10. Тілді сана әрекетінің көрінісі, ойдың тікелей шындығы ретінде зерттейтін тіл білімінің саласын белгілеңіз
А) Этнолингвистика
В) Психолингвистика
С) Когнитивистика
D) Әлеуметтік лингвистика
Е) Лингвомәдениеттану
|
2
|
№7 дәріс.
|
Тілдің даму заңдылықтары.
1 Ішкі және сыртқы лингвистика
2 Сыртқы лингвистиканың салалары
Тілдің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысында, лексикасында болатын жетілістер, дамулар құрылымдық даму деп аталады. Сонымен бірге, тіл дамуы деген ұғымға оның қоғамда атқаратын қызметінің ұлғаюы, кеңеюі де енеді. Дамудың бұл түрі функционалдық даму деп аталады.
Тілдің функциясы дегенде оның қоғамда атқаратын қызметін түсінеміз. Тілдік құбылыстар ішінде оның қызмет жағынан дамуының мәні ерекше. Тілдегі өзгеріс-құбылыстардың қандайы болса да, оның қоғамдық қызметі арқасында тынымсыз қозғалыс, әрекет үстінде болады да, соның нәтижесінде қоғам сынына түсіп, өмір талабын сәйкестеніп отырады. Сондықтан да тілдің қызметі мен құрылымдық эволюциясы бірлікте қаралады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді, шарттас деп есептеледі. Бірсыпыра ғалымдар тілдің қызметі мен құрылымдық эволюциясы арасындағы қарым-қатынасты тіл мен сөйлеу арасындағы қарым-қатынас деп те атайды. Тілдің қызметтік дамуы, негізінде экстралингвистикалық жағдайларға тәуелді, соның қызметінен туады.
Тіл дамуының өзіндік заңдылығы бар, оның өзгеріске ұшырауына себепші, түрткі болатын жағдайлар болады. Тілде болатын өзгерістердің біразы оны қолданушы қауымның еркінен тыс, тілдің өзіндік ішкі даму заңы бойынша іске асады.
Тілдің дамуындағы жалпы заңдылыққа төмендегілер жатады:
Тіл бірте-бірте, эволюциялық жолмен дамиды.
Тілдік қабаттарының барлығы бірдей дәрежеде, біркелкі дамымайды, жағдайға, өмір талабына сәйкес әр түрлі қарқында, әр түрлі сапада дамиды.
Тіл қатынас құралы қызметін атқарып тұрған жағдайда әрқашан да даму үстінде болады. Сондықтан оның дамуын тарихтан бұрынғы, тарихтан кейінгі деп екі кезеңге (неміс ғалымы А.Шлейхер, 19 ғ.) немесе әр түрлі сатыға бөлу дұрыс емес.
Дыбыс тілі дамуына тән тағы бір ортақ заңдылық – дифференциация заңы.
Тіл дамуында дифференциациялаумен қатар, оған қарама-қарсы мәндегі интеграциялау (топтау, біріктіру) принципі де болады. Бұл тәсіл бойынша ұсақ тұлғалар өздерінен бір саты жоғарғы тұлғалар құрамына еніп, анағұрлым күрделі тұлғалар жасалады. Интеграция принципіне негізделген заңдылықтың бірі – синкретизм.
Тілдер дамуында болатын ортақ құбылыстардың тағы бірі – аналогиялық принцип. Бұл тәсіл бойынша тілде бұрыннан белгілі бір тұлғаға, амал-тәсілге сүйеніп, соған ұқсас жаңа, тың туындылар жасалады т.б.
Тілдік одақ дегеніміз – шыққан тегіндегі жақындық бойынша емес, біртұтас географиялық кенңістікте бір-бірімен ұзақ уақыт бойы қарым-қатынаста болған тілдердің белгілі дәрежеде құрылымдық және материалдық ұқсастығына негізделген тілдердің тарихи бірлігі.
Ностратикалық тілдер дегеніміз – афразия, үндіеуропа, картвел, орал, дравид, алтай тілдерін біріктіретін тілдердің үлкен семьясы (макросемья языков). Бұл терминді 1903 жылы алғаш ұсынған – дат ғалымы Х.Педерсен. Ностратикалық тілдердің генетикалық туыстығы олардағы тегі бір түбір, аффикстік морфемалардан (жалпы саны 1000-дай) байқалады. Ностратикалық тілдерге біріккен 6 тіл семьясын тудырған ататілдерде неғұрлым тұрақты грамматикалық морфемалардың генетикалық жақындығы байқалған.
|
Достарыңызбен бөлісу: |