Дәріс тақырыбы: Зертханалық зерттеу әдістері: қан, нәжіс,қақырық, несеп,плевра сұйықтығы. Жоспар



бет22/23
Дата29.01.2022
өлшемі88.08 Kb.
#454937
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Зертханалық зерттеу әдістері!

Қақырықты микроскопиялық зерттеу.

Зертханаға әкелінген қақырықты Петри табақшасына құйып, одан шпатель көмегімен керекті мөлшері алынып, микроскоппен зерттегенде қақырық құрамындағы жалпы микрофлора, Кох бацилласы, гранулоциттер, эритроциттер, эпителий, эластик талшықтар, фибрин, гемотоидин және холестерин кристалдары, ісік ,т.б. патологиялық жасушаларды анықтау жүргізіледі. Қақырықтағы негізгі морфологиялық элементтер.

Панненгейм және Романовский әдісімен дайындалған препараттарда эозинофильдер мен Шарко-Лейден кристалдарының мөлшерден артық табылуы брон демікпесі мен эхинококк ауруында, эритроциттердің табылуы туберкулез, актиномикоз, бронхоэктазия ауруы, өкпе обыры, мерезде ауруында, лейкоцитердің кебеюі іріңді процесстерде, эластик талшықтардың көбеюі қабыну процестері немесе қатерлі ісіктерде(туберкулез, өкпе абсцесі мен өкпе обыры), Куршман спиралдары бронхиттерде, бронх демікпесінде, фибриннің анықталуы қабыну процесстерінде, гематоидин кристалдары өкпе абсцесі мен өкпе гангренасында, холестерин кристалдары қатерлі ісікте, өкпе абсцесі мен эхинококкта кездеседі, күріш келемді түйіршіктер созылмалы туберкулезді каверналарда кездеседі, «Эрлих Тетрадасы» - қатайған эластик талшықтар, бөлшектер, холестерин кристалдары, туберкулез бацилласы - туберкулез ауруында кездеседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет