Тіл мен ойлау
1.Тіл мен ойлау процесінің қарым-қатынасы.
2.Тіл мен ойлаудың байланысы жөніндегі көзқарастар
3.Тіл мен ойлаудың байланысын зерттеу аспектілері.
Тіл-деген не, екеуінің байланысы тұрғысынан қарастырамыз.
Тіл мен ой-сананың өзара қарым-қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені философтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.
Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл – ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы менталингвистика деп аталады. Ол – экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді.
Тіл екі жақты құбылыс: оның бір жағы – сыртқы дыбыстық материалдық жағы да, екіншісі – ішкі мазмұндық, логикалық жағы.
-Тіл және ойлау – менталингвистика нысаны.
-ойлау, сана терминдерінің анықтамасы.
-тіл және ойлау мәселесін зерттеу бағыттары.
-тіл мен ойлау мәселесі және тілдік мағына, түрлері.
-зерттеу бағыттарынан туатын негізгі көзқаратар.
-тіл мен ойлаудың арақатынасы.
Адам баласын қоршаған шындықты төрт жүйеге бөліп қарастыру бар:
а) табиғат жүйесі;
ә) қоғам жүйесі;
б) ақыл-ес , сана жүйесі;
в) тіл жүйесі.
Осының ішінде ақыл-сана мен тіл жүйесі адам қоғамымен бірге пайда болып қалыптасты. Еңбек адамды адам етті, сонымен қатар оның санасын,тілінде қалыптастырды.Адам – ақыл ой – сана қабілетімен адам. Ал осы ой – сананың көрінісі тіл.
Тіл оймен, санамен қалай байланысады деген сұрақ ежелгі дәуірлерден ақ басталған көне тақырып саналады.Бұл мәселені философия, логика, психология, тіл ғылымдары зерттейді.
Ал тіл ғылымының сыртқы лингвистика саласы, атап айтқанда менталдық лингвистика ( металингвистика) саласы осы мәселемен айналысады, өйткені тілсіз адам әрекетін түсіну мүмкін емес.Сөйлеу, ойлау, адамға ғана тән қасиет.
Қазіргі тіл ғылымдағы антропроцентристік
Тіл мен ой-сананың өзара қарым-қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені философтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді.
Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл – ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Тіл мен ой-сананың арасындағы байланысты зерттейтін тіл білімінің саласы менталингвистика деп аталады. Ол – экстралингвистиканың бір саласы, екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын зерттейді.
Тіл мен ой-сананың өзара қарым-қатынасы жөніндегі мәселе – біздің дәуірден көп бұрын басталған көне тақырып. Қазір бұл мәселені философтар да, тіл ғалымдары да, логиктер де, психологтар да зерттейді. Бұл саладағы пікірлерді былайша топтауға болады:
1. Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері жоқ дейтін көзқарас. Бұл – менталистік бағыт деп аталады (неміс ғалымдары Шлейермахер, Гаман, 18-19 ғ.).
2. Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ, екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас (неміс ғалымы Бенеке, 19 ғ.).
3. Тілдің рөлін асыра бағалап, тіл мен ойлауды өте жақын деген көзқарас (неміс ғалымы Гумбольдт, фран. ғалымы Леви-Брюль, 18-19 ғ.).
4. Тіл мен ой-сана өзара тығыз байланысты, бірінсіз бірі өмір сүре алмайды. Бірақ бұлардағы бірлік абсолюттік, тепе-тең бірлік емес, әрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар дейтін көзқарас. Тіл мен ой-сананың арақатысы жөніндегі бірден-бір дұрыс шешім де осы соңғы бағыт деп есептеуге болады.
Тіл мен ой-сана арасындағы қарым-қатынас екі жақты: екеуінің де бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл – ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа шығаратын, басқаларға білдіретін, ой-сана табыстарын сақтап, оны кейінгі ұрпаққа жеткізетін құрал. Менталингвистика нысандары ішіндегі қиын да актуалды проблемалардың бірі – тіл мен ойлау арасындағы қарым-қатынас. Оның қиындығы – тіл мен ойлау табиғатының күрделілігінде, қарым-қатынастарының әр жақтылығында.
Достарыңызбен бөлісу: |