Несеп реакциясы қалыпты жағдайда қышқылды немесе әлсіз қышқылды, РН 4,5 - 8,4 арасында, орта есеппен РН 6,0 тең. Несеп қышқылдығы қант диабетінде, туберкулезде, бүйрек шамасыздығында, ацидоз, алкалозда көбейеді. Несеп реакциясының сілтілі болуы тоқтаусыз қуықта, несеп жолдарының созылмалы инфекциялық ауруында жэне тағам кұрамында көкөністер көбірек болса байқалады.
Несеп құрамындағы белокты анықтау.
Тәжірибелік тұрғыдан алғанда несепте белок болмауы керек деп есептелінеді. Несепте белоктың пайда болуы протеинурия деп аталады. Протеинурия физиологиялық жэне патологиялық болады. Сау адамда белок мөлшері өте аз болады, бұл өткінші физиологиялық протеинурия болып табылады және ол физикалық жұмыстан кейін, салқын тигенде, вертикаль қалыпта ұзақ тұрғанда, көп жүргенде, жүктіліктің бірінші жартысында байқалады. Физиологиялық протеинурия бүйректе қан іркілісіне байланысты пайда болады. Патологиялық протеинурияның бүйректік және бүйректен тыс себепке байланысты түрлері болады.
Бүйректік патологиялық протеинурия; өткір, созылмалы нефритте, нефрозда, нефросклерозда, амилоидозда кездеседі, ал бүйректен тыс себепке байланысты протеинурия несеп жолдары мен жыныс жолдарының қабынуында кездеседі.