Жалпы сынып «Табиғат және еңбек күнтізбесімен жұмыс» бір айға немесе маусымға жасауға болады. 1. Өлі табиғатты бақылау. 2. Өсімдіктерді бақылау. 3. Жануарларды бақылау. 4. Адамдардың қалай еңбек ететінін бақылау. 3. Табиғи көрнекі құралдармен жұмыс.
Мұғалімдер бастауыш сыныптағы дүниетану сабақтарында табиғи көрнекі құралдарды (топырақ үлгілері, үлестірме материалдармен бірге пайдалы қазбалар жинағы, мәдени және жабайы өсімдіктер кеппешөптері, экскурсиядан әкелінген өсіп тұрған өсімдіктер, пайдалы және зиянды бунақденелілер жинағы, жануарлар тұлыбы және т.б.) кеңінен қолданады. Табиғи нәрселерді табиғи күйінде көрсететін осы құралдар дүниетану са-бақтарына қажетті де маңызды болып саналады, мектеп оқушылары олармен жұмыс істеуге ынтық болады және олар білім алуға жәрдемдеседі.
Мұғалім II сыныпта орманға топсаяхат (күзде, қыста, көктемде) жасау соңынан әдетте заттық сабақтар өткізеді. Жинақталған табиғи материалдар басқа көрнекі құралдармен бірге мұғалімнің табиғатты оқып үйренуге арналған сабақтарды дұрыс құрып, оқушыларға одан нақтылы білім беруге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |