Балалар күзгі топсаяхаттан кейін өсімдіктер бөліктерін оқып үйрене отырып, оларды өсіп тұрған шөптесін және бөлме өсімдіктерінен көрсетіп береді: емен, қайың, шырша және қарағайлардың жемістері мен тұқымдарын анықтап қарайды, жемістер мен тұқымдардың маңызын анықтап, олардың гүлден түзілгенін баса көрсетеді. Мектеп оқушылары қысқы топсаяхат соңынан заттық сабақта жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты өсімдіктердің бұтақшаларын анықтап қарап, олардың ерекшеліктерін біледі, шыршамен қарағайдың бірімен-бірінің ұқсастығын және айырмашылығын талдап түсінеді. Балалар көктемгі экскурсиядан соң өсіп тұрған шөптесін өсімдіктердің бөліктермен танысып, олардың ерте гүлдеу себебін дәлелдейді; тал, қайың, жаңғақ және басқа ағаштардың гүлдерін анықтап қарайды.

Мектеп оқушылары III сыныпта етістікке топсаяхат жасау соңынан заттық сабақта астық дақылды өсімдіктердің жеке кеппешөптерін (гербарий) анықтап қарай отырып, масақ, шашақ собықтарымен танысады, сөйтіп бұдан соң оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Мұғалімнің II сыныпта өсімдік бөліктерін оқып үйрену кезінде сабаққа жеміс өсімдіктерін әкелуіне болады. Оқушылар жемістердің әрқайсысысын жеке анықтап қарай отырып, адам өсімдіктің қай бөлігін тағамға пайдаланатынына көрнекі түрде көз жеткізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |