Дәріс тақырыбы: Зертханалық зерттеу әдістері: қан, нәжіс,қақырық, несеп,плевра сұйықтығы. Жоспар



бет10/23
Дата29.01.2022
өлшемі88.08 Kb.
#454937
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Зертханалық зерттеу әдістері!

Несептің салыстырмалы тығыздығы.

Несептің салыстырмалы тығыздығының маңызы өте үлкен, себебі ол несепте еріген заттардың мысалы- мочевина, несеп қышқылы, т.б. заттардың концентрациясы туралы мәлімет береді және бүйректің концентрациялау, еріту қызметінің көрсеткіші болып табылады. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалы тығыздығы 1.010 - 1.028 аралығында болады және оны урометрмен өлшейді. Несептің салыстырмалы тығыздығы несептің мөлшеріне байланысты өзгереді, полиурия кезінде азаяды, олигурия кезінде керісінше көбейеді. Несептің салыстырмалы салмағының көбеюі қант диабеті ауруына тән симптом. Несептің салыстырмалы тығыздығы көптеген факторларға байланысты болғандықтан, бүйрек қызметінің жағдайын тексеру үшін функциональды жанама әдістердің бірі Зимницкийдің сынама әдісін қолданады. Зимницкий әдісі көмегімен тәуліктік диурезді 8 рет бөліп (4 рет күндіз, 4 рет түнде) жинап, әр порцияның көлемі мен салыстырмалы тығыздығын, тәулік ішіндегі несептің салмағыныңөзгерісін анықтайды. Қалыпты жағдайда несептің салыстырмалысалмағы 8 порцияның кез келгенінің бірінде 1016болуы тиіс. Несептің меншікті салмағының азаюы - гипостенурия, монотонды біркелкі болуы изостенурия, меншікті салмағының біркелкі, әрі төмен болуы гипоизостенурия деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет