6. Клапандардың түрі бойынша тәрелкелі клапанды және шарлы клапанды.
7. Міндеті бойынша -сорғыштар суға, кірге, кислотаға, ыстық сұйықтарға және т.б. арналған болады. Сорғыштың берілісі деп бірлік уақытта айдағыш құбырөткізгішке сорғышпен берілетін сұйықтың көлемдік мөлшері. Бұл анықтама барлық сорғыштар үшін ортақ болады. Поршенді сорғыштар үшін беріліс біркелкі болады. Көппоршенді сорғыштарды қолдану берілістің біркелкі еместігін азайтуға мүмкіндік береді.
Поршенді сорғыштардағы берілістің біркелкі еместігінің дәрежесін берілістің біркелкіеместігі коэффициентімен , максималды берілістің орташа беріліске қатынасына теңдігімен бағалайды.
.
Бір әрекетті поршенді сорғыштың беріліс диаграммасы
Сорғыштың максималды берілісінің орташа берілісінен қаншалықты үлкен екенін көрсететін біркелкі еместік коэффициентін анықтау үшін графиктік әдіс қолданылады.
|
Құрылған диаграмманың ордината шамасы беріліс диаграммасы деп аталады, ол поршеннің берілген жылдамдығы кезіндесораптың лездегі секундтық беріліске пропорциональды.
Берілісті реттеудің тағы бір әдісі гидропневматикалық аккумуляторларды (ауа қалпақтарын) қолдану.
|
Ауа қалпақтарын сорғыш және айдағыш желілерде, жұмысшы камераға, одан қалпақтарға дейінгі жол минимальды болатындай, жақын жерге орналастырады. Сорғыш цилиндріндегі қысымның өзгеру графигі (тегеурін) поршен жүрісі бойынша поршенді сорғыштың жұмысшы сипатын анықтайтын индикаторлық диаграмма деп атайды.
Көрсетілген графикте: абсцисса осьі – нолдік қысым шығыны, АА – атмосфералық қысым желісі. 1 және 2 сызықтар сору және айдау процестерін сипаттайды, ал 3 және 4 сызықтар сору және айдау клапандарының ашылуын сипаттайды. Осы сызықтардың көлбеулік шамасы поршен жүрісі бөлімінің шамасына байланысты болады. неғұрлым үлкен болса, соғұрлым клапан ауыр және соғырлым сорап жылдамжүрісті болады.
Роторлы сорғыштар үш негізгі бөлімнен тұрады– статордан (қозғалмайтын тұрықтан), ротордан, білікпен қатаң байланысқан сорғыш және сорғы. Мұндай сорғыштардың поршенді сорғыштардан ерекшелігі, сорғыш және айдағыш клапандардың жоқтығы. Сорғыштардың түрі бойынша шестерналы сорғыштар, пластиналы немесе шиберлі сораптар, винтті сорғыштар және роторлы –поршенді сорғыштар деп бөлінеді.
Роторлы сорғыштардың жұмысшы процесі үш кезеңнен тұрады – сұйықпен жұмысшы камераны толтыру, жұмысшы камераны жабу және оларды тасымалдау және жұмысшы камерадағы сұйықты сору.
Роторлы сорғыштардың поршенді сорғыштардан айырмашылығы:
-роторлы сорғыштардың гидроқозғалтқыш ретінде жұмыс істеу мүмкіндігі;
-жылдам айналысты (роторлы сораптардағы біліктің айналыс саны 2000 нан 5000 айналыс минутына дейін) және поршенді сорғыштарға қарағанда бірқалыпты берілісті.
-таза, қарқынды емес сұйықтармен ғана жұмыс істеуі.
Достарыңызбен бөлісу: |