Дәріс сұйықтықтарды жылжыту. Сорғылардың әр түрлі түрлері және олардың сипаттамалары Гидравликалық машиналар дегеніміз



бет11/19
Дата04.12.2022
өлшемі0.51 Mb.
#466428
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Д ріс с йы ты тарды жылжыту. Сор ыларды р т рлі т рлері ж не о

Поршеньді сорғылар
Суретте қарапайым əсерлі поршеньді сорғы құрылысының сұлбасы бейнеленген. Сорғы корпусының төменгі жағынан сорушы құбыр , ал жоғарғы жағынан – айдаушы құбыр жалғанған.

Сурет – Плунжерлі поршені бар қарапайым əсерлі поршеньді сорғы сұлбасы
Поршеннің жоғары жүрісі кезінде цилиндрдің ішінде белгілі бір көлем босатылады, осыдан құдықтағы сұйық бетіндегі қысым мен цилиндр ішіндегі қысым айырмасының пайда болу салдарынан сорушы құбырдан сорғы қуысына осындай көлемде сұйық келіп түседі. Осы кезде сорушы қақпақ ашылып, ал айдаушы қақпақ жабылады. Поршень төмен қарай қозғалған кезде сорылған сұйықты айдау процесі жүреді, осы кезде айдаушы қақпақ ашылып, ал сорушы қақпақ жабылады. Осылай поршеньді сорғы - да сору жəне айдау құбылысы кезектесіп, бір –бірін алмастырып жүріп отырады.
Поршеннің штогы кривошипті –шатунды механизм көмегімен қозғалысқа түседі, сондықтан сорғы поршені бірқалыпсыз қозғалады. Поршеннің үзіліспен үдемелеіп жəне баяулап қозғалысы салдарынан сұйықтың бірқалыпсыз берілуі, центрден тепкіш сорғылармен салыстырғанда поршеньді сорғылардың ең үлкен кемшілігі болып саналады.
Сорғының поршені болаттан немесе шойыннан жасалған цилиндр түрінде болады. Осындай түрдегі поршеньді білікті немесе плунжерлі деп атайды. 15-20 атм қысым кезінде дискалы (дөңгелекті) деп аталатын поршень жиі қолданылады. Дискалы поршеньді нығыздау (саңылаусыздандыру) серпімді металл сақиналармен немесе алмалы –салмалы былғары манжеттермен жүзеге асырылады. Плунжер сорғы цилиндрінде еркін қозғалып тұрады, ал сальникте нығыздалады.
Сорғының қақпақтары жоғары қарай судың қысым күшімен көтеріледі, ал өзінің тіректі орнына ауырлық күшінің жəне серіппенің əсерінен төмен түсіп отырады.
Поршеньді сорғы центрден тепкіш сорғыдан айырмашылығы сұйықты оған алдын –ала құймай –ақ суды сорып ала береді. Су құюсыз сорғыны іске қосу үшін бірнеше бос жүрістер жасау керек. Поршеннің қажетсіз тозуын болдырмау үшін поршеньді сорғыны іске қосар алдында центрден тепкіш сорғыдағы сияқты су құйып отыру қажет, сондықтан сорушы құбырдың төменгі жағында кері қақпақ орнатылады. Поршеньді сорғының орташа өнімділігі немесе берілімі тек поршеньмен итеріліп шығарылған сұйықтың көлемімен анықталады жəне жеңіп шығатын қысымға байланысты болмайды. Поршеньді сорғының берілімін реттеу біліктің айналым санын өзгерту немесе сорылған сұйықтың бір бөлігін кері қарай сорушы құбырға қайтадан беру арқылы жүзеге асырылады. Айдамалаушы құбырға ысырма орнатылады, бұл сорғы тоқтап қалған кезде сорғыны құбырдан ажырату үшін қажет. Поршеньді сорғыда сұйық берілімін ысырмамен реттеуге болмайды. Поршеньді сорғының жұмысы кезінде құбырды ысырмамен (кранмен) жабуға мүлде рұқсат етілмейді, себебі бұл оны сындырып жіберуі мүмкін. Өнімділіктің қысымды жеңу жұмысына тəуелсіздігі поршеньді сорғылардың артықшылықтарының бірі болып саналады. Бұл ерекшелік тұтқырлығы температура өзгерген кезде өзгеретін тұтқыр сұйықтарды айдау кезінде (мысалы мұнайларда) немесе берілім тұрақтылығы сақталу шарты кезінде қысымның ауытқулары жағдайында қажет болады.
Поршеньді сорғының артықшылығы, сол сияқты үлкен қысым кезінде (гидравликалық пресстердегі сорғылар жəне басқалары ) немесе суды, мұнайды терең бұрғылау скважиналардан үлкен биіктікке көтеру кезінде сұйықтың аз мөлшерін беру мүмкіндігі .
Арналуы, жұмыс істеу жағдайлары жəне жетек тəсіліне байланысты поршеньді сорғыдардың əртүрлі типтері жасалады. Жетек түрі бойынша поршеньді сорғылар қолдық, жетекті ( кривошипті –шатунды беріліс арқылы), тіке əсерлі булы болып бөлінеді. Булы жетекті сорғыда поршень булы машинаның кривошипсіз поршенімен жалпы штокта орнатылады.
Цилиндрлердің орналасуы бойынша сорғылар горизонтальды жəне вертикальды болып бөлінеді.
Поршень конструкциясы бойынша дискалы поршені бар, білікті немесе плунжерлі поршеньді сорғылар болып бөлінеді.
Ең өзгешелісі поршеньді сорғылардың əсер ету тəсілі бойынша бөлінуі .
Қарапайым əсерлі сорғы деп поршеннің екі жүрісі кезінде, яғни біліктің бір айналымы кезінде бір рет соратын, бір рет айдайтын поршеньді сорғыны айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет