Денотаттық мағына. Денотат – сөз мағынасының қалыптасуы барысында шындық өмірдегі зат, құбылыспен байланысып жатқан элемент. Немесе оны белгілі сөзбен таңбаланған зат деп түсінуге болады. Денотаттық мағынада шындықты бейнелеп беру қасиеті бар, ол таным теориясымен тығыз байланысты. Денотат – деректі де, дерексіз де зат, құбылыстардың адам санасындағы жинақталған зат түріндегі бейнесі.
Сигнификаттық мағына. Лексикалық мағынаның қалыптасуындағы бірінші басқыш идеалды денотат болса, екінші басқыш сигнификат болады.
Идеалды денотат арқылы қабылданған шындық адам санасында материалды денотатқа ең жақын бейнесі түрінде көрінеді де, субъективтік сипатқа ие болады. Мысалы қаймақ – денотат, оның сүттен пайда болатыны, ал оның сүттің бетінде тұрып ең майлы дәмді болатыны сигнификаттық мағына, жалпы сүт ұғымына қатысы танымдық мағына.
Коннотаттық мағына (лат. қосымша мағына) деп, номинативтік бірліктер (сөз) мағынасындағы ассоциация нәтижесінде пайда болған эмотивті, экспрессивті бағалағыштық семалардың жиынтығын айтуға болады, ол номинациямен салыстырғанда екіншілік мағына сөйлеушінің субъективтік қатысын білдіретін мағына.
Полисемия, омонимдер, антонимдер, табу мен эвфемизмдер. Мағына ауысуының негізгі типтері: метафора, метанимия, синекдоха.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Семосиология нені зерттейді.
А) Тілдегі сөздердің шығу тегін зерттейді;
В) Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейді;
С) Сөз мағынасының дамуын зерттейді;
D) Жер-су атауларын зерттейді;
Е) Кісі атауларын зерттейді.
2. Антоним сөздер:
А) ойлы, ақымақ;
В) салақ, олақ;
С) сенімді, сенімсіз;
D) зерек, талапты;
Е) ақылды, ақымақ.
3. Синоним сөздер:
А) пияз, жуа, сарымсақ;
В) асқабақ, аскәді;
С) әдемі, ашық;
D) әдемі, арық, ақсары;
Е) әдемі, келбетті.
4. Варваризмдер:
А) әр түрлі тілдік құрылымдарды белгілейтін жалпы термин;
В) ықпалдың бір түрі;
С) қолданыстан шыққан сөздер;
D) тілдегі жаңа сөздер;
Е) өз тілінде баламасы бола тұра бөтен тілдің сөздерін еліктеумен қолдану.
5. Кірме сөзді ажырат.
А) қауын;
В) жәрмеңке;
С) ауылнай;
D) Баяндауыл;
Е) қолжазба.
6. Кірме сөздер:
А) грамматикалық категория;
В) архаизмдер;
С) тарихи сөздер;
D) бір тілден басқа тілге енген бөтен тілдің элементі;
Е) кәсіби сөздер.
7. Сөздің лексикалық мағынасы:
А) жіктік жалғаулар арқылы;
В) көмекші сөздер арқылы жасалады;
С) зат, қасиет, процесс, құбылыс тағы сол сияқты түсінікті ой-санада бейнелеп тұрақтану арқылы жасалады;
D) грамматикалық формалар арқылы жасалады;
Е) грамматикалық тәсілдер арқылы жасалады.
8. Эвфемизм дегеніміз:
А) түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі;
В) дыбыстардың комбинаторлық өзгерісінің бір түрі;
С) құлаққа ерсі естілетін сөздердің синонимдері ретінде жұмсалады;
D) сөздің шығу тегін зерттеуді атайды;
Е) мақал-мәтелдер.
9. Табу дегеніміз не?
А) Тілдегі көнерген сөздер;
В) Тілдегі жаңа сөздер;
С) Атын тікелей атауға тыйым салынғандықтан басқаша аталатын сөздер;
D) Дөрекілеу, қолайсыздау сөздерді сыпайы, майда сөздермен ауыстырып айту;
Е) Шығу тегі күңгірт, түсініксіз сөздер.
|
2
|
№11
дәріс
|
Фразеология, нысаны.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Фразеологизм:
А) морфологиялық құбылыс;
В) еркін сөз тіркесі;
С) семантикалық тұрақты байланыста болатын сөйлемдер мен сөздердің тіркесуі;
D) тілдің сыртқы көрінісі;
Е) сөз тіркестері
2. Фразеологияның зерттеу объектісі.
А) Жергілікті тіл ерекшеліктері;
В) Сөз мағынасының дамуы;
С) Күрделі сөздер;
D) Еркін сөз тіркестері;
Е) Тұрақты сөз тіркестері.
3. Фразеологизмге тән басты белгі.
А) Сөздердің еркін тіркесіне сырттай ұқсастығы;
В) Образды мағынада болуы, даяр күйінде қолданылуы;
С) мақал-мәтелдерге ұқсастығы;
D) Құрамы бірнеше сөзден тұратындығы;
Е) Құрамына басқа сөз қосу мүмкіндігі жоқтығы.
4. Идеоманы тауып, ажырат.
А) жүрек жұтқан;
В) жүрегі суылдады;
С) мақтамен бауыздау;
D) шалқар көл;
Е) тауықтың түсіне тары кірер.
5. Фразеологиялық тізбекті ажырат.
А) ата жау;
В) алыс жерде;
С) қол қусыру;
D) жүрек жалғау;
Е) тілі қышу.
6. Фразеологиялық сөйлемшені ажырат.
А) қолы жүру;
В) қолы суық;
С) қолы қышыды;
D) құрғақ қасық ауыз жыртар;
Е) мидай далада келеді.
7. Тұрақты тіркесті ажырат.
А) піскен ас, киген киіміне мәз болу;
В) күйген ас, киген киімге мәз болу;
С) ішкен ас, киген киімге мәз болу;
D) ас ішіп, аттанғанға мәз болу;
Е) ас ішіп қайтқанға мәз болу
8. Фразеологиялық единицалар үшін сөздердің лексикалық тіркесімділігі.
А) міндетті емес;
В) міндетті шарт;
С) әрқашан міндетті;
D) кейде міндетті;
Е) шартты түрде міндетті.
|
1
|
№ 12
дәріс
|
Лексикография, нысаны, мақсаты.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Лексикография –гректің Iexikon (сөздік) және Iogos (ілім) мағыналы сөздерінен алынған термин. Қазіргі кезде лексикография,негізінен, үш түрлі мағынада қолданылады: лексикография –тіл білімінің сөздіктер жасау және оларды зерттеу жөніндегі үлкен бір саласы; сөздіктер жасау туралы ілім; лексикография белгілі бір тілдің сөздерін жинастырып, оларды жүйелеп, сөздіктер құрастыру туралы сала; лексикография –белгілі бір тілдің немесе ғылымның белгілі бір саласына қатысты сөздіктер жиынтығы; жалпы немесе белгілі бір мақсатқа арналған сөздіктер жиынтығы.
Тіл -тілде сөздіктер ірі -ірі екі топқа бөлінеді: энциклопедиялық сөздіктер , лингвистикалық сөздіктер. Энциклопедиялық сөздіктер негізгі - негізгі мәселелер жөнінде ғылыми ұғымдар мен түсініктер, ірі - ірі тарихи оқиғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлері т. б. күрделі –күрделі проблемалар туралы толық әрі тұжырымды мағлұмат береді.Энциклопедиялық сөздік белгілі бір мақсатқа арналуы да мүмкін.
Тіл лексикасының қыр-сыры лингвистикалық сөздіктерде қарастырылып,жүйелі түрде түсіндіріледі.Лингвистикалық сөздіктер өз ішінде негізгі екі типке бөлінеді: жалпы және арнаулы сөздіктер.Жалпы сөздік тілде күнделікті қарым-қатынас жасау үшін аса қажет, жиірек, жалпылама қолданылатын сөздерді қамтып, оларға толық сипаттама береді.Жалпы сөздік біртілділік, қостілділік болып келеді.
Лингвистикалық сөздіктің түрлері өте көп: орфографиялық сөздік, орфоэпиялық сөздік, терминологиялық сөздік,шет тілдері сөздігі, лингвистикалық терминдер сөздігі, қысқартылған сөздер сөздігі, түсіндірме сөздік,топонимикалық сөздік, жиілік сөздігі, этимологиялық сөздік, диалектологиялық сөздік,фраезологиялық сөздік,синонимдер сөздігі,антонимдер сөздігі,логикалық сөздік-анықтама,жеке ақын-жазушы тілінің сөздігі,жеке бір шығарма тілінің сөздігі т.б.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Лексикография:
А) сөздіктер жасаудың теориясымен айналысатын сала;
В) тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді;
С) тіл білімінің грамматика саласын зерттейді;
D) белгілі бір тілдің сөздік құрамын зерттейді;
Е) морфология саласын зерттейді.
2. |
Достарыңызбен бөлісу: |