Лейкоциттерді анықтау.
Микроскоппен тексергенде қарау алаңында қалыпты жағдайда лейкоцит 2 -3, ал Ю.Ю. Елисеев бойынша 6-8 болады. Лейкоциттің несепте көбеюі лейкоцитурия деп аталады, ірің болуы пиурия деп аталады. Лейкоцитурияның шынайы және жалған түрлері болады. Шынайы лейкоцитурия бүйрек және несеп жолдарының қабынуында мысалы; пиелонефрит, цистит, уретритте байқалады. Жалған лейкоцитурия лейкоциттердің еркектерде простатадан, әйелдерде сыртқы жыныс мүшесінен қосылғанда болады. Лейкоцитурияның көзін анықтау үшін Томпсонның үш стаканды сынама тәсілі қолданады. Диагностикалық маңызы гематуриядағымен бірдей.
Цилиндрлер - белоктан және несептегі басқа элеменггерден құрылған бүйрек өзекшелерінің таңбасы. Цилиндрлердің несеппен бірге көп бөлінуі цилиндрурия деп аталады. Цилиндрлер түрлері; гиалин цилиндрі, эпителий цилиндрі (эпителий цилиндрінің қатарына түйіршік, балауыз цилиндрі жатады), қан цилиндрі. Несепте гиалин цилиндрінің көп болуы өткір нефрит пен нефрозда кездеседі. Эпителий және түйіршік цилиндр бүйрек паренхимасының зақымданғанын көрсетеді. Балауыз цилиндр созылмалы бүйрек ауруларында кездеседі. Зерттеу үшін Нечипоренко және Аддис -Каковский сынамалы тәсілі қолданады. Аддис Каковский әдісі бойынша тәуліктік несептегі эритроцит саны 1 млн-ғадейін, лейкоцит 2 млн-ға дейін, гиалин цилиндрінің саны 20000 дейін шамада болады. Екі тәсіл бойынша несепте лейкоцитурияның басым болуы пиелонефритке, гематурияның басым болуыгломерулонефритке тән симптом.
Эпителий жасушалары.
Несеп тұнбасында эпителий жасушаларының 2 түрі болады: жайпақ және ауыспалы эпителий жасушалары. Несепке жайпақ эпителий жасушалары сыртқы жыныс мүшелерінен немесе үрпіден келіп түседі. Ауыспалы эпителий жасушалары несеп жолдарының шырышты қабығынан келіп түседі (пиелит, цистит). Несепте бүйрек өзекшелері эпителиінің жасушалары бүйректің өткір немесе созылмалы ауруларында, қызбада, уланғанда жұқпалы ауруларда пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |