Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Тіл ғылымы байланыса алмайтын ғылым саласы



бет7/16
Дата29.04.2023
өлшемі60.4 Kb.
#473017
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
тбк дәрістер

10 Тіл ғылымы байланыса алмайтын ғылым саласы
А) Археология
В) Математика
С) Психология
D) География
Е) Аталған ғылым салаларының ішінде байланыспайтыны жоқ.

2

№ 8
дәріс

Фонетика, зерттеу нысаны. Фонетикалық процестер мен заңдылықтар
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен зандылықтары, процестер, сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық, перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім - фонология деп аталады. Фонема - тілдегі дыбыстық қатарды қүрайтын бірлік.фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX г. 70-80 жылдары жасаған.
Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін «сингармема» деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылығымен үйлес. Сингорманизм зандылыгын С. Мырзабеков көп зерттеді. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция, элизия және т.б. фонетикалық кұбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық кұбылыстар. инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Фраза деген


А) сөйлеудің темпі;
В) сөйлеудің үдемелілігі;
С) сөйлеудің әуені;
D) фразаның бір екпінге бағынған бөлшегі;
Е) ең ірі фонетикалық единица
2.Фонема дегеніміз
А) тілдегі лдыбыс жүйес;і
В) сөздер мен олардың дыбыстық формаларын ажырататын тілдік единица;
С) тіл дыбыстары;
D) тіл дыбыстарын зерттейтін сала;
Е) дауыссыз дыбыстар жүйесі.
3.Диссимиляция дегеніміз:
А) Сөз шеңберіндегі екі немесе одан да көп ұқсас дыбыстардың артикуляциясы;
В) тілдің грамматикалық ерекшелігі;
С) орфографиялық ерекшелік;
D) лексикалық ерекшелік;
Е) морфологиялық ерекшелік
4. Ассимиляция:
А) тілдік белгінің ұғымдық мазмұны;
В) тілдегі буынның ерекшеліктері;
С) тілдің даму барысында пайда болады;
D) мағыналық бірлік;
Е) сөздегі немесе сөйлемдегі тетелес келген дыбыстардың артикуляциялық үндесуі.
5. Сингармонизм:
А) морфологиялық бірлік ретіндегі сөздің вокалдық түрленуі;
В) тілдің негізгі бірлігі;
С) акустикалық тұрақты болатын дыбыс;
D) бір буындылық;
Е) тілдегі дыбыстар.
6. Фонологияның зерттейтін объектісі:
А) дыбыстардың жазылуын зерттейді;
В) тілдік дыбыстардың құрылысы мен қызметінде болатын заңдылықтарды зерттейді;
С) тіл дыбыстарын;
D) дыбыстың күшін зерттейді;
Е) дыбыстардың өзара әсерін зерттейді
7. Редукция
А) дыбыстардың әлсіреп көмескіленуі, соның нәтижесінде дыбыстың өзгеруі;
В) екпін түспеген буындағы дауыстылар;
С) сонор дыбыстардың арасындағы дауыстылар;
D) соңғы буындағы қысаң дауыстылар;
Е) дыбыстардың түсіріліп қалуы.
8. Конвергенция
А) фонетикалық заңдылықтар;
В) фонетикалық заңдылықтардың туыстас тілдерге ортақ түрі;
С) тілдердің фонетикалық жүйесіндегі дыбыстық өзгерістер;
D) тілдің тарихи даму барысында әр түрлі екі фонеманың бір фонеманың бойына сіңісіп,
ұласып кетуі;
Е) тілдің тарихи дамуы барысындағы дыбыстық өзгерістер.
9. Фонетиканың тіл дыбыстарын зерттеудің негізгі үш шарты:
А) тіл дыбыстарын фонологиялық, графикалық тұрғыда зерттейді;
В) тіл дыбыстарын жан-жақты зерттейді, әсіресе дауысты дыбыстардың жасалуын, мағыналарын зерттейді;
С) тіл дыбыстарын жасалу орнына (артикуляциясына), естілу қасиетіне (аккустикасына) және мағыналық сипатына қарай зерттейді;
D) тілдік дыбыстарды жазылуына, таңбаларына, мағынасына қарай зерттейді;
Е) дыбыстардың естілуін жан-жақты зерттеу.
10. Тіл дыбыстарын зерттейтін фонетикалық әдістер:
А) салыстырмалы, салғастырмалы, эксперименталды немесе инструменталды, әлеуметтік әдістер;
В) нструменталды әдіс;
С) байқап көру әдісі;
D) салыстырмалы әдіс;
Е) салғастырмалы әдіс.

2

№ 9
дәріс

Тілдің лексикалық жүйесі мен құрамы.

Лексикологияның зерттеу нысаны-сөздік құрам, яғни лексика. Лексика болмысты бейнелейді, қоғам мен тұрмыстағы өзгерістерге байланысты болатын жаңа затқа, кұбылысқа, ұғымға қатысты үнемі толықтырылып отырады. Лексикологияда зеріттеудің жалпы лингвистикалық тәсілдері қолданылады, олар: дистрибутивті тәсіл, субституция, компоненті-оппозитинті: трансформациялық тәсіл. Сапалық тәсілдермен бірге сандық-статистикалық тәсілдерде қолданылады. Лексикологияның салалары: ономасиология, семасиология, этимология, фразеология, лексикография. Сөз бен ұғым, сөз бен мағына, сөз бен зат. Сөз номинативті мағынаға ие. Жеке лексикология жалпы лексикологияның теориялық қағидаларына сүйене отырып, жеке тілдің лексикасын зерттейді. Осыған орай лексикология тарихи лексикология (диахрониялық), сипаттама (синхрондық) лексикология болып бөлінеді.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


1. Термин сөздің ең басты белгісі.
А) Интернационалдық сөз болуы;
В) Қоғамдық ғылымдарға қатысты болуы;
С) Өндіріс пен техникаға қатысты болуы;
D) Дара мағыналы болуы;
Е) Бірнеше мағынада жұмсалуы
2. Семосиология нені зерттейді.
А) Тілдегі сөздердің шығу тегін зерттейді;
В) Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейді;
С) Сөз мағынасының дамуын зерттейді;
D) Жер-су атауларын зерттейді;
Е) Кісі атауларын зерттейді.
3. Ономосиология нені зерттейді.
А) Тілдегі сөздердің шығу тегін зерттейді;
В) Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейді;
С) Сөз мағынасының дамуын зерттейді;
D) Жалқы есімдерді зерттейді;
Е) Кісі атауларын зерттейді.
4. Лексикологияның зерттейтін негізгі мәселелері:
А) сөздің грамматикалық мағынасын зерттейді;
В) белгілі бір тілдің тарихын зерттейді;
С) тілдің сөздік қоры мен сөз құрамын зерттейді;
D) фонетикалық зерттеулер;
Е) көмекші сөздерді зерттейді.
5. Кәсіби сөздер:
А) белгілі бір кәсіпке, қызмет түріне байланысты шаруашылық саласындағы сөздер;
В) архаизмдер;
С) терминдер;
D) неологизмдер;
Е) варваризмдер.
6. Диалектология нені зерттейді.
А) Тілдегі сөздердің шығу тегін зерттейді;
В) Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттейді;
С) Сөз мағынасының дамуын зерттейді;
D) Жер-су атауларын зерттейді;
Е) Кісі атауларын зерттейді.
7. Лексикологияның салалары:
А) грамматика, фонетика;
В) фразеология, этимология;
С) ономасиология, семасиология, этимология, фразеология, лексикография;
D) сингармонизм, семасиология;
Е) тек диалектология

2

№ 10
дәріс

Семасиология, нысаны.
Дәрістің қысқаша мазмұны:

Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді. Мағына түрлері.


Лексикалық мағына, грамматикалық мағынаға қоса: денотаттық, сигнификаттық, коннотаттық, парадигмалық, сингтагмалық т.б. мағына терминдері қалыптасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет