3. Несенті микроскопиялық жолмен зерттеу.
Несепті микроскопиялық жолмен тексергенде несеп құрамындағы қан түйіршіктері; эритроцитгер, лейкоциттер, цилиндрлер, эпителий жасушалары, тұз кристалдары тексеріледі.
Қалыпты жағдайда сау адам несебінде эритроцит бірен саран кездеседі. Несепте эритроциттердің мөлшерден артық болуы гематурия деп аталады. Гематурия пайда болу механизіміне қарай екіге бөлінеді; бүйрекке байланысты гематурия, бүйректен тыс гематурия. Бүйрекке байланысты гематурияның себептері: өткір жэне соз. нефрит, пиелонефрит, бүйрек ісігі, бүйрек туберкулезі, бүйрек инфаркты, бүйрек поликистозы. Бүйректен тыс гематурия қуық ісігі мен туберкулезінде, қуық асты бездерінің ауруларында, геморрагиялық диетездерде кездеседі.
Егер несепте қанның (эритроцит ) бар екені көзге көрініп тұрса, оны макрогематурия деп атайды. Макрогематурияны 1 л несепке 1 мл қан араластырып көруге болады. Макрогематурия бүйрек және қуық ісігінде, бүйрек инфарктынде, несеп тасы ауруынада, өткір нефритте байқалады. Макрогематурияның көзін табу үшін 3 ыдысты сынаматәсілі немесе Ядоссон әдісі қолданады. Науқас несепті 3 ыдысқа бөліп отырады. Егер гематурия бірінші ыдыстағы несепте болса, онда гематурияның пайда болу көзі уретрада, егер екінші ыдыста болса, гематурия көзі қуық, үшінші ыдыста болса, гематурияның пайда болу көзі жоғарғы несеп жолдары яғни бүйрек.
Микроскоппен қарағанда анықталатын гематуриямикрогематурия деп аталады. Микрогематурияның физиологиялық немесе патологиялық екенін анықтау үшін Нечипоренко әдісі қолданылады, әдіс көмегімен 1 мл несептегі эритроцит пен лейкоцит мөлшері саналады. Қалыпты жағдайда 1 мл несепте эритроцит 1000, лейкоцит 4000, цилиндрлер 250 немесе 0-1 4 камераға санағанда жоғары болмауы керек. Аталған көрсеткіштен жоғары болса патология болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |