiстегергiштi сорғыда сұйықтықтың үлкен қысым мөлшерін реттеп отыратын сақтық клапаны орналасқан.



Поршеньді сорғы
Поршеньді сорғы — тамшылы сұйықтықтың қозғалуы немесе газдың қысылуы және берілуіне, кірісі мен шығысына алма-кезек қатынасты, сонымен қатар көлемі де үнемі өзгеріп тұратын жұмыс бөлмешігіндегі органның өсері арқылы сұйық зат тиісті қуатқа ие болатын сорғы түрі.

Поршеньді сорғы негізінен поршеньді және плунжерлі болып екі түрге бөлінеді. Біріншісі 1,5—2 Мпа-ға дейінгі ал екіншісі одан жоғары қысымға қолданылады. Поршеньді сорғынын, жұмыс өнімділігі поршень жүрісінің ұзындығы мен диаметріне және поршеньнің жүріс санына байланысты; сорғының арыны сорғыш және арынды құбырлар желісіндегі гидравликалық кедергілерден және геодезиялық көтеру биіктігінен тұрады. Арынның өнімділікке төуелді болмауы поршеньді сорғының артықшылығын көрсетеді. Цилиндрде өте үлкен қысым туындататын Поршеньді сорғы түтқыр сұйықтықтарды тасымалдауға (гидросорғы) және дизельдерге отын беруде кеңінен қолданылады. Сығылған газдарды сыртқа аддап және сорған поршеньді сорғыны — поршеньді компрессорларден те атайды.
Роторлы сорғылар
Роторлы сорғылар — сорғының арнаулы түрі, көбінесе машина жасау өндірісінде (май айдағыш кұрал, гидравликалық күш беру, гидравликалық трансформаторлар және т.б.) қолданады. Ротордың айналуынан туындайтын қысым бірнеше ығыстырғыштар арқылы сұйық айдамалауға мүмкіндік береді. Роторлы сорғылардың пластиналы, шиберлі, поршеньді және т.б. түрлері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет